«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет175/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   208
меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. Білім  берудің барлық  деңгейінде математика және 
жаратылыстану  ғылымдарын  оқыту  сапасын  күшейту керек.  Бұл  –  жастарды  жаңа 
технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты» -деген болатын[3].  
Ендеше,  қоғам  талабына  сай  з а м а н а уи   ә л е м г е   с а й     мұғалім  дайындау  заман 
талабы  болып  тұрғаны  анық.  З а м а н а уи   ә л е м г е   с а й   м ұ ғ а л і м   ізгілігі  мол,  әр  іске 
жаңашылдықпен,  үлкен  ізденіспен  зерттеуші  ретінде  қарайтын,  ақпараттық  технологияны 
толық  меңгерген,  коммуникативті,  бір  сөзбен  айтқанда,  толыққанды құзырлы  адам  болуы 
керек. Мұғалімнің өзі құзыреті болмай, мақсатқа жетуі  екіталай.  Демек, дәстүрлі білім беру 
жүйесінде  мамандар  даярлайтын  кәсіби  білім  беретін  оқу  орындарының  басты  мақсаты  – 
мамандық  пәндерін  игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып бәсекеге 
қабілетті тұлға дайындау  үшін  адамның  құзырлылыққа  білетініне  сүйену  арқылы  нәтижеге 
бағдарланған  білім  беру  жүйесін  ұсынылып  отырғаны  баршаға  аян.  Заманауи  әлемге  сай 
мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс (3 сурет).  


 
145 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
 
3 сурет - Заманауи әлемге сай мұғалім құзыреттілігі 
 
Біріншіден,  педагогикалық  қызметтің  шығармашылыққа  бағытталуы,  екіншіден, 
зияткерлік  мәдениетін,  мінез-құлық,  қарым-қатынас,  соның  ішінде  педагогикалық  қарым-
қатынасты  меңгеруі,  үшіншіден,  кіріктіру  процестерін,  әлемдік  білім  берудің  даму 
тенденцияларын бағдарлай алуы міндетті.  
Болашақ  математика  мұғалімдерін  бұл  бағыттағы  жұмыстарға  даярлау  олардың 
шеберліктерін  шыңдаудан  басталады.  Ол  үшін  төмендегідей  нұсқаулықтарды  басшылыққа 
алуымыз керек: 
1. 
Жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, адамзаттық жауапкершілігі 
мол, белсенді, әрі жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, коммуникативтік, ақпараттық және 
біліктіліктің басқа түрін меңгерген құзырлығы жоғары маман. 
2. 
Мұғалім  білімнің  өзіндік  құндылығын  анық,  саналы  түсінуі  үшін  ғылыми-
тәжірибелік  әдістермен  өзіндік  іс-әрекетінің  нәтижелерін  диагностикалайтын  құралдармен  
қамтамасыз етілуі керек. 
3. 
Мұғалім мектеп пен білім беру саласының  алдында  тұрған  басты  мақсаттарды  ой 
елегінен өткізіп, өзін соған бағыттап жұмысын ұйымдастыру тиіс. 
4. 
Мұғалімге пәндік өзіндік озық іс-тәжірибесін  үнемі  жүйелеп  және  қорытындылап 
отыруды,  сонымен  бірге,  іс-тәжірибені  қажет  ететіндерге  түсінікті  түрде  жеткізе  білу 
технологиясын үйретуді үнемі есте ұстағаны абзал. 
5. 
Мұғалім  әрбір  оқушының  психологиясына  терең  үңіліп  және  соған  қарай  әрекет 
жасауына қол жеткізу қажет. 
6. 
Жаңа формациядағы ұстаздың кәсіби мәдениеті келесі түрде сипатталады: 
 
4 сурет - Жаңа формациядағы ұстаздың кәсіби мәдениеті 
І. Кәсіби  қасиеті: ұйымдастыру қабілеті; білімінің тереңдігі; ғылыми білімі; дарындылығы; 
шығармашылығы; интелектуальдық қасиеттері. 
ІІ.  Моральдық-этикалық  қасиеті:  адамгершілігі;  ақиқатқа  құштарлығы;  мейірімділігі; 
қарапайымдылығы. 
ІІІ.  Психологиялық  даярлығы:  сыртқы  келбеті;  киім  киісі;  сөйлеу  мәдениеті; 
әдептілігі.  
 


 
146 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет