Жануар физол



Pdf көрінісі
бет183/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   504
8.9. Тоқ ішектегі ас қорыту 

 

    Ащы  ішекте  өңделген  химус  біртіндеп  тоқ  ішекке  өтеді.  Тоқ  ішек 

бүйеннен, жиек ішектен (күйіс малында- қимадан, жылқыда - қартадан), тік 

ішектен тұрады. Тоқ ішек   ащы ішекке қарағанда əлдеқайда кеңірек келеді. 

Оның  жалпы  ұзындығы  сиырда-  6-13  м,  қойда  3,5-10  м,  жылқыда  6-9  м,  ал 

сыйымдылығы 

күйіс 

малдарында 



ас 

қорыту 


жолының 

жалпы 


сыйымдылығының  11  -  15  пайызы,  жылқы  мен  қоянда  -  40-60  пайызы 

шамасында. 




 

243


    Тоқ  ішектің  кілегейлі  қабығында  бүрлер  жоқ  та,  көптеген  бокал  тəрізді 

торша болады. Ас қорыту жолының бұл бөлімінде сөл аз ғана бөлінеді жəне 

оның  құрамында  көп  мөлшерде  шырыш  кездеседі.  Сөлдің  сутектік 

көрсеткіші - 7,6-9,0.  

Тоқ  ішекте  ас  қорыту  жолының  алдыңғы  бөлімдерінде  қорытылып 

үлгерілмеген  қоректік  заттар  ыдырайды.  Бұл  процесс  ащы  ішектен  келіп 

түскен  ферменттер  мен  мұндағы  алуан  түрлі  микроорганизмдердің  (1  г 

химуста  15  млрд.  бактерия  болады)  əсерімен  жүреді.  Ішектің  бұл  бөлімінде 

қорытылмаған  белок  қалдықтары  шіріп,  көмірсулар  ашиды.  Көмірсулардың 

ашу процесі кезінде ұшпалы май қышқылдарының едəуір мөлшері түзіледі. 

    Бүйенде,  мес  қарындағы  сияқты  белоктар  ыдырап,  амин  қышқылдары 

қайта  түзіледі,  аммиак  пайда  болып,  бактерия  белоктары  синтезделеді, 

белокқа жатпайтын азотты заттар сорылып жəне кері бөлініп отырады. Бүйен 

мен  мес  қарын  арасында  үйлесімді  қатынас  қалыптасады:  мес  қарындағы 

биохимиялық  жəне  микробиологиялық  процестер  күшейсе,  олар  бүйенде 

бəсеңсиді  жəне, керісінше, бұл  процестер  мес  қарында бəсеңсісе, бүйенде – 

күшейеді (Т.Несіпбаев). Бүйен микроорганизмдері түрлі амин қышқылдарын 

оның  ішінде  алмастырылмайтын  қышқылдарды  да  түзуге  қатысады.  Бүйен 

мен  қан  айналым  жүйесінің  арасында  алмасу  процесі  қарқынды  жүреді. 

Бүйен  қандағы  көмірсулардың  ыдырау  өнімдерінің  (əсіресе  ҰМҚ),  амин 

қышқылдарының  құрамдық  сипатын  сақтауда  маңызды  рөл  атқарады  (Т. 

Несіпбаев). 

    Тоқ  ішекте  белоктардың  айтарлықтай  көп  мөлшері  ыдырап,  организмге 

сіңеді. Жылқыларда белоктың 39 пайызы, сиырда 31, шошқада 30 пайызы тоқ 

ішекте қорытылады. Күйіс малы тоқ ішекке өткен клетчатканың 30 пайызын, 

ал  жылқы 40-50 пайызын  қорытып, олар негізінен  ҰМҚ  түрінде  сіңеді.  Тоқ 

ішекте  белоктардың  шіруінің  нəтижесінде  аммиак,  көмір  қышқыл  газы, 

күкіртті сутегі жəне уытты аминдер - крезол, фенол, индол, скатол түзіледі. 

Бұл  улы  заттар  қанға  сіңіп,  бауырға  тасымалданады  да,  сол  жерде  күкірт 

қышқылымен  немесе  глюкурон  қышқылымен  қосылып,  залалсызданады. 

Сонымен  қатар  тоқ  ішекте  əр  түрлі  биохимиялық  процестер  жүреді: 

сульфидтер  түзіліп,  билирубин  стеркобилинге,  холестерин  -  копростеринге 

айналады. Тоқ ішек арқылы несепнəр мен кейбір минералды заттар бөлінеді. 

    Тоқ  ішекте  жынның  жылжу  жылдамдығы  9-10  есе  баяулап,  ас  қорыту 

процесі  аяқталады,  мұнда  түзілген  қоректік  заттардың  ыдырау  өнімдері 

сорылады.  Тоқ  ішекте  судың  пəрменді  түрде  сорылуының  салдарынан  азық 

қалдықтары  сусызданып,  нəжіске  айналады.  Нəжістің  құрғақ  затында  орта  

есеппен   10-20  пайыз протеин, 5 пайыз май, 40 пайыз клетчатка, 35 пайыз  

ерігіш көмірсулар, 5 пайыз күл болады. Шамамен нəжістің 35-55 пайызы өлі 

микроорганизмдерден тұрады. 

    Тоқ  ішекте  жүретін  микробиологиялық  жəне  биохимиялық  процестердің 

күйіс қайырмайтын мал үшін, əсіресе жылқы үшін, маңызы өте зор. Жылқы 

бүйені  конус  пішінді  келеді  де,  оның  ұзындығы  1  м,  сыйымдылығы  32-37 



 

244


литрге  жетеді.  Демек,  қарынмен  салыстырғанда  оның  сыйымдылығы  2  есе 

көп, сондықтан оны жылқының қарыны деп те атайды. 

    Жылқы  бүйенін  үш  бөлікке  бөлуге  болады:  бүйен  басына  (бүркеншік), 

дене  тұлғасына  жəне  бүйен  ұшына.  Бүйен  қабырғасындағы  екі  қабат 

бірыңғай  салалы  еттердің  жиырылуының  əсерінен  ондағы  жын  жақсылап 

араласып,  шайқалады.  Ащы  ішектен  түскен  жын  бүйеннің  үлкен  иіні 

бойымен  жылжып  отырып,  оның  дене  тұлғасына  өтеді  де,  бұл  жердегі 

химуспен  жақсылап  араласады.  Үлкен  иін  бойында  толқынды  жəне  қарсы 

толқынды əлсіз жиырылулар кездеседі. Ал, бүйеннің негізгі жиырылуы оның 

ұшынан  басталып,  дене  тұлғасына  тарайды  да,  бүркеншікке  келіп  бітеді. 

Бүйен  толып,  жынның  деңгейі  көтерілген  соң  бүйеннің  жоғары  жағы 

белдеулене  жиырылады  да,  ондағы  химустың  біраз  бөлігі  бүркеншікке 

түседі.  Бұл  жерде  жын  жақсы  шайқалып,  араласады  да,  қайтадан  бүйеннің 

тұлға  денесіне  өтеді.  Осындай  бүйен  бүркеншігінің  кері  бағытталған 

жиырылуы белгілі ырғақпен əр 15-20 секундтан кейін қайталанып отырады. 

Бүйен қабырғасындағы сақиналы ет қабаты жиырылғанда, онда буылтықтар 

пайда болып, жын жақсырақ араласа түседі. Бүйен толған соң оның жоғары 

жағында  екпінді  жиырылу  басталады.  Бұл  қимылдың  белгілі  ырғағы 

болмайды  да,  50  секунд  пен  7,5  минут  аралығында  қайталанып  отырады. 

Бүйен бүркеншігі мен дене тұлғасы жиырылғанда оның қуысындағы қысым 

жоғарылап, жынның біраз бөлігі қартаға өтеді. 

    Бүйеннің  жиырылу  жылдамдығын  жүйке  жүйесі  реттейді.  Кезеген  жүйке 

оның  жиырылуын  күшейтеді,  ал  симпатикалық  жүйке  -  баяулатады.  Бүйен 

қуысындағы  жынның  оның  кілегей  қабығына  механикалық  əсерінен 

бүйеннің жиырылуы күшейеді. 

    Бүйен қуысында ащы ішекте басталған қоректік заттардың ыдырау процесі 

одан  əрі  жалғасады.  Ащы  ішектен  өткен  амилаза,  сахараза  жəне  лактаза 

ферменттерінің  əсерімен  көмірсулар  өздерінің  ақырғы  ыдырау  өнімдеріне  - 

моносахаридтерге  айналады.  Пептидаза,  полипептидаза  ферменттері 

белоктарды  амин  қышқылдарына  ыдыратады.  Бұл  процестердің  жүруіне 

бүйен  куысындағы  əлсіз  сілтілік  орта  да  (РН  -  7,5-7,3)  қолайлы  жағдай 

туғызады. 

    Бүйен  қуысындағы  азықтың  қорытылуына  онда  өніп-өсетін  мик-

роорганизмдер бөлетін ферменттер де көп ықпал етеді. Қазіргі кезде жылқы 

бүйенінде  əр  түрлі  қарапайым  микроорганизмдер  (инфузориялар),  алуан 

түрлі  бактериялар  жəне  ашытқылар  болатыны  анықталды.  Осы 

микроорганизмдердің  əсерінен  бүйенде  көмірсулардың  сүт  қышқылды  ашу 

процесі  қайта  басталады.  Инфузориялар  мен  бактериялардың  қатысуымен 

бүйенде организмде ең қиын қорытылатын клетчатка да ыдырап, сүт, сірке, 

майлы қышқылдар сияқты ыдырау өнімдері мен көмір қышқыл газы, метан, 

сутегі сияқты газдар түзіледі. Бүйенде орта есеппен рациондағы əрбір 100 г 

құрғақ затқа 6 грамм шамасында ҰМҚ түзіледі. Бүйендегі микроорганизмдер 

қиын  қорытылатын  өсімдік  белоктарын  да  ыдыратып,  амин  қышқылдарын, 



 

245


төменгі  қатардағы  май  қышқылдарын,  аммиак  сияқты  қосылыстар  түзеді. 

Май  қышқылдары қанға  сіңіп, организмде  майлар  мен  белокты  синтездеуге 

жұмсалады. Бүйендегі белоктың жалпы мөлшерінің 13 пайызы бактериялар, 

ал 


25 

пайызы 


инфузориялар 

денесінің 

құрамына 

кіреді. 


Бұл 

микроорганизмдер  қартада  қорытылып,  олардың  құрамындағы  белоктар 

организм үшін қоректік заттың қосымша көзі болады. 

    Бүйенде  өңделген  жын  жылқыда  қартаға,  күйіс  малдарында  қимаға  өтеді. 

Жылқы  қартасының  жалпы  ұзындығы  6-9  м,  сыйымдылығы  100  л  жетеді. 

Қарта мен қима кілегей қабығында бүрлер болмайды, есесіне шырыш түзетін 

бокал  тəрізді  торшалар  көп  мөлшерде  кездеседі.  Кілегей  қабық  көптеген 

қатпарлар құрып, онда бездердің түтіктері ашылады. Қарта қабырғасындағы 

бездердің жалпы саны 100-150 млн. жетеді. Кілегей қабық астында көптеген 

лимфа  түйіндері  орналасады.  Қарта  мен  қима  сөлінің  көп  мөлшері  (98 

пайызы) судан тұрады. Оның құрамында түрлі органикалық, бейорганикалық 

заттар  жəне  лейкоциттер  кездеседі.  Қарта  сөлі  құрамындағы  сілтілік 

қосылыстар  көмірсулар  ашыған  кезде  пайда  болған  ұшпалы  май 

қышқылдарын  бейтараптап,  оның  қуысындағы  қышқыл  -  сілтілік  тепе-

теңдікті бір деңгейде (РН - 6,9-7,1) ұстап тұрады. 

    Қарта мен қимада аз мөлшерде болса да майлар да ыдырайды. Бұл процесс 

липаза  ферменті  мен  кейбір  микроорганизмдердің  қатысуымен  жүреді. 

Қартада  микроорганизмдердің  əсерімен  холестерин  жəне  өт  пигменттері  де 

ыдырайды. 

    Қоректік  заттардың  ыдырауымен  қатар  тоқ  ішекте  микроорганизмдердің 

қатысуымен В тобындағы дəрмендəрілер жəне К дəрмендəрісі түзіледі. Айта 

кетер жай, тоқ ішекте дəрмендəрілерді түзетін бактериялармен қатар оларды 

пайдаланатын  микроорганизмдер  де  өседі.  Бұл  микроорганизмдер  тобы 

белгілі  бір  тепе-теңдікте  тіршілік  етеді  де,  сол  арқылы  дəрмендəрілер  түзу 

жəне пайдалану процестері реттеліп отырады. 

    Тоқ ішектің соңғы бөлімдерінде жын реакциясы қышқылдық ортаға қарай 

ығысып (РН - 6,2), ас қорыту процесі тоқтатылады. Тоқ ішекте сіңіру процесі 

ащы  ішекпен  салыстырғанда  əлдеқайда  баяу  жүреді.  Сондықтан  көмірсулар 

мен белоктардың ыдырау өнімдерінің біраз бөлігі организмге сіңіп үлгермей 

нəжіс құрамында бөлінеді. 

    Нəжіс  бөлу  (дефекация).  Ас  қорыту  жолында  қорытылмаған  азық 

қалдығы тоқ ішек бойымен жылжи отырып, қоюланып, тығыздалып, нəжіске 

айналады  да,  тік  ішекке  өтеді.  Осы  нəжіс  массасын  сыртқа  шығаруды 

қамтамасыз ететін күрделі рефлексті нəжіс бөлу - дефекация (латын тілінде 



fаесіs – тұнба, қою қалдық деген мағына береді) деп атайды. Бұл актыда екі 

кезең  байқалады.  Афференттік  -  дефекацияға  мұқтаждық  тудыру  жəне 

эфференттік - нəжіс шығару. 

    Дефекация  тік  ішектің  кілегей  қабығын  жиналған  нəжіс  массасының 

тітіркендіруінің  нəтижесінде  басталады.  Бұл  процесс  тік  ішек  қуысындағы 

қысым  сынап  бағанасымен  50-60  мм  көтерілгенде  басталады.  Тік  ішектен 




 

246


қозу  импульстері  вегетативтік  жүйке  тармақтарымен  жұлынның  құйымшақ 

бөлігінде  орналасқан  дефекация  орталығына  беріледі.  Одан  орталықтан 

тепкіш  жолдармен  қозу  импульсі  ішкі  (бірыңғай  салалы  етті)  жəне  сыртқы 

(көлденең  жолақ  етті)  қысқыштарға  бағытталады.  Ішкі  қысқышқа  қозу 

импульсі  жамбас  жүйкесі,  ал  сыртқы  қысқышқа  –  тұлғалық  (жыныс) 

жүйкесінің  қозғағыш  талшықтарымен  беріледі.  Аталған  қысқыштар 

дефекация  аралығыда  тонуста  болады.  Орталықтан  келген  қозу 

импульстерінің  əсерінен  қысқыштар  босаңсып,  тік  ішектің  толқынды 

жиырылуы күшейеді. Дефекация кезінде құрсақ еттері мен көкет жиырылып, 

мал  күшенеді  де,  құрсақтағы  қысым  жоғарылайды.  Бұл  баяндалған  рефлекс 

еріксіз жүреді. Сонымен қатар гипоталамус пен үлкен ми жарты шарларының 

əсерімен  дефекация  ерікті  түрде  де  реттеледі.  Оның  себебі  сыртқы  қысқыш 

ерікті  түрде  жиырылып,  босаңси  алады.  Осыған  байланысты  симпатикалық 

жүйке  арқылы  ауырсыну  түйсігі,  үрей  нəжіс  бөлуді  тежейді.  Қарын  қатты 

керілсе, тік ішектің жиырылуы күшейеді. 

    Үй  жануарлары  (ит  пен  мысықтан  басқалары)  нəжісті  қимыл  үстінде, 

түрегеп тұрып не жатып та бөле береді. Нəжіс бөлу жиілігі, бөлінген қидың 

мөлшері, оның қоюлығы малдың түріне байланысты (24-табл.).  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет