«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет65/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   208
Байланысты:
6-2018

Key words: natural science, curriculum, scientific activities 
 
Қазіргі  кезеңде  оқушының  өз  бетімен  білімге  ие  болу  барысында  оның  белсенді  іс- 
әрекетін  ұйымдастыру  оқу  үдерісіне  қойылатын  негізгі  талаптардың  бірі  болып  табылады. 
Бұл  тәсілдеме  пәндік  білімді,  әлеуметтік  және  коммуникативтік  дағдыларды  ғана  емес, 
сонымен  бірге  өзінің  жеке  мүдделері  мен  болашағын  сезінуге,  сындарлы  шешімдер 
қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен 
бірлесіп  шығармашылықпен  айналысу  және  серіктес,  кеңесші  ретінде  мұғалімнің  қолдауы 
кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.  
Тұлғалық-бағдарлық  білім  беруді  осындай  сипатта  жақсарту  білім  беру  үдерісіне 
барлық  қатысушылардың  өзара  қарым-қатынасында  өктемшілікке  жол  бермей, 
ынтымақтастығы  үшін  алғышарттарды  құрайтын  оқытудың  алуан  түрлі  интерактивті 
әдістерін  қолдану  кезінде  мүмкін.  Диалогтік  және  рефлексивті  технологияларды  қолдану 
оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Оқу үдерісін 
ұйымдастырудың  барлық  инновациялық  тәсілдемелері  оқытуды  білім,  идеялар  және  іс-
әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық 
үдерісіндегі  қарым-қатынас  моделіне  айналдырады.  Нақты  пәннің  оқу  бағдарламасы 
жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға 
бағытталған  оқу-жобалау  іс-әрекеттерін  ұйымдастыру  арқылы  танымдық  және  әлеуметтік 
тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. 
Әр пәнде үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп 
қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және 
ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. 
Тіл  үйретудің  негізі  болып  табылатын  коммуникативтік  тәсілдеме  әрбір  оқу  пәнінің 
түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін 
дұрыс қолдану сияқты әдіс- тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың 
жетекші қағидаты ретінде қарастырылады. 
Пән  мазмұнын  меңгеруде  қол  жеткізу  үдерісінде  оқушылардың  ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру 


 
50 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет