Жануар физол



Pdf көрінісі
бет345/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   504
14.3. Тітіркендіру заңдары 

 

Ұлпаларда    қозу  процесі    тітіркендіру    нəтижесінде    туындайды. 



Тітіркендіру  деп  əр  түрлі  тітіркендіргіштердің  тірі  ұлпаларға  əсер  етуін 

айтады.  Ал,  тітіркендіргіш  дегеніміз  өз  əсерімен  тірі  ұлпаларда  қозу 

процесін 

тудыратын 

ішкі 

немесе 


сыртқы 

орта 


факторлары, 

агенттері.Тітіркендіргіштер əртүрлі негізде жіктеледі. 



Энергиялық табиғатына қарай тітіркендіргіштер химиялық (қышқылдар, 

сілтілер, тұздар, улар т.б.), физикалық (механикалық, термиялық, электрлік, 

дыбыстық,  сəулелік:  альфа-,  бета-,  гамма-  жəне  рентген  сəулелері), 

биологиялық (гормондар, микробтар, вирустар) т.б. болып бөлінеді. 

 

Ұлпалар  мен  организмге  биологиялық  əсеріне  қарай  тітіркендіргіштерді 



үйреншікті  (адекватты)  (латын тілінен аударғанда adaeguatus - бара-бар, 

арнаулы деген  мағына береді)   жəне тосын (инадекватты)  деп жіктейді. 

Ұлпаларға  қалыпты,  табиғи  тіршілік  жағдайларында  əсер  ететін 

тітіркендіргіштерді  адекватты  (үйреншікті)  тітіркендіргіш  дейді.  Олардың 

əсеріне  ұлпалар  мен  органдар  эволюциялық  даму  барысында  бейімделіп 

үлгерген.  Мəселен,  ет  талшықтары  үшін  жүйке  тітіркенісі,  көздің  торлы 

қабығының  рецепторлары  үшін  -  сəуле,  есіту  рецепторлары  үшін  -  дыбыс 

толқыны  адекватты  тітіркендіргіштер  болып  табылады.  Инадекватты 



(тосын)  деп  ұлпалар  мен  органдарға  табиғи          жағдайда  əсер  етпейтін 

тітіркендіргіштерді айтады. Қалыпты жағдайда олар ұлпаларда қозу процесін 

тудырмайды,  бірақ  əсері  күшті  немесе  ұзақ  болса,  тітіркендіргіш  рөлін 

атқарады. Мысалы, əртүрлі механикалық əрекет (соғу, шаншу, қысу), электр 

тогы, қышқылдар т.б. бұлшық етті жиырылтады. 

 

 



153-сурет. Қозудың өрістік заңы: 

І –  өрлеу  тогы;   

2  –  төмендеу тогы. 



 

455


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Тосын  тітіркендіргіштер  арасынан  физиологиялық  процестерді  зерттеу 

мақсатында  электр  тогы  кең  қолданылады.  Оның  себебі,  табиғаты  жағынан 

электр  тогы  қозу  кезінде организмде  пайда  болатын биотокпен  тектес  жəне 

токтың  күшін,  əсер  мерзімін,  градиентін  оңай  өзгертуге  болады.  Осыдан 

экспериментте қолданылатын ток күші ұлпаны зақымдамайды. 

Ет пен жүйке жақсы электролит, токты оңай өткізеді. Оларға тұрақты ток 

көзімен  жалғасқан  екі  электрод  тигізсе,  иондар  алмасу  процесі  жүреді  де, 

анодқа  -  аниондар,  катодқа  -  катиондар  жиналады.  Е.Перлюгер  деректеріне 

сəйкес  тұрақты  ток  ұлпаны  тек  қана  электр  тізбегі  тұйықталған  жəне 

ажыраған  кезде  ұлпаның  барлық  жерін  емес,  тек  электродтар  жанасқан 

жерлерін ғана тітіркендіреді. Орташа күші бар ток тізбегі тұйықталған кезде 

қозу  катодта,  ал  ажыраған  кезде  -  анодта  пайда  болады.  Бұл  құбылыс 

«тітіркендірудің өрістік заңың деп аталады (153-сурет). 

Əсер  күшіне  қарай  тітіркендіргіштер  табылдырықты,  табылдырықтан 

төмен жəне табалдырықтан жоғары болып бөлінеді. 



Тітіркену  табалдырығы  (бастау  күш)  деп  қозу  процесін  тудыратын 

тітіркендіргіштің  ең  аз  шамасын  айтады.  Əсер  күші  бұл  шамадан  төмен 

тітіркендіргіштерді 

табалдырықтан 

төмен, 

ал 


артықтарын 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет