79
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
Амал нешік, ол кітапқа еніп үлгермеді. Марқұм Әнуарбек ағадан жауапты да кешіктіріп
алдым. Ол жауап сол жылдың көктемінде шыққан «Жұлдыз» журналының кезекті саны еді.
Журналда Әнекеңнің сәл ғана «әттегенайымен» екі ауыз кіріспе жазылып, «Қолбала»
поэмасы басылыпты. Содан бері арада табаны күректей жиырма жыл өтіпті. Содан бері
аруақты ақынның қолда бар шығармаларының толық жинағының бес томдығына екінші
қайтара айналып соғыппыз. «Қолбаланы» «Құлагерге» кірмесе де осыған енетін шығар деп
дәмелі едік, ол дәме далада қалды. Жансүгіровтің жастық шағында жазған жырлары
таптырмай отыр деп сан соға қынжылатын Ғылым Академиясындағы ғалым ағаларымыздың
айдай әлемге жария болған «Қолбала» поэмасын ескермей, айналып өтетін оқырман, оған
қоса әдебиет жанкүйері ретінде енді өзімізді қынжылтады. Ақын шығармаларын жоққа
шығару емес, десек те «Кәмпеске», «Мәйек» поэмаларынан да шоқтығы биік,
қарымы қуатты
«Қолбала» назардан тыс қалып жүргені баршамызға ортақ мін, ойланатын-ақ мәселе, қажет
десе өкініш дер едік біз».
Поэма уақытысында жеткізілмегендіктен, жинаққа енбей қалады. Поэма 1974 жылы
Ә.Дүйсенбиевтің алғысөзімен «Жаңа табылған шығарма» деген рубрикамен «Жұлдыз»
журналында жарияланады [4,63]. Кезінде Ілиястың жанында жүрген ақын інісі Ғали
Орманов: «Қолбала» дастаны Ілиястың тырнақалды шығармаларының бірі. Бұрын біздің
орталық баспаларда жарияланбаған еңбек. Ақынның алғашқы шығармаларының бірі болса
да, ақынның өзіндік өрісін айқын танытады. Журналда жариялау өте орынды деп білемін»,-
деп ақ батасын берген екен.
1974 жылғы «Жұлдыз» журналына жарияланған «Қолбала» поэмасының мәтінін
Ш.Кыяхметова жалпы оқырман халық оқысын деген ниетпен облыстық «Жетісу» газетіне
жариялатты [5,6]. Мұрағатта қолжазбасы болмағандықтан поэмаға қатысты деректер шығып
қалар деген оймен іздестіру жұмысын жүргіздік. Нәтижесі төмендегідей болды:
Бірінші дерек: «Жұлдыз» журналының 1994 жылғы 9 санында Ілиясты түптеп зерттеп
жүрген С.Жанәбіловтың «Ол ертең атылады» деген деректі хикаясы шықан [6,83]. Негізгі
кейіпкері - Ілияс. Сол деректі әңгімеден үзінді берейік: «Әке мен бала өзенді жағалай жүріп
Қарағаш жаққа ат басын бұрды. Алдарында қарауыта көрініп, тау етегінде бейтаныс бір ауыл
жатты. Әке әлден соң ыңылдап ән салды. Даусы тарғылданып өзгеше естілді.
Ілияс айналайын ұлым менің,
Жарылғап диқаншы еді шыққан тегім.
Қобызшы
Молықбайдай ағаң болған,
Анадан ерте
айырылған қозым менің,
-деп өлеңдетіп қоя берді. Даусы дірілдеп өңешін өрт шмұңлы әке өз-өзін тоқтата
алмады. Әке көзінен жас парлады. Бала үндемей тыңдай берді.
Ілияс соңымдағы ізге ергенім,
Болса да жақсы, жаман өз белбеуім.
Достарыңызбен бөлісу: