«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет66/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   208
 
 
 
 
және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен 
қосымшаларды  кең  ауқымда  қолдану  арқылы  өз  жұмысын  бағалау  және  жетілдіру  сияқты 
қолдану  дағдыларын  дамыту  үшін  алғышарттар/жағдайлар  жасау  керек.  Оқу 
бағдарламасында  оқу  пәнінің  мазмұнын  анықтаудың  негізі  болып  табылатын  оқыту 
мақсаттарының  жүйесі  түрінде  ұсынылған  күтілетін  нәтижелері  қалыптастырылған. 
Мазмұны  тұрғысынан  оқу  бағдарламалары  оқушыны  өзін-өзі  оқыту  субьектісі  және 
тұлғааралық  қарым-қатынас  субьектісі  ретінде  тәрбиелеуде  нақты  оқу  пәнінің  қосатын 
үлесін айқындайды.  
Оқу  бағдарламалары  білім  беру  құндылықтарының  өзара  байланысы  мен  өзара 
шарттылығына  негізделген  тәрбиелеу  мен  оқытудың  біртұтастығы  қағидатын  және  нақты 
пәнді  оқыту  мақсаттарының  жүйесі  бар  мектепті  бітіргеннен  кейінгі  нәтижелерін  іске 
асыруға  мүмкіндік  береді.  Оқу  бағдарламаларының  тек  пәндік  білім  мен  білікке  ғана  емес, 
сонымен  қатар  кең  ауқымды  дағдылардың  қалыптасуына  бағыттылғаны  оның  ерекше 
өзгешелігі болып табылады. 
Жаратылыстануда  білімді  функционалдық  және  шығармашылық  қолдану,  сын 
тұрғысынан 
ойлау, 
зерттеу 
жұмыстарын 
жүргізу, 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды  пайдалану,  қарым-  қатынас  жасаудың  түрлі  тәсілдерін  қолдану,  топпен 
және  жеке  дара  жұмыс  істей  алу,  мәселелерді  шешу  және  шешімдер  қабылдау  сияқты  кең 
ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі 
білім  алу  тәжірибесінде  де,  келешекте  мектепті  бітіргеннен  кейін  де  жетістігінің  кепілі 
болып табылады.  
Экономикадағы  заманауи  инновациялар,  еңбек  нарығындағы  өзгерістер  оқушылардың 
күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, 
идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея 
мен  ақпаратты  жинақтау  үшін  шығармашылық  қолдануға  мүмкіндік  беретін  дағдылар 
жиынтығын  меңгеру  қажеттілігіне  себепші  болады.  Жігерлілік,  алғырлық,  өзгерістерге 
дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр. 
Нақты пән бойынша күнделікті білім беру оқушылардың меңгерген білім, білік және 
дағдыларын  кез  келген  оқу  үдерісінде  және  өмір  жағдаяттарында  шығармашылықпен 
пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға 
бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.  
Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық патриотизм 
мен  азаматтық  жауапкершілік»,  «құрмет»,  «ынтымақтастық»,  «еңбек  пен  шығармашылық», 
«ашықтық»,  «өмір  бойы  білім  алу»  сияқты  білім  берудің  басты  құндылықтарына  оқушыларды 
дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тәртібі мен күнделікті іс-
әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс. 
Жаратылыстану  пәнінің  негізгі  мазмұны –  оқушы  білімді  дайын  күйінде  алмай,  оны  өзі 
өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді 
және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білімдердің, біліктердің, оқып-
үйрену  және  кең  ауқымды  дағдылардың  белсенді  әрі  сәтті  қалыптасуын  қамтамасыз 
етеді.Оқушылардың  оқу  әрекеттері  келесі  басты  санаттар  бойынша  топтастырылған:  «біледі», 
«түсінеді», «талдайды», «бағалайды», «синтездейді». 
Жаратылыстану  пәнінің  ерекшелігі –  оқушының  немесе  оқушылар  тобының  ғылыми-
зерттеушілік,  шығармашылық  немесе  практикалық  сипаттағы  проблемаларды  шешу  жөніндегі 
нәтижелерге  қол  жеткізу  үшін  бағытталған.  Оқу  бөлімдері  әрі  қарай  жинақталған  білім,  түсінік 
және  дағдыларды  қалыптастыру  мақсаттарын  көздейтін  бөлімшелерден  тұрады.  Әр  бөлімше 
ішінде  дәйектілікпен  ұйымдастырылған  оқу  мақсаттары  мұғалімдерге  өз  жұмысын  жоспарлауға 
және оқушылар жетістігін бағалауға бағытталған. 
«Жаратылыстану» оқу  пәнінің  «ортақ  тақырыптарының»  мазмұны  оқушының  жақын 
аймағынан,  яғни  оның  өз  іс-әрекетімен  тікелей  байланысты  тақырыптарды  оқудан  басталады. 
Алты-жеті  жастағы  балалар  өз  ойын  білдіруге,  оқу  мазмұны  бойынша  сұрақ  қоюға,  сұрақтарға 
жауап іздеуге үйренуі тиіс.  


 
51 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Осы  пәнді  оқу  арқылы  оқушылар  зерттеушілер  дегеніміздің  белгілі  бір  ғылым 
саласын зерттейтін мамандар екенін түсінеді. Зерттеушілер қоршаған әлемнің үдерістері мен 
құбылыстарын, олардың табиғатын жақсы түсіну үшін зерттеу жүргізеді. 
Жаратылыстану  бағытында  білім  беру  кіші  мектеп  жасындағыларда  табиғи 
білімқұмарлықтың  дамуына,  әлем  жайлы  ой-өрістің  кеңеюіне,  ғылыми  ұғынудың  және 
қоршаған әлемді тұтастай қабылдаудың дамуына, қоршаған әлемді қорғау және бағалай білу 
біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.  
Бастауыш  мектепте  оқушыларға  «Жаратылыстану»  пәнін  оқу  және  меңгеру 
келесілерді түсінуге мүмкіндік береді: 
 -  қоршаған  әлемнің  күрделілігі  мен  көп  қырлылығын,  сондай-ақ  табиғи  құбылыстар 
мен үрдістердің өзара байланысын; 
 -  өлі  және  тірі  табиғатта  болып  жатқан  кейбір  табиғи  құбылыстар  мен  үрдістердің 
себептерін;  
- жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін 
маңыздылығын. 
Атаулы  пәнді  оқу  қоршаған  әлемнің  түрлі  құбылыстары  мен  нысандары  жайлы 
білімнің  жинақталуына  және  күнделікті  өмірде  алуан  түрлі  практикалық  және  зерттеу 
әрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына көмектеседі. 
Бастауыш  мектепте  «Жаратылыстану»  пәнін  оқыту  зерттеу,  ойлау,  коммуникативтік 
дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:  
- гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименталды берілулер 
негізінде қорытынды жасау;  
-  мәселені  анықтау,  сұрақтарды  дұрыс  алу,  зерттеу  жұмысының  жоспарын  құру, 
бақылау,  эксперимент  жүргізу,  зерттеу  жұмсысының  нәтижесін  бағалау  және  сипаттау
пайымдау, қорытынды шығару
 -  БАҚ  хабарламалары  мазмұнындағы,  Ғаламтор  ресурстарындағы,  ғылыми-көпшілік 
әдебиеттердегі  жаратылыстану  бағытындағы  ақпараттармен  жұмыс:  іздеу  әдістерін  игеру, 
ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;  
-  өлі  және  тірі  табиғаттағы  үрдістердің  сипатын,  экожүйе  компоненттерінің  өзара 
байланысын,  адам  әрекетінің  қоршаған  ортаға  қалай  ықпал  ететінін  ашуға  көмектесетін 
қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;  
- өзіндік қарапайым зерттеулер қорытындыларын түрлі формада ұсыну;  
-  жаратылыстану  ғылымы  бағытындағы  маңызды  жетістіктердің  қолданбалы  мәнін 
түсіндіру. 
«Жаратылыстану»  пәнін  оқытудың  мақсаты  негізгі  мектептегі  «Биология», 
«География»,  «Химия»,  «Физика»  пәндерін  зерделеу  негізін  қалауға,  алған  білімдерін 
күнделікті  өмірде  (үйде,  мектепте,  табиғат  әлемінде)  кездесетін  табиғат  құбылыстары  мен 
үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.  
Пән бағдарламасы келесі міндеттерді шешуді көздейді:  
-  әлемнің  қазіргі  заманғы  жаратылыстану  ғылымы  тұрғысынан  қалыптасқан  бейнесі 
мен  жаратылыстану  ғылымдарының  әдістері  туралы  білім  негіздерін  қалыптастыру; 
жаратылыстанудың  техника  мен  технология  дамуына  елеулі  ықпал  еткен  маңызды 
идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру
- қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру, БАҚ, интернет ресурстары, арнайы және 
ғылыми-көпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік 
маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау біліктіліктерін қалыптастыру;  
-  зияткерлік,  шығармашылық  қабілеттерді,  сын  тұрғысынан  ойлау  қабілетін 
қарапайым  зерттеулер,  құбылыстарды  талдау,  жаратылыстану  ғылымдық  ақпаратты 
қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;  
-  табиғат  заңдарын  тану  және  жаратылыстану  ғылымдарының  жетістіктерін 
өркениеттің  дамуы  мен  өмір  сапасын  жақсарту  үшін  пайдалану  мүмкіндігіне  сенімділікті 
тәрбиелеу;  


 
52 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет