«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет34/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   208
Байланысты:
6-2018

 
 
 
 
Ключевые слова: Ильяс, дух, наследие, фольклор, жанр, жыр, сказка, легенда 
 
In  this  article  discussed  about  collections  and  researching  works  of  lliys  Zhansuqurov,  about 
small  and  major  genre  of  folklore:  proverbs,  tales,  myths,  liro-eposes  and  eposes.  We  will  show  the 
national spirit of the works left by us inherited. 
Key words: Ilyas, spirit, heritage, folklore, genre, Zhyr, fairy tale, legend 
 
Өнер – адамның асыл мұрасы. Әр бір шығармасы адам жанына ұлттық рух береді, жанды 
түйшіктіреді. Ілиястың «Құлагер» поэмасы сырт қарағанда ақынның сәйгүлік- тұлпарының мерт 
болуына  арналған,  соған  байланысты  жазылған  сияқты.  Ол  кездері,  тоталитаризм  меңдеген 
кезде, әдебиеттану ғылымында тұрпайы социализмнің айқайшыл сынның бел алып тұрған кезі 
еді.  Ілияс  қазақтың  ән,  музыка  өнерін  аса  асқақтата  жырлаған.  Ақын  осыны  бар  жан  тәнімен 
түсінгенде,  мейірі  қанғанша  сусындаған.  Тек  сондай  жан  әлемінен  ғана  «Әнші»,  «Күй», 
«Күйші»,  «Құлагер»  сынды  бірегей  туындылар  жаралған.  Ақан  сері-  өнер  тұлпары.  Оның 
әдебиеттегі,  өнердегі  орны  ерекше.  Ақан  серінің  көптеген  өлеңдерінің  тақырыбы  махаббат, 
сүйспеншілік жайында. Жастық дәурені жүріп тұрған кезде сауық-сайран, ойын тамашаның бел 
ортасында  болған  өнерлі  жігіттің  әсемдікке,  сұлулыққа  іңкәр  болмауы  мүмкін  емес  еді. 
Осылайша Ақанның көңілі құлаған аруларға деген сүйспеншілік сезімі өлең боп өріліп, ән боп 
төгілді.  Ақындық  пен  серілік,  сазгершілік  пен  әншілік  бір  бойында  тоғысуы  Ақанның  атақ-
даңқын арттыра түсті. Ақанның әнін жастар жағы іліп әкетіп, ел арасына таратып жатты. Ақан 
сері  жеке-дара,  салт  жүріп,  серілік,  саяткершілік  құрмаған.  Оның  қасында  қашанда  талантын 
құрмет тұтып, қолдап отыратын Ағытай қарауылдың ішіндегі небір өнерлі, балуан ақын жора-
жолдастары  болған.  Ол  суырып-салма  ақындығымен  қоса  қызыл  тілдің  шешені  әрі  әнші-
сазгерлігімен  де  ел  құрметіне  бөленген.  Күлбілтелемей  кесіп  айтатын  турашылдығы  тағы  бар. 
Ол  әділдіктің  ақ  жолын  аттап,  елге  тізесін  батырған  талайларды  тәубесіне  келтіреді.  Тіпті 
турасын айтамын деп туғанына жақпаған кездері көп. Ақан сері Сарыарқаны аралап ән салады, 
серілік  құрады.  Жанындағы  сайдың  тасындай  іріктелген  жиырма  шақты  жолдастары  асқақ 
кейіпті Ақанның шоқтығын биіктете түседі. Дүниенің бар қызығы серілік, әншілік деп түсінген 
Ақанның өмірге қкпесі жоқ еді. Серінің атын асқақтатқан ең әуелі жомарт табиғат тарту еткен 
сан қырлы таланты болса, екіншісі аты Ақан есімімен қатар аталатын атақты пырағы- Құлагер 
еді. Ақан серінің өзге ақындардан өзгешелігі- табиғатпен тұтастығында. Ол қолындағы құсын, 
астындағы  атын  бейне  бір туған  баласындай өбектейді.  Бір жолы Көкжендет  атты қаршығасы 
ұшып кетіп, қайта оралмайды. Мәпелеп отырған құсынан айырылып қалу жүрегі нәзік ақынға 
ауыр  соғады.  Ақын  қаршығасына  арнап  ән  шығарады.  Ол  ән  «Көкжендет»  атымен  халық 
аузында қалады. Ақан сері табиғат перзенті. Табиғатты алай біліп, ақырына дейін ақ адал пейіл 
танытқан  Ақандай  талант  иесі  тым  сирек.  Оның  ел  аузынан  түспейтін  тамаша  туындылары 
«Құлагер»,  «Маңмаңгер»,  «Көкжендет»,  «Қараторғай»,  «Екі  жирен»  атты  ән-өлеңдері  Қазақ 
халқының қастерлі мұрасына айналды. Ақан сері өз заманындағы атақты ақын, әнші серілердің 
бәрімен  жолдас,  сыйлас  болған.  Атақты  Біржан  салды  өзіне  ұстаз  санайды,  бірге  жүріп  ән 
үйренеді. Ақан серінің бізге жеткен өлеңдерінің басым көпшілігі – ақынның сүйспеншілік сезімі 
мен жеке бірқатар дидактикалық өлеңдері, «Тағрипық» атты сөжетсіз махаббат лирикасы. Сері 
ақан  1913  жылы  жетпіс  жасында  қайтыс  болады.  Ол  артынан  құнсыз  мұра:  «Құлагер», 
«Көкжендет», «Қараторғай», «Сырымбет», «Балқадиша», «Торыны талға байлап мінген қандай», 
«Гаухар»,  «Ақ  көйлек»,  «Қалқа  бала»,  «Үш  тоты»,  тағы  да  басқа  шығармаларын  қалдырады. 
Ілияс «Күйші» поэмасында он саусағынан өнер тамған саңлақ күйші мен қазақтың күй өнерінің 
құдіретін жыр өрнегімен асқан ақындық шеберлікпен суреттеген. Поэмада ақын халқымыздың 
күй  өнері  жайлы,  сол  күйді  орындаушы  тарланбоз  күйші  жайлы  сыр  шертеді.  Күйші  Кене 
ханның  ақ  ордасында  дүйім  жұрт  алдында  «домбыраны  дірілдетіп»,  жиылған  қауымды 
тамсандыра  өнер  көрсетеді,  күге  де  ,  өзіне  де  таңдай  қақтыра  сүйсіндіреді.  Сол  күйлердің 
құдіретіне  «қырдағы  қоян,  құлан,  құлақ  тігіп,  қамыстан  жолбарыс  та  ыңыранды»,  «табиғатта 
тып-тыныш бола қалды» деп өрнектейді. Алуан үнде сөйлеген күйге айналадағы бар жан құлақ 
түре  сүйсінді.  Күйші  жігіттің  күйі  қолында  ақ  найзасы  жарқылдаған,  қол  бастаған  қас  батыр 


 
23 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Кене  ханды  да  күй  бейжай  қалдырмайды.  Күйге,  күйшіге  де  елти  құлаған  Кене  ханның 
қарындасы  –  Қарашаш.  Ол-  ағасының  оң  қолы,  ақылшысы  әрі  ерке,  өңіне  ақылы  сай,  паң  да 
өжет  боп  өскен  ханзада.  Жыршы  Қарашаштың  бойындағы  қасиеттерді  былайша  суреттейді: 
Қарашаш-  ақылы  дария,  алтын  басы,  Әйелдің  ақсұңқары,  ханзадасы.  Өз  басын  мың  қараға 
теңгермейтін,  Кененің  кеңесінің  ақылдысы.  Поэманың  соңында  күйші  тоқсан  күйді  қайта 
тамылжытып,  сорғалатып,  қыз  көңілін  аулап,  енді  еліне,  үйіне  қайтқысы  келген  арманын  күй 
арқылы ханшаға білдіреді. Ханша күйшінің тілегін орындамақ болады, сонда өнерлі де келісті, 
келбетті жігітті әлі де болса кідірте тұрмақты ойлайды. Күйші күй арқылы ханша көңіліне ізгілік 
нұрын  сеуіп,  рақымын  түсіріп,  еліне  қайтсам  ба  деген  тілегін  жеткізеді.  Ілияс  «Күйші» 
поэмасында  ақындық  биігінен  көрінген.  Дастанда  кейіпкердің  сыртқы  келбет-пішінін,  мінез-
қылықтарын бейнелеудегі ақынның зергерлігі, мұсіншілдігі сүйсіндіреді. Ақын дамыту, үндету 
тәсілдерін  шебер  қолдана  отырып,  оны  өзінің  эстетикалық  мұратын,  кейіпкер  мінезін  ашуды 
жарата білген. Он саусағынан өнер тамған жігіттің өнер өрісінің асқар шыңына биіктегенін ақын 
былайша суреттейді: Мұз еріп, қатты аяздың кәрі қайтып, Қас батыр көңілі жұмсап, зәрі қайтып, 
Майырылып  ақ  семсері  қалайы  боп,  Қажытты  мұз  балақты  күй  мұңайтып.  Құлпырып 
бәйшешектей кетті шалқып, Аққудай көкте күйлеп, көлде толқып. Күйші жігіт күй тартқанда, 
бәйге атындай көсіле тартады, күй суреттері өрлеп, қияға шырқай береді, бір сөз бір сөзден, бір 
ой  бір  ойдан,  бір  шумақ  бір  шумақтан  асып  түсіп  отырады  ол  күймен  бірге  жарысқандай. 
Поэмада  өнер,  күй  құдіреті  осылайша  өрнек  тапқан.  Қорыта  келе,  І.Жансүгіровтың 
шығармалары өнерді дәріптеген туындылар. Ол осы шығармаларымен келешек ұрпаққа «Өнер- 
адамның  асыл  мұрасы»,-  деген  ойын  жеткізеді.  Өзінің  өнерге  деген  құрметін,  сый-сияпатын, 
үлкен махаббатын, өнердің әсерінен бойын жайлаған керемет сезімдерін өзінің өшпес ақындық 
өнерімен  жеткізе  білді.  Адамдарды  ерекшелендіретін,  ,  сақтап,  қастерлеп  ұрпақтан  ұрпаққа 
берілетін, ешбір бағасы жоқ, уақытқа, жауға бағынбас асыл мұра- өнер [3]! 
Ақын  поэзия  әлеміне  18  жаста  келеді.  Алматының  Пушкин  атындағы  көпшілік 
кітапханасының  архив   қорынан  жуықта  ғана  табылған  Ілияс  Жансүгіровтің  өз  қолымен 
 жазылған   екі   өлең   дәптері  ақынның   өлеңді  1915-1916  жылдардан  бастап жазғанын 
дәлелдейді. 
1986-1988 жылдар арасында баспа бетін  көрген  «Бес томдық  шығармалар жинағында» 
Ілияс Жансүгіровтің бұл томында ақын  өлеңдерінің  жазылу  хронологиясына қарай жасалумен 
 байланысты,  оның  «Күзгі  гүлге»  өлеңімен  ашылып  отыр.  Бұған  дейін  Ілияс  Жансүгіров    
творчествосы  1915-1916  жылдардан   басталады   делініп,  келсе,  ақынның   Қазақ  ССР 
 Мемлекеттік   архивіндегі  өз  қорынан  табылған  (№37  папка,  127-бет)   осы   өлеңі  ол  пікірді 
өзгертіп, оның   творчествосының бұдан гөрі сәл ілгеріректен басталатынын   дәлелдеп  отыр». 
Бұл ақынның  өз  қолымен жазған  «Балдырған» және  «Қызыл жалау» атты  өлең  дәптері. Яғни, 
сол дәптерінде  жоғарыдағы аталған «Күзгі  гүлге» өлеңі 1912 жылы  жазылған . Ал баспа бетін 
 тұңғыш   рет  1917   жылы  «Сарыарқа»  газетінің   15-сі   мен  22  тамызы  күнгі   «Тілек»   және 
 «Сарыарқаға» деген  атпен  жарық   көреді [3].   
1921   жылы  «Жас  Алаш»  газетінде  22  мартта  шыққан  «Жас  замандастарға»  деген   бас 
 мақала   менікі  және  сол  нөмірде   «Жалпы  жасқа»  деген     өлеңім  де  басылды.  Менің  алғашқы 
баспасөзге шыққан, бірінші шыққан мақалам осы»-дейді [2]. 
 Ілияс – өз заманың көкейтесті кез келген әлеуметтік  мәселелерге үн қосып,  өз  дәуірінің 
 болмыс - бітімін  жан-жақты  бейнелелеп,  жырлап  өткен ақын. ХХ ғасыр  басындағы  қазақтың 
   ағартушылық-демократиялық  бағыттары  қаламгерлердің  оқу-білімге   шақырған  идеялық  ой-
толғамдарына  ұқсас  «Жаңылғаным»,  «Талғамалар»,  «Маңым»,  «Жыбырлық»,  «Замандасқа» 
атты  өлеңдерінде  төңкеріске дейінгі надандық  пен  жоқшылықтан  шығар  бір  жол - оқу-білім 
екеін  айтып,  сонымен қатар адами - моральдық  мәселелерге  ден  қояды. 
Өнерге   ұмтыл,  өнерді біл  замандас! 
Қамдан, жатпа,  заманыңнан  хабарлас! 
Ынта  салсаң, білім  туын  қолға  алсаң, 
Теңдік тиер,  ешкім  күйе  жаға алмас!- 
«Жыбырлақ» өлеңінде де  қазақ  ішіндегі  жаман  әдеттен  ада  болуға  шақырады. 


 
24 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет