Ключевые слова: следствие, суд, прокурор, преступление, опрос, обыск
This article considers one of the stages of criminal proceedings after the start of a pre-trial
investigation. At this stage, the body of inquiry and the prosecutor conduct evidence and other
actions to detain the suspect, to prosecute the suspect in accordance with the requirements of the
criminal procedure law.
Key words: investigation, court, prosecutor, crime, interrogation, search
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-
тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не бірінші кезек күттірмейтін тергеу әрекеті
сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру 1)
қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтар туралы, тексерулер, ревизиялар, аудит актілерімен
және олардың болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылатын
басқалармен расталған нұқсан, елеулі зиян не заңсыз кіріс туралы мәліметтері жоқ; 2)
жазбаша нысанда жасалған және сот жарамсыз, жалған немесе өтірік деп танымаған
азаматтық-құқықтық мәмілелерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға негізделген
бұзушылықтар жөнінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар немесе баянат
тіркелуге жатпайды.
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заңда көзделген
тергеуәрекеттеріне қатысуға адамдарды тарта отырып, олардың жеке басына көз жеткізеді,
оларға құқықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ тергеу әрекетін жүргiзу тәртiбiн түсiндiредi.
2. Кейінге қалдырылмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу әрекетін түнгi уақытта
жүргiзуге жол берiлмейдi.
3. Тергеу әрекеттерін жүргiзу кезiнде ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы және
қылмыстық құқық бұзушылықтың iздерi мен заттай дәлелдемелердi анықтаудың, тіркеу мен
алудың ғылыми негiзделген тәсілдері пайдаланылуы мүмкiн.
4. Тергеу әрекеттерін жүргiзу кезiнде азаптауға, зорлық-зомбылық көрсетуге,
қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды, қатыгез қарым-қатынасты қолдануға, сол сияқты
оған қатысатын адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндіруге жол берiлмейдi.
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу әрекеттеріне
қылмыстық қудалау органының басқа да қызметкерлерiн тартуға құқылы.
27
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
6. ҚПК-тiң 255-бабы үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында көзделген жағдайларды
қоспағанда, 220-бабының он үшiншi және он төртiншi бөлiктерiнде, 252-бабында, 254-
бабының төртінші бөлігінде, 255-бабында көзделген тергеу әрекеттерiн жүргiзу
кезiндекуәгерлердi тарту мiндеттi болады [1].Қалған жағдайларда тергеу әрекеттерін жүргізу
кезінде олардың барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар міндетті
түрде қолданылады.Ғылыми-техникалық тіркеу құралдары болмаған немесе оларды қолдану
мүмкін
болмаған
жағдайда,
тергеу
әрекеттерін
жүргізу
кезінде
куәгерлер
тартылады.Әрекеттердің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды
қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тиісті мемлекеттік
органдармен келісу бойынша айқындайды. Алдын ала тергеу өндірісі барлық қылмыстар
бойынша міндетті, тек қана ерекше жағдайларда ауыр емес қылмыстық істер бойынша жеке
тәртіппен жүзеге асырылғанда ғана болуы мүмкін (ҚР ҚПК 33, 285-баптар).Қылмыс
жасалған жер (ҚР ҚПК 193-бап). Қоғамға қауіпті зардаптың басталған жерінен тәуелсіз оның
аяқталған жері қылмыс жасалған жер болып есептеледі. Қылмыс жасалған жерді дәл анықтау
мүмкін болмаған жағдайда алдын ала тергеу (бұл жерді толық ашу сәтіне дейін) қылмыс
болған жерде немесе зардаптың жасалуы басталған жерде жүргізіледі. Тергеуші қызметінің
жері деп әдегге оған аддын ала тергеу жүргізу тапсырылған аймақ(аудан, қала, т.б.)
айтылады. Алдын ала тергеу ондірісінің басталуы.Алдын ала тергеу тек қана қылмыстық іс
козғалғаннан кейін басталады. Жалпы тәртіп бойынша қылмыстық іс қозғалғанға дейін
тергеу іс әрекеттерін жүргізуге (окңға болған орывды тексеруден басқа) тыйым салынады.
Алдын ала тергеу мерзімі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 196-бабына сәйкес алдын ала
тергеу мерзімі тек қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарылған сәттен
есептеледі.Тергеуші мен анықтаушы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 64, 67-баптарында
анықталған өз өкілеттігі шеңберінде қылмыстық істі қозғайды және оны қылмыс қозғалған
күннен бастап 147 екі ай мерзімінен кешіктірмей аяқтауы тиіс. Бұл мерзім ішіне қылмыстық
істі қозғау сәтінен бастап, істі айыптау қорытындысымен прокурорға жолдағанға немесе
медициналық сипаттағы шара қолдану туралы болмаса істі тоқтату не тоқтата тұру туралы
сотта қарауға жіберу жөніндегі қаулыға енеді. Алдын ала тергеу мерзімі аудандық, қалалық
және оған теңестірілген прокурор арқылы 3 айға дейін ұзартылуы мүмкін.Тоқтатылған және
акытша тоқтатылған істерді қосымша тергеу, оны қадағалауды жүзеге асыратын прокурор
арқылы анықталады және оған іс тергеушіге түсіп оның істі өз өндірісіне қабылдаған сәтінен
астап бір айдан аспайтын мерзім беріледі. Айыпталушының және оның қорғаушысының іс
материалдарымен танысу уақыты, сондай-ақ тергеу тоқтатылған уақыт тергеу мерзімін
есептеуде есепке алынбайды.
Тергеу айрықша күрделі істер бойынша облыс прокуроры немесе оған теңестірілген
прокурор алдын ала тергеуді алты айға дейін созуы мүмкін. Тергеу мерзімін одан әрі созу
істің күрделілігін есепке ала отырып, ерекше жағдайларда ғана тергеу мерзімі аяқталуға
дейін он күннен кешіктірмей тергеушінің толық дәлел келтірген қаулысы негізінде Қазақстан
Республикасы Бас прокуроры, оның орынбасарлары және бас әскери прокурор арқылы
шешімін табады. Алдын ала тергеу жүргізу үшін қылмыстық іс оларға прокурор немесе
сәйкесті тергеу бастығы, анықтау органының жетекшісі арқылы берілуі мүмкін. Тергеуші
немес анықтаушы өзі қозғаған немесе оған берілген іс бойынша оны өз өндірісіне қабылдай
отырып, дереу тергеу жұмысын бастауға міндетті.Тергеушінің, анықтаушының істі өз
өндірісіне қабылдауы қаулы шығару жолымен жүзеге асырылады. Тергеушінің,
анықтаушының қылмыстық іс бойынша істі өз өндірісіне қабылдау туралы қаулы шығармай
тергеу әрекетін бастап кетуі қылмыстық іс жүргізу заңын бұзу болып табылады [2]. Тергеу
тобына алдын ала тергеу жүргiзетiн бiрнеше органның тергеушiлерi енгiзiлуi мүмкiн.
Мұндай топты құру туралы шешiм прокурордың нұсқауы бойынша да, осы органдардың
тергеу бөлiмдерi бастықтарының бастамашылығы бойынша да қабылдануы мүмкiн. Шешiм
тергеу бөлiмдерi бастықтарының бiрлескен қаулысымен ресiмделедi, ол осы баптың бiрiншi
бөлiгiнде көрсетiлген талаптарды сақтай отырып шығарылады. Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры ерекше жағдайларда тергеудiң толық және объективтi еместiгi фактiлерi
28
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
7 желтоқсан 2018 ж
.
.
Достарыңызбен бөлісу: |