Бейнеролик. Тақырып ашылады
Жаңа сабақтың мазмұнын ашу үшін АКТ-ны кеңінен қолдана отырып «Бейнеролик» әдісі арқылы фосфордың, темірдің, күкірттің оттекте қарқынды жану үрдісін көрсетеміз.
Мұғалім қосымша түсіндіреді, толықтырады.
№2 сарамандық жұмыс ( Топтық жұмыс)
Сарамандық жұмыс жүргізу барысында оқушы зерттеу жұмыс жүргізуге, өзінің теориялық білімін практикамен ұштастырып өмірде тиімді пайдалануға және өзіндік білім алуға өте тиімді. Әр топқа өз атына сәйкес фосфордың, темірдің, күкірттің оттекте жану процесін көрсетеді, және оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар ұсынылады. Оқушыларды техника қауіпсіздік ережесін қатаң ұстану ескертілді. Осы процес барысында байқаған жағдайларды тапсырма барысында оқушылар элементтердің оттекте жану процесін көрсетіп түсіндірме жұмысын жүргізді және кестені толтырып отырды.
Тапсырманы орындап болған топ, қол жапалақтау арқылы белгі береді. Топтар өзара бір-бірін бағалайды
Достарыңызбен бөлісу: |