тола келе желіндегі қысым с.б. 50-70 мм-ге дейін көтеріледі де, бірыңғай
437
салалы еттердің тонусы төмендейді. Төл емген, немесе мал сауылған кезде
рефлекторлы түрде бірыңғай салалы ет талшықтары жиырылып, желіннің
ішіндегі қысым жоғарылайды.
Мал сауылып болғаннан соң қысым нөлге дейін төмендейді де, сүт
жинала келе ол қайта көтеріледі. Сауыны келген мама биелерде желіндегі
қысым 40-60 мм-ден артып кетсе, сүт үрпіден алдымен тамшылап, соңынан
сорғалап ағады. Желіндегі қысым тым жоғарылап кетуі, сүттің түзілуін
тежейді.
Малдың сүттілігі желіннің сиымдылығына байланысты. Биелер үшін
желін сиымдылығының тиімді мөлшері 1-1,5 л, ал оның ең үлкен мөлшері —
2,5 л. Сиырларда желін сиымдылығы 18-25 л., ал өте сүтті сиырларда — 40-
50 л жетеді.
Желін сиымдылығы желін қуыстарының көлеміне, альвеолалар мен сүт
жолдарының, өзектерінің даму деңгейіне байланысты. Желіннің сиымдық
жүйесі күрделі тонустық рефлекс нəтижесінде белгілі ретпен толады.
Альвеола қуысында жиналған сүт желіннің интеро- жəне барорецепторларын
тітіркендіреді де, тітіркеніс сезімтал (сыртқы ұрықтық, мықын-шаптық)
жүйкелер арқылы ОЖЖ бағытталады. Осы тітіркеніске жауап ретінде сүт
өзектерінің бірыңғай салалы еттері жиырылып, қышқыш ет босаңсиды да,
сүт желін қуысына өтеді. Бұл процесті желіндегі сезімтал жүйке ұштарының
(уқалау, желінді жуу) тітіркенуі шапшаңдатады. Сақа малда сүттің желіннің
сиымдылық жүйесіне өтуі шартты рефлекс түрінде (сауыншының келуіне,
сауу процесімен қабаттасатын тітіркендіргіштерге т.б.) де атқарылады.
Достарыңызбен бөлісу: