«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет30/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   208
Байланысты:
6-2018

Қырықпышақ болды – араздасты, таласып-тартысты, ала ауыз болды.  
Қыңыр жан қырық кісімен қырықпышақ боп, 
Ел таппай өте берген неге арманда? [5, 297] 
 Іші өртену – ашулану, долығу, қызғану. 
Құлагер Көкшетаудан кеп қалған соң 
Қызғанып Батыраштың іші өртенген [5, 302]. 
Автор  шығарманың  мазмұн-желісіне  қарай  етістіктен  жасалған  психикалық  күйді  
көрсете отырып, шығарманың психикалық-эмоциялық күйін беру мақсатында қолданған. 
  Бұл күйді беруде келесідегідей бейнелеуіш еліктеуіш сөздер де кездеседі: 
Дүрілдесу  дүр-дүр етіп ұрысу.  
Жасауыл анау жерде ат аударып
Мынау жер жесір дауы дүрілдескен [5, 284]. 
Күңкілдеу – реніш білдіріп міңгірлеп сөйлеу
Ашукек,күңкіл басты елдің артын
Ел шулап, қыр күйініп, қарғап қатын [5, 333]. 
Арс-ұрс етті – біреуді беттен алып, қарсы тұрды.  
 «Ел түссін, енді балуан болады»-деп, 
Кәрі ояз тор қасқал арс-ұрс етті [5, 321]. 
 Опыраңдау – аузы опыраңдау ренжу, ұрсу.  
Кемпірі Сағынайдың опыраңдап, 
 «Кет-кет!» деп дуананы қуалап жүр [5, 284]. 
  Кейіпкер  мен  сол  сәттегі  халықтың  эмоциясын  көрсету  мақсатында  қаламгер  
бейнелеуіш  еліктеуіш  сөздер  арқылы  «ашу»,  «реніш»  психикалық  күйін  бейнелі  түрде,  көз 
алдымызға елестете отырып сипаттаған.  
  
«Ашу» психикалық жай-күйінің  тілдік емес (бейвербалды) белгілері 
Психикалық күйлерді білдіретін амалдардың бірі- бейвербалды тәсілдер. Бейвербалды 
амалдардың адамның көңіл-күйін білдіруде атқаратын қызметі зор. Бейвербалды амалдардың 
өзін бірнеше топқа бөліп қарастырамыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет