25
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
араластыруы және өзінің сол жұмыстың тезірек орындалуына қызықтырып қою жазушының аса
шеберлігін білдіреді.
Фольклордың даму жолдары мен
проблемалары жекелеген ғылыми монографиялардың,
көптеген сын-зерттеу мақалалардың, арнаулы диссертациялардың нысаны болды. «Қазақ
фольклористикасының тарихы» деген еңбекте XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың
бас кезінде қазақ фольклорын, ауыз әдебиеті мұрағаттарын жинаушылар мен жариялаушылар
және зерттеушілер өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныту көзделіп, ол мақсат
тыңғылықты орындалған. Фольклор мұраларын жинаушылар, жариялаушылар және оған
қатысты өз пайымдауларын тасқа басып қалдырғандар қатарында, әлбетте, Ілияс Жансүгіров те
бар[1]. Дегенмен, фольклорға қатысты зерттеулерді қарастыра келіп, Ілияс Жансүгіровтің
фольклористика саласындағы еңбектері ғылыми зерттеулерде сөз арасында айтылып кеткенімен,
осы уақытқа дейін арнайы қарастырылмай келген, фольклорды дамытудағы Ілияс Жансүгіровтің
орны әлі күнге ғылыми тұрғыдан сараланбаған. Ильфа Ілиясқызының «Айқын» газетіне берген
сұхбатында: «Ілияс шығармашылығы туралы бұрынғы кеңестік замандағы зерттеу еңбектер
ескірді. Ілияс шығармашылығы, өмірі туралы жаңаша сөз айтылуы тиіс. «Ілияс және фольклор»,
«Ілияс және музыка», «Ілияс және театр», «Ілияс сөздігі» атты зерттеу еңбектер қолға алынуы
керек. Мәскеуде оқып жүргенде жазған конспектілері, мақалалары, аудармалары, біраз
шығармалары жарық көруін күтуде. Жалпы, оқырман қолына жетпеген мұрасы өте көп. Әкемнің
мұрағаты өте ұқыпты сақталған. Мұндай мұрағат басқа ешкімде жоқ. Бірақ әлі күнге жете
зерттелмеген. Оның себебі әкем 60-жылдарға таман бір-ақ ақталды. Бұл кезде арабша хат
танитындар сирек еді. Ал қазір болса, Ілиястанумен ешкім шұғылданбайды» - деп, өкінішін
білдіруі заңдылық. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұрағатының қолжазбалар
қорында кезінде Ілияс жинап кеткен, бірақ әлі күнге дейін Ильфа Ілиясқызы айтқандай қол
тимей жатқан қыруар мұра бар. Бұл туралы Ілиястанушы ғалым М.Иманғазинов: «Негiзiнен,
Iлияс Жансүгiровтiң мұрағат материалының үштен бiр бөлiгi - қазiргi кезеңге дейiн жарық
көрген шығармаларының түп дерегi, жазылу жайының күретамыры. 15-ке тарта қалың
бумаларда (папкаларда) Iлиястың өз қолымен жазған 12 қойын кiтапшалары мен дәптерлерi
жатыр. Оны оқып қараған адамға әлi де болса талай тың деректiң ашылатыны сөзсiз»- [3,56] деп,
ескерткелі де ширек ғасырдай уақыт өтті.
Алдағы міндет – мол мұраны жете зерттеп, халқымыздың қажетіне жарайтынын
көпшілікке ұсыну, Ілиястың фольклорист-ғалым ретіндегі әдебиетіміздің тарихындағы алатын
орнын анықтау, көз майын тауысып, халқының асыл сөздерін қағазға түсірген аяулы азаматтың
ардақты ісін оқушысына ұсыну. Бұл-бірдің ісі емес, көптің ісі.
Әдебиетші-ғалымдарымыздың, әсіресе фольклорист-мамандарымыздың мазмұнды, мәнді
жұмысы, аға алдындағы азаматтық парызы. Өйткені, Ілиястың фольклорист ретінде сіңірген
еңбегін, оның өз еңбегінің дәрежесінде жан-жақты зерттегенде ғана ойдағыдай көрсете аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: