«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет81/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   208
Байланысты:
6-2018

 
 
 
 
Көптеген  шаралар,  жүйелі  жұмыстарымен  елдің  ықыласына  бөленген  Ілияс 
Жансүгіровтің  әдеби  музейі  2017  жылы  Алматы  облысы  әкімдігінің  «Үздік  музей» 
номинациясының жеңімпазы атанды. 
Тағы бір сүйінші хабар. Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін 
қолжазбалар қорынан  белгісіз себептермен осы уақытқа дейін жинақтарға енгізілмей қалған 
І.Жансүгіровтің  «Қуат»  поэмасы  мен  «Бақытты  Жамал»  әңгімесі  табылып,  оны  латын 
қарпінен  І.Жансүгіров  әдеби  музейінің  қызметкері  Оразбаева  Айжан  Алтайқызы 
кириллицаға түсіріп, бұл еңбек «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрді. 
Өздеріңізге  белгілі    келесі  2019  жылы  ақынның  туғанына  125  жыл  тойлаймыз. 
Мерейтой  қарсаңында  үстіміздегі  жылы  біз  Талдықорған  қаласында  үлкен  облыстық  жыр 
мүшәйрасын  өткіздік.  Оған  облысымыздың  аудандары  мен  қалаларынан  келген  жастар 
қатысып, өздерінің Ілиясқа арнаған арнауларын арнап,  өнерлерін паш етті.  
Халқымызда «Бір адамның батылдығы мың адамға  жол  салған,  бір адамның батырлығы 
тұтас  халықтың  атын    шығарған»    -    деген    дана    сөз    бар.  Ілияс  Жансүгіров  небәрі  44  жас 
өмірінің 20-дан астам жылын шығармашылыққа арнаған жан. Ол аз  уақыттың ішінде артында 
өшпес  із  қалдырды.  Талайды  жылатқан,  мұңайтқан,  ойландырған  Құлагерді  қалдырды.  Өнер 
иесінің  өмірін  өлеңмен  әрледі,  өз  заманын  кейінгі  ұрпақтың  көруіне  мүмкіншілік  берді. 
Ұрпағына  ұмытпас  ұлы  мұра  сыйлады.  Ақынның    «Құлагер»  поэмасын  неміс  тіліне  аударған 
неміс  жазушысы:  «Мен  «Құлагерді»      қазақтардан  қызғанамын»  дегені  -  бұл  біздің  асыл 
ақынымызды қазақтар ғана емес, әлем мойындағандығының тағы бір дәлелі.    
Қазақстанымыздың  халқы  аман,  қасиетті  жері  бүтін  болсын.  Мемлекетіміз  берік, 
бірлігіміз берекеге, әр күніміз мерекеге ұласа берсін ағайын! 
 
 
ӘОЖ 821.512.122.0(031) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет