«жансугуровские чтения»


ІЛИЯСТЫҢ ТАРИХИ-ЭПИКАЛЫҚ «КҮЙШІ» ПОЭМАСЫНДАҒЫ РЕАЛИСТІК



Pdf көрінісі
бет82/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   208
Байланысты:
6-2018

 
ІЛИЯСТЫҢ ТАРИХИ-ЭПИКАЛЫҚ «КҮЙШІ» ПОЭМАСЫНДАҒЫ РЕАЛИСТІК 
БЕЙНЕ МЕН  КӨРКЕМДІК  ШЕШІМ 
 
Иманғазинов М.М.
1
, ф.ғ.д., профессор, Жеңісқызы Ш.
1
 , магистрант 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
1
, Талдықорған қ. 
 
Е-mail: imangazinov_muratbek@mail.ru 
 
Мақалда  айтылатын  негізгі  мәселе,  Ілияс  Жансүгіровтің  поэмасындағы  тарихи 
шындық  пен  көркемдік  жайы  баяндалады.  Сонымен  қатар,  поэманың  жазылу  мәселесімен 
қатар, философия, ғибраты мол сюжетттік туындылар, оларды талдау мен анализ жасау 
қамтылған. 
Кілт сөздер: Күйші, Қарашаш, Халық, Сапақ, Кенесары 
 
В статье отражены основные сюжеты поэмы Ильяса Жансугурова о возникновений 
произведении, также необходимые краткие сюжетные исторические факты, философия и 
их анализы героев.  
 
In  the  article  the  basic  treatises  of  mystifications  and  didactic  ideas  of  our  ancestors  are 
reflected about education, also necessary short with a plot works, philosophy and their analyses for 
a height and correct education of rising generation. 
 
Ілиястың 1934 жылы жазылған «Күйші» поэмасы қазақтың эпикалық поэзиясындағы 
елеулі  құбылыс  болды.  «Күй»  ақынның  поэма  жанрындағы  өнер  тақырыбын  қозғауының 
басы,  әдемі  бастамасы  болса,  «Күйші»  соның  сатылы,  заңды  жалғасы  еді.  «Күйшіде»  ақын 
өнер  тақырыбын  өрістете  түсті.  Көркемдік  шешімі  тұрғысынан  қарағанда,  ақын  ілгеріледі. 


 
67 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Сюжеттік, композициялық, образдық, тілдік шеберлік бағытында ақын алғашқы поэмасынан 
гөрі «Күйшіде» өсу, биіктеу үстінде болғанын толық аңғартты. 
Поэма  басында  Арқадан  көшіп,  Алатауға  беттеген  хан  Кененің  ордасы  бейнеленеді. 
Халық  жиналып,  ханға  қошемет  көрсетіп,  той  жасайды.  Біреулер  ерулікке  бие  сойса, 
біреулер  ат  сыйлап,  мәре-сәресі  шығып  жатыр.  Көп  халықтың  ішінен  не  берер  малы,  не 
сыйлығы  жоқ,  жалғыз  шешесі  бар  кедей  жігіт  күйші  келіп,  дүйім  жұртқа  күй  арқылы 
қуаныш, ләззат сыйлайды. Рахаттан кім қашсын? Кененің сылқ-сылқ күлген сұлу қарындасы 
Қарашаш  Күйшінің  рахат  берер  күйлеріне  тәнті,  соған  ғашық  болады.  Осы  тұста  шығарма 
желісі  оқыс  оқиғаға  тап  болады.  Күйшінің  майталман    өнерпаздығы  өзіне  пәле  болып 
жабысады. Ол туған ел мен жерін, шешесін тастап, Қарашашқа күй шертіп, рахатқа батыру 
үшін  басы  бүтін  құлдыққа  берілмек.  Күйшіге  бұл  ауыр  тиген  соққы.  Әрине,  қара  жұмыс 
істемейді,  тек  Қарашашқа  күй  тартып  беру  керек.  Осы  сәтте  еркіндік,  бостандықтан 
айырылған күйші ескі сарынды, қайғылы, күйінішті күй тартып, мұңға батады. Оның бүкіл 
әуенінен  қуанышты леп су сепкендей басылған.  
Азаттықтан айырылып, жарым көңіл күй кешкен өнерпаз, көп ұзамай тағдыр жазуына 
мойын  ұсынып,  Қарашаш  отауына  да  үйренеді.  Үйренгені  аздай  «қара  қас,  қалың  қабақ, 
ордадағы  сырықтай,  бойы  сымдай,  балға  ашытқан  қымыздай»  ханшаға  сезім  көңілі  оянып, 
ғашықтың  дертіне  ұшырайды.  Осы  тұста  Күйшінің    күй  ырғағы  да  сезім  толқындарына 
толып, ұшқыр қиялды елестететін, түлкі алатын құмайға, аңға шапқан тазыға айналып, шат-
шадымын,  шабыт  шақырар  әуенге  бет  бұрады.  Күй  тартқан  күйшінің  ішкі  тебіренісі 
Қарашашқа әсер етпей қоймайды. Күйшінің домбырасынан төгілген күй тасқыны қыздың көз 
алдына фантастикалық бейне, көріністерге айналып, дегбірін алады. Өйткені, Күйшінің ой-
қиялы    шексіз,  бірде  самал  желге  айналса,  қыздың  бетінен  өппек,  суға  айналса, 
шомылдырмақ,  қымыз  болып  сусынға  айналса,  сұлудың  ернінен  сүймек,  ал  алтын,  күміске 
айналса, қолынан білезік болып тағылып, жүрек лүпілін сезбек. Домбыра пернесінен төгілген 
күй  Қарашашты  тебірентіп,  есінен  айырады,  Күйшіге  қосылмақ  ойы  да  болады.  Бірақ,  ол 
ойынан тез қайтады. Хан тұқымын қалай былғамақ.  
Ендігі    тұста  сюжеттік    желіге  мына  жайт  тап  болды.  Түн  мезгілінде  Әлімқұл 
датқаның  ерке,  сері  баласы  Сапақ  Қарашашты  оятпақ  боп  қасына  барғанда,  ұйқысы  сергек 
қыз  оянып,  көзін  аша  сала,  Наркескенге  ұмтылады.  Ашуы  бұрқ-сарқ  қайнайды.  Ел-жұртты 
аяғынан тік тұрғызады. 
Ғашық дертіне шалдыққан күйші  көрген түсіме, әлде өңі  ме, сон біле алмай әрі-сәрі 
күй  кешеді.  «Қызды  оятқан  өзім  шығармын»  деп  ажал  құрығына  даяр  тұрады.  «Зәнталақ! 
Пері қаққан! Сен жүрсің бе!»– деп күйшіге тап берген жендетті қыз тоқтатып, «Тиіспе менің 
күйшіме, оны істеген ол емес, Әлімқұлдың шолжаң ұлы» деп зекіп тастайды.  
Боз  баланың  бұл  қылығы  соғыс  өртін  тұтандыратын  үлкен  зобалаң,  кесапат  әкеледі. 
Түбінде  Үйсін,  Дулат  ортақ  мәмілеге  келіп,  жгіттің  бет  -    аузынан    күйелеп,  мойнына 
масқаралап  құрым  байлап,  киімін  түк  қалдырмай  шешіп  алып,  жаяу-жалпылатып 
Қарашаштың  алдына  әкеледі.  Көңілі  танып,  халыққа  сес  көрсеткен  қыз-жігітті  өлтірмей, 
көзінен сорасы аққан әкесі Әлімқұлға береді.  
Осы оқиға Күйшінің өрекпіген көңілін басып, жүрегін суытып, қанын қарайтады. Күй 
сарыны  да  өзгеріп,  тартылып  жүрген  тәтті,  сырлы,  сезімді  әуен    мұңды,  қайғылы,  өлімді 
сарынға  айналады.  «Күйген»,  «Суға  кеткен»,  «Желмая»,  «Атылған  аққу»  күйлерін  бірінен 
кейін  бірі  кезектесіп,  Қарашаштың  салтанатты,  әшекейлі  сұлу  сарайын  мұңға  батырады. 
Күйші  сұлу  Қарашашқа  деген  сезімі  жоғалған,  оны  сұр  мегежінге,  жиырылған  кесірткеге, 
албасты,  мыстан    кемпірге  балайды,  күй  сарыны  үнемі  осыны  сездіреді.  Қыз  өз  қиялында 
«бұл жігіт емес, жылап отыр, саусағы да  жез тырнақтың тұяғы секілді»  деп күйшіден жеріп, 
күйді тоқтатады.   
Бір  мезет  көңілі  тасып  тұрған    Қарашаш  Күйшіден  «тілегің  не  ?»  деп  сұрағанда, 
«Тілегім  мың  қайтара  –  бір-ақ  тілек,  басыма  бостандық  бер,  елге  қайтам»  дейді.  Мұндай 
жауап  күтпеген  кербез  қыз,  ұзақ  ойланып,  жібергісі  келмесе  де,  «болсын»  дейді.  Одан  күн 
артынан күн өтіп, ай артынан ай келеді. Қыз жігітті жібергісі жоқ.  


 
68 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет