Жануар физол



Pdf көрінісі
бет182/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   504
 

 

 

 

8.8. Ішек қимылдары жəне оның реттелуі 

 

    Ішек  қабығының  екі  бағытта  орналасқан  бойлама  жəне  сақиналы  етті 

қабатының  жиырылуының  салдарынан  бірнеше  түрлі  ішек  қимылдары 

байқалады. Олар толқынды (перисталтикалық), тербелмелі (маятник тəрізді), 

ырғақты  сегменттелу,  қарсы  толқынды  болып  бөлінеді.  Ішек  қимылдары 

жынның ас қорыту сөлдерімен араласуына, ішек бойымен жылжуына, оның 

біршама майдалануына мүмкіндік береді. 

    Ішек  қимылдарын  бақылау,  графикалық  тіркеу,  рентген  сəулесімен  қарау 

арқылы зерттейді. 

    Ішектің  тербелмелі  қимылы  сақиналық  жəне  бойлама  ет  қабаттарының 

жиырылуымен  атқарылады.  Алдымен  ішектің  екі  жерінде  сақиналық  еттер 

жиырылады  да,  пайда  болған  бунақта  бойлама  еттер  жиырылып,  босаңсып, 

маятник қозғалысына ұқсас қимыл байқалады. Бойлама ет жиырылғанда ішек 

сегменті  қысқарып  жуандайды,  ал  ол  босаңсығанда  -  ұзарып,  жіңішкереді. 

Сол себепті жын ілгері-кейін шайқалып, жақсылап араласады (100-сурет). 

 



 

241


 

 

  



Ырғақты  сегменттелу  сақиналық  еттердің  жиырылып,  босаңсуымен 

атқарылады.  Ішектің  ұзына  бойына  əрбір  6-8  см  аралықта  сақиналық  еттер 

жиырылып,  бунақтар  пайда  болады.  Бірнеше  секундтан  кейін  бұл  жердің 

еттері  босаңсып,  жиырылу  басқа  жерде  басталады.  Осыдан  ішек  мезгіл-

мезгіл (1 минутта 20-30 рет) сегменттерге бөлініп, жын ұнтақтала түседі. 

Толқынды  қимыл  түрлі  еттердің  үйлесімді  жиырылуымен  атқарылады. 

Бұл  қимыл  ішектің  алдыңғы  бөлігінің  сақиналық  еттерінің  жиырылуымен 

басталады.  Осы  кезде  ішектің  артқы  бөлігінің  еттері  босаңсып,  кеңиді  де, 

жын  солай  қарай  сығылады.  Одан  əрі  сақиналық  еттердің  жиырылуы  ішек 

бойымен  толқын  тəрізді  таралып,  жын  тоқ  ішекке  қарай  секундына  1-2  см 

жылдамдықпен  жылжиды.  Бұл  толқынды  қимыл  белгілі  бір  ырғақпен 

қайталанып отырады. 

Тоқ  ішекте  жоғарыда  аталған  қимылдармен  қатар  қарсы  толқынды 



(антиперисталтикалық)  қимылдар  байқалады.  Бұл  қоректік  заттардың 

толығырақ сіңуіне мүмкіндік туғызатын жайт. 

Ішек  қабығының  еттері  əлсіз  ширығу  жағдайында  болады.  Ішектегі 

жынның мөлшеріне қарай оның тонусы не жоғарылап, не төмендеп отырады. 

Ішек  еттеріне  автоматизм  қасиеті  тəн.  Осымен  байланысты, 

оқшауланған  ішек  қиындысы  қолайлы  жағдай  туғызылса,  қимылын 

жалғастыра  береді.  Ішек  автоматизмі  ауэрбах  өрімінің  ганглиозды 

торшаларының  қызметіне  байланысты.  Бұл  торшалар  ішек  қабырғасының 

сақиналық жəне бойлама еттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. 

    Ішек  қимылы  рефлекстік  жəне  гуморальдық  жолмен  реттеледі.  Ішек 

қабырқасындағы  ауэрбах  жəне  мейснер  өрімдері  ішектің  кілегей  қабығына 

100-ñóðåт.

 

Iøåê 



ºèìûëä-ðû: 

--

 



т

åðáåëìåëi 

(ì-ÿтíèê 

т

¸ðiçäi)   



ºèìûë;  Á-  тîëºûíäû   

(ïåðèñт-ëтèê-ëûº)  

ºèìûë;  Â  —  ûð¹-ºтû 

ñåãìåíттåëó; 

 1-ñèûðäû»; 

 2-ºîéäû»; 

3-æûëºûíû»; 

4-èттi»;  

5-ê¾ðêå 

т

-óûºтû» 



½ëт-á-ð  ½øûíû»  5 

ñåêóíäт-¹û ºèìûëû

 

 



 

242


жынның  механикалық  əсерінен  туындайтын  жергілікті  реакцияларды 

реттейді. Ішек қимылына орталық жүйке жүйесі симпатикалық (құрсақ) жəне 

парасимпатикалық  (кезеген)  жүйкелер  арқылы  əсер  етеді.  Кезеген  жүйкені 

тітіркендіргенде  ішек  еттерінің  тонусы  жоғарылап,  оның  жиырылуы 

күшейеді, ал симпатикалық жүйке - керісінше əсер етеді (101-сурет).  

 

             



 

 А 


 

 

  101-сурет. Жүйке жүйесінің ішек қимылына əсері:  



А  –  симпатикалық  жүйкені  тііркендіргенде;  Б  -  кезеген  жүйкені 

тітіркендіргенде. Суреттегі сызық - тітіркендірген мезгіл 

Парасимпатикалық  жүйке  ацетилхолиннің  қатысуымен  вегетативтік 

түйіндердің  Н  -  холин  сезімтал  (холинреактивтік)  құрылымдары  мен 

бірыңғай  салалы  еттердің  М  –  холин  сезімтал  құрылымдарына  əсер  етеді. 

Симпатикалық  жүйке  норадреналин  арқылы  адренергиялық  нейрондар  мен 

бірыңғай салалы еттердің адренорецепторларына əсер етеді. 

Ішек  қимылдары  əр  түрлі  эмоцияның  (қатты  мазасыздану,  қорқу,  үрку), 

ауырсыну  түйсігінің  əсерінен  де  өзгереді.  Қорқу  кезінде  ішек  қимылы 

күшейіп, малдың іші өтуі мүмкін. 

 Ішек  қимылдары  түрлі  биологиялық  белсенді  заттардың  əсерімен 

гуморальдық  жолмен  де  реттеледі.  Оны  окситоцин,  гастрин,  серотонин, 



гистамин, простагландиндер, холин, энтерокринин күшейтеді, ал адреналин, 

норадреналин баяулатады. Ішек қимылдарын белоктардың ыдырау өнімдері, 

өт,  сығынды  заттар,  тұздардың  ерітінділері,  қышқылдар  мен  сілтілер  де 

күшейтеді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет