«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет83/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   208
 
 
 
 
Ақырында  қыз  жүрегі  жеңіледі.  Күйшіге  астына  ат  мінгізіп,  еліне  қайтарады.  Еліне 
келгенде Күйші шабыттанып, «Азат» деген күйді шертеді.         
Ілияс  Жансүгіровтің осы «Күйші» поэмасы кең тынысты, асқақ әуенді, қатыгездік пен 
зұлымдықты    өнер  арқылы  жеңе    білген  қазақ  әдебиетіндегі  қайталанбас  ірі  де  көркем 
туынды. Мұнда негізгі сюжетпен қоса, Қарашаш пен Күйші  арасындағы терең психолгизм, 
адам сезімдерінің шарпысулары  ақынның шалқар шабытына, шексіз фантазиясына, табиғи 
ағысына барынша ерік берілгені айқын аңғарылады.  
Қарашаш – «Күйші» поэмасындағы басты кейіпкердің бірі. Автордың түпкі ой қазығы 
бойынша,  ол  –  ұнамсыз  тұлға.  Солай  бола  тұрса  да,  оның  кейбір  адамдық  қасиеттерін  де 
ақын  жарқыратып  алға  жайып  салған.  Ол  алған  беттен  таймайтын,  орта  жолда  бөгеліп 
қалмайтын,  алдына  қойған  мақсатын  орындамай  тынбайтын,  қайратты,  кесек  мінезді  тұтас 
характер.  Ол  мәмілеге  келуді,  шегінуді  білмейтін  өр  тұлға  ретінде  есте  қалады.  Қарашаш 
ақылсыз әумесер де емес. Ашумен қатар ақылы да бар.   
Қарашаш  -  әр  алуан  сыр-сипатымен  терең  бейнеленген  күрделі  кейіпкер.  Ол  тарихи 
тақырыпқа жазылған поэмалардағы дараланған типтің бірі.  
Поэмада  күйші  жігіт  жөнінде  онша  көп  мәлімет  жоқ.  Кедей  екені,  шешесі  бар  екені 
айтылады. Ақын оның портретін, мінездемесін бере қойған жоқ. Бізге дейінгі зерттеушілер 
айтып  жүргендей,  поэмадағы  күйші  жігіт  екі  түрлі  сыр-сипатымен,  яғни  өнерпаздығымен 
көзге түседі. Ал, хан феодалдарының құлдық бұғауынан босатуға ұмтылу, рухани байлықты 
жасау – халықтық қадір-қасиет үйсін күйші жігіт арқылы көрінеді.  
Күйші  жігіт  өмірінің  нақтылы  көріністерін,  сезім  күйін,  арман  дүниесінің  бұралаң-
қалтарыстарынан нәзік те әсерлі тіл бояуларымен суреттеу арқылы халық өкілінің әп-әдемі 
бейнесін ақынның мүсіндеп бергені  – поэмадағы елеулі көркемдік жетістік. Оның ең басты 
қасиеті  бойына  жинаған  асқан  халықтық  дарыны  -  өнерпаздығы.  Шығарманың  «Күйші» 
атануы да осы бір  өзекті сарынмен тікелей байланысты. 
Күйші  жігіт  басында  оянған  махаббат  сезімін  де  ақын  келістіре  толғайды.  Жалпы 
жастық, махаббат деген үлкен рухани күш. Ол адамды шабыттандырады, қанат бітіріп, көкке 
ұшырады.  Бойға  бұрқыраған  жігер-күш  беріп,  тау  қопартады.  Адам  санасын  нұрландырып, 
мол жарыққа кенеледі. Қарашашқа ынтыққан поэмадағы күйші жігіт халі осындай. Бұрынғы 
өзі  тартып  жүрген    тоқсан  түрлі    күйді  қоя  тұрып,  шабыт  қанатына  мінген  өнерпаз  өз 
жүрегінің жаңа күйін – махаббат күйін төгеді.  
Поэмадағы  күйші  жігіт  –  есте  қаларлықтай  кесек  тұлға.  Ақын  оның  асқан 
өнерпаздығын,  өміріндегі  бұралаңы  бар  күрделі  сәттерді  құлпырта  сөз  бояуларымен  айқын 
суреттеп  берген.  Домбырадағы  тоқсан  құбылған  құдіретті  күйдің    адам  сезімдерімен  
ұштасқан  кейде  реалистік,  кейде  романтикалық  кейпін,  өрісін  ақын  өрен  шабытпен  өлең 
өрнегіне шебер түсірген. Күйші жігіттің барлық қадір–қасиеті – халықтың бойындағы асыл 
мінез, қадір-қасиеттердің жарқын көріністері. Бұл шығарманың бүкіл рухынан көрініп тұр.                            
Поэмада адамдар тұлғасы нақтылы сипатталған. Бірі ұнамды, бірі ұнамсыз дегендей. 
Поэманы оқығанда есте қалып қоятын кейіпкердің бірі  - хан Кенесары Қасымов. Кенесары – 
тарихи  шындыққа  сәйкес,  өзінің  зұлымдығымен,  жауыздығымен  айқын  көрінеді.  Бұл 
жөнінде  акаемик    Қажым  Жұмалиев:  «Ақын  сөз  арасына,  кейбір  ғана  қысқаша  сурет, 
баяндау, репликалар арқылы, Кененің жексұрындық мінез-құлық әрекеттері де шеберлікпен 
көрсетеді.  ...Жауыздық,  қара  жүректілік,  менмендік,  қара  халықты  менсінбей,  оларға 
тәкаппарлықпен қараушылық бәрін бір-екі  шумақпен-ақ  ақын түйіп берген  емес пе?»  - деп 
поэмадағы Кенесары бейнесі жөнінде дәл топшылау жасады.  
 «Біржан  мен  Сара»  айтысы  алғаш  цензураға  1897  жылы  2  желтоқсанда  Петербург 
қаласынан  рұқсат  берілген.  Айтыс  баспадан  екі  мәрте  шыққан.  Біріншісін  халық  әдебиетін 
жинаушы Жүсіпбек қожа Шайыхисламов бастырған.  Жүсіпбек қожа Шайхысламұлы «өзім 
Сарадан жазып алдым» деп 1898 жылы ағайынды Мұхамеджан мен Шәріпжан Кәримовтың 
Қазан қаласындағы жекеменшік баспаханасынан шығарады.  
Айтыс  мәтінінің  алғашқы  бетіндегі:  «Мұны  айтқан  әлқисса  Жүсіпбек  қожаға  Сара 
қыздың  Біржанмен  айтысқанын  қыздың  өз  аузынан  осылай  деп,  бастан  аяқ  баян  қылғаны 


 
69 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
айтыстың  келер  жылында»,  -  деген  сөздерге  сүйеніп,  авторы  Жүсіпбек  қожа  дейді.  Ал 
баспадан 1898, 1900 жылдары шыққан айтыс мәтінінде мұндай сөздер мүлде жоқ. 
Енді осы Жүсіпбекке жеке тоқталсақ, мынадай қызғылықты фактілерге ұшырасымыз. 
Сараның аты Жүсіпбек қожаның құлағына жетіп, 1896 жылы Сараны іздеп келіп, айтысты өз 
аузынан  жазып  алады.Ілиястың  «Күйші»  деген  поэмасындағы  Кенесарының  қарындасы 
Қарашаш болғандықтан, Ұлы жүз нағашы жұртым деп, жиі келетін. Ілиястың поэмасындағы 
Кенесары  ханның  Арқадан  Алатауға  ауған  жылында  Жалайырдың  ішіндегі  дулаттардың 
ортасында  отырып,  қарындасы  Қарашашты  Шайхыұлы  Исламға  ұзатып  кеткен.Шайхыұлы 
Ислам  арға  атасы  араб  нәсілді  қожа  да,  Қарашаш  болса  қазақ  қызы.Сол  себептен, 
Қарашаштан туған Жүсіпбек қазақтарды, солардың ішінде Ұлы жүз руларын нағашым деп, 
қазақтар оны Жиенқожа деп атаған.  
 «Күйші»  поэмасының  қозғайтын  негізгі  мәселесі  қазақ  халық  күйлерінің  –  күй 
өнерінің  ғажайып  сыр-сипатын,  қоғам,  адам  өміріндегі  ерекше  рөлін  көрсету  десе  де 
болғандай.  Міне,  осы  бір  халықтың  рухани  байлығын  тіл  өнерімен  әсерлі  толғаған  ақын 
поэмасында  сол  құдіретті  өнерді  жасаушы  авторын  да  үнемі  есте  ұстап  отырады.  Ақын 
ғасырлар  бойы  жасалған  рухани  байлық  –  күй  өнерін  жасаушы  халық,  халықтың  дана 
дарыны  деп  дұрыс  түсінеді  де,  сол  халықтың  нақтлы  өкілі  ретінде  үйсін  руынан  шыққан 
күйші жігітті алады. Күйші жігіт те поэманың орталық кейіпкері. Ұнамды кейіпкер.  
Ілияс  Жансүгіровтің  «Күйші»  поэмасының  көркемдік  сапасы  аса  жоғары.  Сонымен 
қатар,  идеялық  мазмұны  да  терең.  «Күйші»  кезінде  де,  кейін  де  идеялық  қадір-қасиетімен 
жарқырап көзге түседі. Қазақ поэмаларының тарихындағы аса көрнекті туынды ретінде бүкіл 
жұршылыққа кеңінен танылған, оның халықтық шығарма – асыл рухани байлық екені хақ.  
Сондықтан  да,  «Күйші»  поэмасы  Ілияс  талантының  шарықтаған  шағының  тамаша 
туындысы.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет