ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ПРОКУРОРДЫҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫ Серикова Л.С.
1
, з.ғ.м., оқытушы.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
1
, Талдықорган қ.,
E-mail: ss_laura@mail.ru
Бұл ғылыми мақалада қылмыстық іс жүргізудегі прокурордың процессуалдық жағдайы көрсетіледі. Апелляциялық және кассациялық сатылардағы прокурордың ролі анықталған. Кілт сөздер: прокурор, апелляция, кассация, арыз, дәлелдеу. В данной научной статье рассматриваются процессуальный статус прокурора в уголовном судопроизводстве. Определена роль прокурора в апелляционном и кассационном стадиях. Ключевые слова: прокурор, апелляция, кассация, заявление, доказывания. This scientific article discusses the procedural status of the prosecutor in criminal proceedings. The role of the prosecutor in the appeal and cassation stages was determined. Key words: prosecutor, appeal, cassation, statement, proof.
Кез келген дәрежедегі прокурор мемлекеттік айыптаушы ретінде шыға отырып, ҚР
Бас прокурорының өкілі болып табылады, ол - қылмыстық, азаматтық және өзге процестерде
заңдылықты сақтаушы. Мемлекеттік айыпты қолдау кезінде ол қылмыстық істерді сотта
қарау заңдылығын қадағалау міндетінен босатылмайды. ҚР Бас прокуроры прокурордың
сотта қолдайтын мемлекеттік айыпты қылмыстылықпен күрестің әрекетті құралының бірі
ғана емес, қылмыстық істерді соттарда қарау кезінде заңдылықтың орындалуын жүзеге
асырушы нысанының бірі ретінде қарайды. Прокурор қадағалауды іс бойынша сот үкім,
ұйғарым немесе қаулы қабылдағанда ғана емес, сондай-ақ ол іс бойынша әлі ешқандай
шешім шығарылмағанда да жүзеге асырады. Егер сот сотталушыға сот талқылауында оның
құқықтарын түсіндірмесе, прокурор бұл заң бұзушылықтарға дереу шаралар қолдануға тиіс,
бірақ мұндай заң бұзушылықтарға байланысты ешқандай арнайы ұйғарым шығармайды,
сондықтан наразылық келтіруге негіздер болмайды. Осыған байланысты прокурор бұл
заңсыз және негізсіз ұйғарымға кейін наразылық келтіретін болғандықтан, бұл заң
бұзушылықтарға заңсыз үкім шығарылғанға дейін шаралар қолдануға құқылы емес.
Қылмыстық іс жүргізу заңы прокурорларға сотқа басқа қатысушылардың алдында
дәлелдемелерді ұсыну, оларды зерттеуге қатысу, өтініш беру бойынша ешқандай ерекшелік
қарастырмайды. Бірақ, басқа сот талқылауына қатысушылардың құқықтық жағдайынан
ерекшеленетін іс жүргізу жағдайына қояды. Бұл прокурордың артықшылығы емес, оған
жүктелген міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруына қарамастан, оларды жоюға шаралар
қолдануға құқылы ғана емес, әрі міндетті. Бұл жерде судьялардың, қорғаушылардың,
жәбірленушілердің, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің бірыңғай құрамы жайлы
сөз болуда. Өзінің қатысуымен прокурор, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен
жауапкердің және өзге де қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін
бұзылмауларына мүмкіндік тудырады.
Прокурорлар тек мемлекеттік айыптаушы ғана емес, сондай-ақ соттарда қылмыстық
істерді қарау кезінде заңдардың орындалуын қадағалау органдары ретінде де шығады.
Апелляциялық сатыда заңдылықты қадағалау органы өкілінің міндетін атқара отырып,
прокурор айыптау үкімін немесе жазаның жеңілдігіне берілген ұсынысты ғана қолдамайды,
сондай-ақ заңда көрсетілген негіздер бойынша істі өндірістен қысқарту туралы ұсыныстар
148
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары