1-ші ТАПСЫРМА
Тапсырма 2 сұрақтан тұрады
1 – ші сұрақ. Теориялық бөлім (А4).
2 – ші сұрақ. Есептер.
(Тапсырмалар А4 форматта орындалып, Canvas жүйесіне салынады).
1. Сұрақ. ҚР салық жүйесі. салықтық әкімшілендіру және бақылау тәртіптеріне ҚР-ның Салық Кодексіне негізделе отырып, сипаттама беріңіздер.
2. Есептер.
2.1 КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫҚ
Есепті кезең: 2021
Өлшем бірлігі: теңге.
«Арайлым» ЖШС иелігінде 2021 жылдың 1 қаңтарында 20 орындық 5 автобус, жүк көтерімділігі 6 тонна 3 жүк машинасы, Қазақстан Республикасына 2016 жылдың қаңтарында импортталған, әрқайсысының құны 15 миллионнан, двигатель көлемi 3500 текше см. 2 автокөлік бар.
Талап етіледі:
Көлік құралдарының 2021 жылға арналған ағымдағы төлемдерінің мөлшерін есептеңіз. Автокөлік салығы бойынша 2021 жылға салық міндеттемелерін анықтаңыз.
2.2 ЖЕР САЛЫҒЫ
Есепті кезең: 2021
Өлшем бірлігі: теңге.
Азамат Адилов М.К. 2021 жылы Қарағанды қаласында 2000 шаршы метр жер учаскесінде жалпы ауданы 600 шаршы метрді құрайтын 2 қабатты үйге және Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында бау-бақшаға арналған жер учаскесінің ауданы 1,70 га иелік етеді.
Талап етіледі:
Азамат М.К. Идрисованың жер салығы үшін салық міндеттемелерін анықтаңыз.
2.3 ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ
Есепті кезең: 2021
Өлшем бірлігі: теңге.
«Киви» компаниясы өз штатында:
1. Жалақысы 700000 теңге болатын директор;
2. Жалақысы 450 000 теңге болатын бухгалтер;
3. PR-менеджер, жалақысы 260 000 теңге;
4. 250 000 теңге жалақысы бар дизайнер;
5. Жалақысы 200 000 теңге болатын суретші;
6. Жалақысы 155 000 теңге болатын екі жарнама агенті.
2021 жылдың қаңтарында барлық қызметкерлер штат кестесіне сәйкес жалақыға ие болды. Барлық қызметкерлер стандартты шегерімдерге құқылы. Директор зейнеткер, компанияда басқа зейнеткерлер жоқ.
Талап етіледі:
2021 жылға арналған әр қызметкерге жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды анықтау. Төленетін кірісті анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |