40. Əр түрлі жануарлар сүтінің химиялық құрамы,%
Жануарлар
Құрғақ
зат
Май
Белок
Казе
ин
Сүт
канты
Күл
Тығыз
дық
20
°
Қышқыл-
дық, *Т
Сиыр
Ешкі
Саулық
Буйвол
Аруана
Інген
Зебу
Қодас
Бие
Мəші
Мегежін
Қаншық ит
Қоян
Бұғы
Дельфин
Кит
13,0
13,4
18,5
17,5
13,0
15,0
15,9
17,8
10,7
9,9
17,4
21,1
30,5
33,8
51,2
54,3
3,7
4,3
7,2
7,7
4,5
5,4
7,0
6,8
1,8
1,4
5,9
8,6
10,5
18,7
43,7
40,0
3,3
3,6
5,7
4,2
3,6
3,8
4,5
5,0
2,1
1,9
6,2
7,1
15,5
10,0
5,6
12,0
2,8
3,0
4,5
3,5
2,7
2,8
3,7
2,9
1,2
1,0
-
4,0
-
8,7
—
—
4,8
4,5
4,6
4,7
4,9
5,0
3,5
5,0
6,4
6,2
6,0
4,1
2,0
3,6
1.4
1,1
0,7
0,85
0,9
0,8
0,7
0,7
1,5
0,9
0,35
0,5
1,1
1,3
1,0
1,4
0,9
1,2
1,029
1,030
1,034
1,029
1,030
1.32
-
-
1,032
1,011
1,21
1,021
1,19
1.4
0,9
1,2
17,0
17,0
25,0
17,0
16,5
17,5
-
-
6,5
6,0
9,3
6,9
8,7
12,0
12,0
-
41. Сиыр уызы мен сүтінің салыстырмалы құрамы (орташа,%)
Құрамалар
Уыз
Сүт
Су
Құрғақ зат
Белок (жалпы мөлшері)
Оның ішінде: иммуноглобулиндер
Казеин
Лактоза
Сүт майы
Минералды заттар
72
28
20
11
5,0
2,5
3,4
1,8
87
13
3,3
0,1
2,7
5,0
3,6
0,7
макрофагтар - липофагтар деп атайды. Олар сопақша келеді, мөлшері
15-40 мкм. Бұл торшалар да кеуекті жəне кеуексіз болып бөлінеді. Олардың
ядролары да сопақша, кейде кеуекті келеді. Ядро мөлшері 5-20 мкм. Ірі
эпителийлік торшалар көп ядролы құрылым - симпласт түрінде болады. Олар
432
өте сирек кездесетін, сопақша, 2-3 ядролы торшалар. Олардың мөлшері 40-
100 мкм, ядросының мөлшері 5-20 мкм.
Сүт түйіршіктерінің екінші үлкен тобын лейкоциттерге ұқсас торшалар
құрайды. Оларға мөлшері 7-15 мкм келетін сүттің нейтрофильдік
лейкоциттері жатады.
Аталған торшалар тобынан басқа сүт құрамында сүт денешіктері деп
аталған дөңгелек немесе сопақша майда құрылымдар кездеседі. Сыртынан
олар ірі май шарларына ұқсас, бірақ қара-көк көмкермесі болуымен
байланысты олардың бейнесі анық байқалады. Бұл торшалар мөлшері 6-200
мкм, олардың ішінде көбінесе май шарлары, май қышқылдарының
кристалдары болады. Осы жоғарыда аталған торшалармен қатар сүт
құрамында жеке ядролар, жазық эпителий торшалары, лимфоциттер,
моноциттер, май қышқылдарының кристалдары кездеседі.
Суалар алдында буаз сиырлар сүтінің құрамында негізінен майда
эпителийлік торшалар, нейтрофильдер, лимфоциттер жəне жеке ядролар
кездеседі. Суалған мал желіні секретінің жағындысында аталған
торшалармен қатар көп ядролы эпителийлік торшалар пайда болады. Жаңа
бұзаулаған сиыр уызының 1 мл-де торшалар саны 1,5 —5,4 млн жетеді де,
бес күннен кейін олар 0,5 млн-ға дейін азаяды. Сүттену кезеңінің 1-айының
соңында 1 мл сүт құрамындағы торшалар саны 50 мың шамасында
сақталады. Осыдан сүттің торшалық құрамына қарай сүттену кезеңін 3
сатыға бөледі: уыз бөлу сатысы, аралық саты жəне сүт бөлу сатысы. Уыз
бөлу кезеңінде жағындыда көп мөлшерде нейтрофильдер болады да,
эпителийлік торшалар кездеспейді. Сүттің торшалық құрамын зерттеудің
желін ауруларын, секрециялық процесс деңгейін анықтауда маңызы зор.
13.5. Сүттің түзілуі
Сүт күрделі процестер нəтижесінде пайда болатын биологиялық сұйық.
Бұл процесс бірнеше сатыда өтеді:
1). Сүттің өзіне тəн құрамаларын (компоненттерін) түзу; 2). Сүт
құрамына енетін заттарды қаннан сүзу; 3). Түзілген заттардың біраз
мөлшерін кері сору.
Сүттің өзіне тəн құрамалары — белоктар, май, қант, төрт сатылы
процесс нəтижесінде түзіледі: а) желін альвеолаларының безді
торшаларының қан құрамындағы сүт құрамаларының алғы заттарын сіңіруі;
б) альвеолалардың секрециялық торшаларында сүттің өзіне тəн заттардың
түзілуі; в) түзілген заттардың сол торшаның апикальдық бөліктеріне
ығысып, жинақталуы; г) олардың без торшаларынан желін альвеолалары
қуысына шығарылуы.
Альвеолалар эпителийі торшаларының синтездеу қабілеті өте жоғары.
Мысалы, сиыр əр минутта 0,6 г. белок, 0,82 г. қант жəне 0,7 г май түзе алады.
Сүт түзу үстінде без торшалары қан құрамындағы кейбір заттарды сіңіріп,
433
жинақтайды да, біраз заттарды өзіне өткізбейді, демек оларға талғамдылық
қасиет тəн.
Достарыңызбен бөлісу: |