236
мембранасындағы диаметрі 4 ангстрем шамасындағы жасушалар (майда
тесіктер) арқылы диффузия заңдылығына сəйкес су, көмір қышқыл газы,
оттегі, аммиак, түрлі дəрілер, бөгде заттар сіңеді. Осыған байланысты Дюбуа
- Реймон сіңіру процесін физика-химиялық құбылыс ретінде түсіндірген.
Бірақ терең зерттеулер ішектегі сору процесін тек физика заңдылықтарымен
(сүзілу, осмос, диффузия) түсіндіруге болмайтынын көрсетті. Мысалы, қан
капиллярларындағы қысым с.б. 30-40 мм, ал ішек қуысындағы қысым - 5 мм
шамасында. Физика заңымен гипотониялық ерітіндінің, судың диффузиялық
градиентке қарсы сіңуін түсіндіру қиын. Дегенмен, ішек қуысындағы қысым
жоғарыласа, сору процесі күшейеді. Малдың оқшауланған ішек қиындысына
сол малдың өз қанын құйса, біраз уақыттан кейін қан толық сіңіп кетеді.
Ішектің кілегей қабығына есірткі (наркоздық) заттармен əсер етсе, сору
процесі уақытша бөгеледі де, энтероциттерді уландырғанда тоқтап қалады.
Осы мысалдар сіңіру механизмін физика - химиялық процесс ретінде
түсіндіруге
болмайтынының,
бұл
құбылыстың
ішектің
эпителий
торшаларына тəн биологиялық құбылыс екенінің айғағы. Сондықтан ішек
эпителийін тек жартылай өткізгіш жарғақ ретінде қарамай, оны күрделі
физиологиялық қызмет атқаратын аппарат ретінде қабылдау керек.
Достарыңызбен бөлісу: