436
149-сурет.
Альвеолалық
жəне
миоэпителийлік
торшалардың
ультрақұрылымы:
1 — түйіршікті эндоплазмалық тор; 2 — ядро; 3 — Гольджи аппараты; 4 —
май тамшылары; 5 — миоэпителий торшасы; 6 — миофиламенттер; 7 —
дəнекер ұлпа; 8 — капилляр қабырғасы; 9 — базальдық мембрана.
Секрециялық
процестің
цитофизиологиясы
өте
күрделі.
Цитофизиологиялық процесс деп жеке субторшалық құрылымдардың сүт
құрамаларын түзу, оларды торша ішінде жылжыту жəне альвеолалар
қуысына бөлу процесіне қатысуын қамтитын құбылыстарды айтады.
Сүт түзу əрі ұзақ, əрі күрделі процесс. Орта есеппен желін безінің əр
грамы тəулігіне 1 мл сүт түзеді.
Желін альвеолалары торшаларында түзілген белоктар, майлар, көмірсулар
альвеолалар қуысына голокриндік, апокриндік, мерокриндік, леммокриндік
(секрет тамшыларының плазмалық мембрана жарқыншақтарымен бөлінуі -
экстурзия) жолдармен бөлінеді. Желінде негізінен мерокриндік жəне
леммокриндік секреция типтері басымырақ.
Секрециялық торшалардан синтезделген заттарды бөлу үшін мол қуат
қажет. Оны торшалардың апикальдық бөлігінде көп мөлшерде жинақталатын
митохондрий мен фосфатазалар қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: