«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет176/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   208
 
 
 
 
Жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер болашақ мамандардың өсіп-
жетілуін  жақсартуға  ықпал  жасайды,  бұл  тек  рухани  дамыған  жан-жақты  мамандарды 
әзірлеумен  қатар,  ғылымның  және  техникалық  жаңалықтарын  шеберлікпен  пайдалана 
алатын мамандар даярлау.  
Оған  педагогикалық  іс-тәжірибенің  үлкен  әсері  бар.  Заманауи  әлемге  сай  болашақ 
математика пәні мұғалімінің шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруда педагогикалық 
тәжірибенің  рөлі  ерекше.  Педагогикалық  тәжірибе  мазмұны  мынадай  жағдайларға 
негізделеді: 
● 
психологиялық,  педагогикалық  және  математика  пәндері  бойынша  болашақ 
мұғалімдердің теориялық және тәжірибелік дайындығының өзара байланыстылығы; 
● 
педагогикалық  іс-тәжірибені  ұйымдастырудың  кезеңдері  мен  жүйелері  болашақ 
маманның іс-әрекеттерін бірізділікпен күрделендіруді қарастырады. Кәсіби дайындықтың әр 
кезеңінде  оқыту  мақсатының  күрделендірілу  теориялық  білімдермен  қамтамасыз  ету 
деңгейіне,  іс-әрекет  процестеріндегі  өз  бетінше  жұмыс  жасауына  және  болашақ  маманның 
жеке ерекшелігін есепке алуға негізделеді; 
● 
педагогикалық    іс  -  тәжірибе    инновациялық,  педагогикалық,  әдістемелік-
математикалық  ғылым  мен  тәжірибенің  жетістігіне  негізделінуі  қажет.  Осылай 
ұйымдастырылған  тәжірибеде  ғана  болашақ  мамандар  білім  берудің  педагогикалық 
технологиялар мен дағдыларды меңгереді
● 
педагогикалық іс-тәжірибеде  болашақ математика пәні мұғалімдері ғылыми іздену 
жұмыстарымен тереңірек айналысуға мүмкіндік алады. 
Заманауи  әлемге  сай  болашақ  математика  мұғалімін  дайындауда  олардың  кәсіби 
іскерлігін  дамыту  үшін  пәннің  тек  теориялық  негізін  игеру  ғана  емес,  психологиялық, 
педагогикалық аспектілерін басшылыққа алу қажет деп санаймыз.Осы сипатта дайындалған  
болашақ маман иелері өзінің жеке және кәсіби қызметінде табысты жетістіктерге қол жеткізіп 
қана  қоймай,  мемлекетіміздің  ұлттық  экономикасының  дамуына  сүбелі  үлесін  қосып, 
Қазақстанның әлемдік қауымдастықта таңдаулы орын алуын қамтамасыз ететіндігі сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет