Жануар физол


 Азық қабылдаудың физиологиялық негізі



Pdf көрінісі
бет186/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   504
8.10. Азық қабылдаудың физиологиялық негізі. 

Аштық пен тоқтық, сусау мен сусындау механизмі 

 

    Азықты жеу, тоқтық түйсік. Азық жеуге ынтықтық (немесе тəбет) аштық 



түйсігінен туындайды. Аш мал мазасызданып, аяқтарын тарпып, тыпыршып 

қимылдайды  да,  дыбыс  беріп,  азық  іздей  бастайды.  Мал  əлсіреп  сілекей 

бөліну  күшейеді.  Аштықтың  салдарынан  зат  алмасу  процесінің  қарқыны 

бəсеңдеп, жылу түзу төмендейді. 

    Аштық - малдың азық жеуге деген обúективті ынтықтығының субúективті 

түйсігі. Ол И.П.Павлов «Тағам орталығың деп атаған орталық жүйке жүйесі 

аймағының қозуына байланысты. Бұл орталық малдың азықты іздеп табуын, 



 

248


қабылдауын  (жеуін)  жəне  ас  қорыту  ағзаларының  қимыл-əрекеті  мен 

секрециялық қызметтерінің өзара үйлесімін реттеп отырады. Тағам орталығы 

лимбика  жүйесін,  ми  бағанасының  торлы  құрылымын,  гипоталамусты  жəне 

орталық  жүйке  жүйесінің  ас  қорыту  ағзаларына  эфференттік  импульстер 

бағыттайтын  түрлі  нейрондарын  қамтиды.  Тағам  орталығының  басқа 

бөлімдерінің қызметін, аштық пен тоқтық сезімнің туындауын гипоталамуста 

орналасқан  арнаулы  ядролар  –  «аштық  жəне  тоқтық  орталықтарың 

реттейді. Гипоталамустың латеральды аймағының ядроларын зақымдаса, мал 

азық жеуден бас тартып (афагия), оларды тітіркендіргенде азықты тоқтаусыз 

жей  береді  (гиперфагия).  Гипоталамустың  ортаңғы  үстірт  аймағындағы 

вентромедиальдық  ядроларды  зақымдағанда  гиперфагия  байқалып  (102-

сурет), мал қатты семіреді де, оларды тітіркендіргенде - афагия байқалады. 

Тағам  орталығының  қозғыштығы  түрлі  гуморальды  тітіркендіргіштердің 

жəне  ас  қорыту  ағзалары  рецепторларынан  келген  қозу  толқындарының 

əсерінен  жалғасып,  сүйемелденіп  отырады.  Аш  малға  тоқ  малдың  қанын 

құйса, біраз уақытқа аштық түйсік басылып, азықты іздеуге жəне қабылдауға 

бағытталған рефлекстер бəсеңдейді. 

Аштық  түйсігінің  қалыптасуын  түсіндіретін  бірнеше  теория  бар. 



Глюкостатикалық  теорияға  сəйкес  ол  қандағы  глюкоза  деңгейінің, 

липостатикалық  теорияға  сəйкес  -  еркін  май  қышқылдарының  алмасу 

өнімдерінің  төмендеуімен  байланысты.  Аталған  əр  теорияның  негізі  бар. 

Бірақ жалғыз камералы қарны бар жануарлар үшін глюкостатикалық теория 

орынды.  Оған  аралық  ми  құрылымдарында,  бауырда,  қарында,  ішек 

қабырғасында торшаларға тиесілі глюкоза деңгейінің азайғаны жайлы тағам 

орталығына  хабарлап  отыратын  рецепторлардың  болуы  дəлел.  Дегенмен 

көптеген ғалымдардың пікіріне сəйкес аштық түйсігі көп компонентті алмасу 

өнімдерінің шеткі жəне орталық рецепторларға əсерінен туады. 

 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет