Жануар физол



Pdf көрінісі
бет343/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   504
салыстырмалы  рефрактерлік  кезең  деп  атайды.  Ол  кері  үйектенумен  - 

əрекет  потенциалы  шыңының  төмендеп,  оның  іздік  үйексізденуге  айналған 

кезеңімен  сəйкес  келеді  (152-сурет,  3,7).  Салыстырмалы  рефрактерлік 

сатысы  жүйке  талшықтарында  1–10,  ал  ет  талшықтарында  30  мс.  дейін 

созылады. 

Осыдан  кейін  экзальтация  сатысы  деп  аталған  қозғыштықтың 

жоғарылау  сатысы  басталады  (латын  тілінен  аударғанда  exsaltatіo  –  күшті 

қозған деген мағына береді). Мерзім жағынан бұл кезең іздік үйексізденудің 

соңымен  сəйкес  келеді.  Экзальтация  сатысының  ұзақтығы  жүйкеде  -  20, 

бұлшық етте - 50 мс шамасында. 

Экзальтация сатысынан соң ұзақ субнормалы саты басталады. Бұл кезде 

ұлпалар  қозғыштығы  тыныштық  сатысымен  салыстырғанда  төменірек 

болады. Субнормалы кезең іздік гиперүйектенумен сəйкес келеді. 

Қозудың  табиғатын  түсіндіретін  мембраналық  теорияға  сəйкес 

абсолюттік  рефрактерлік  саты  натрий  иондарының  торша  ішіне  өтуінің 

тиылып,  мембрананың  калий  иондарына  өтімділігінің  жоғарылауымен 

байланысты.  Осының  нəтижесінде  мембрананың  қозғыштығы  уақытша 

жоғалып,  онда  жаңа  тітіркендіруге  жауап  ретінде  əрекет  потенциалы 

туындамайды. 

Салыстырмалы 

рефрактерлік 

жағдайында 

натрий 


иондарының  өтімділігін  төмендететін,  калий  иондарының  өтімділігін 

жоғарылататын  жағдайлар  жойылып,  мембрананың  тыныштық  күйіндегі 

қасиеттері  қалпына  келеді.  Осының  нəтижесінде  торшалар  мембранасының 

қозғыштығы  мен  оның  əрекет  потенциалын  тудыру  қабілеті  біртіндеп 




 

452


қалпына  оралады.  Зат  алмасу  процесі  үшін  қолайсыз  жағдайлар  туындаса, 

қалыптастыру  процестері  баяулап,  салыстырмалы  рефрактерлік  мерзімі 

ұзарады.  Дегенмен,  қозғыштықтың  төменгі  деңгейде  сақталуымен 

байланысты, салыстырмалы рефрактерлік жағдайында қозу процесін тудыру 

үшін тітіркендіргіш күші зор болу керек. 

Экзальтация 

сатысында 

торшаларда 

қалыптастыру 

процестері 

толығымен  аяқталады.  Іздік  үйексіздену  шегіне  жақындап,  торшаның 

қозғыштығы  жоғарылайды  (үйексіздену  деп  мембраналық  потенциал 



деңгейінің  төмендеуін  атайды).  Осы  кезде  торшаға  ықпал  еткен 

тітіркендіргіштің  əсері  күшейеді,  сондықтан  күші  табалдырықтан  төмен 

тітіркендіргіштің  өзі  табалдырықтан  жоғары  тітіркендіргіштей  əсер  етеді. 

Экзальтация сатысында ұлпаларда келесі қозу тітіркенісінің пайда болуына 

қолайлы  жағдай  қалыптасады,  ұлпа  қайта  қозуға  дайын  күйге  оралады. 

Экзальтация  сатысы  қозғыш  ұлпалардың  ырғақты  əрекет  атқаруында 

маңызды физиологиялық рөл атқарады. Егер тітіркендіргіш əсерінің ырғағы 

экзальтация сатысымен сəйкес келіп отырса, онда ұлпалар қызметі күшейіп, 

олар тиімді əрекет етеді. 

Субнормалы  кезең  іздік  гиперүйексіздену  (мембраналық  потенциал 

деңгейінің  жоғарылауы)  өршіген  кезде  қалыпталады.  Бұл  мерзімде 

тыныштық потенциалы жоғарылайтындықтан үйексіздену процесін қажетті 

шекке жеткізіп, қозу тудыру үшін күшті тітіркендіргіш қолдану керек.   

Қозғыш  ұлпаларға  қозғыштықпен  қатар  функционалды  құбылмалық 



(лабильділік)  қасиеті  тəн.  Оны  1892  жылы  əртүрлі  ырғақты  тітіркендірудің 

жүйке-ет  препаратына  əсерін  зерттеу  үстінде  орыс  ғалымы  Н.Е.Введенский 

ашқан. 

Ұлпаның  физиологиялық  күйіне,  тітіркендіру  жиілігіне  жəне  күшіне 

байланысты  қозу  тітіркенісінің  жиілігі  көп  шекте  ауытқып  отырады.  Əрбір 

ұлпада дара қозу тітіркенісі белгілі мерзімге созылады. Осымен байланысты 

Н.Е.Введенский  лабильділікті  ұлпада  жеке  қозу  тітіркенісінің  пайда  болып 

жəне өшіп үлгеретін уақытын сипаттайтын қасиет деп санаған. Лабильділік, 

немесе  функционалды  құбылмалылық    деп  ұлпада  дара  қозу  тітіркенісінің 

пайда  болып  жəне  өшіп  үлгеру  шапшандығын  айтады.  Қозу  толқынының 

ұзақтығы  абсолюттік  рефрактерліктің  ұзақтығымен  анықталады  жəне  ол 

ұлпадағы  биохимиялық  жəне  физиологиялық  процестердің  шапшандығын 

бейнелейді.  Сондықтан  жеке  қозу  толқынын  құрайтын  процестер  неғұрлым 

жіті  жүрсе,  соғұрлым  құбылмалылық  жоғары,  демек  ұлпада  белгілі  бір 

мерзім  ішінде  туындайтын  қозу  толқыны  көбірек  болады.  Ұлпа 

құбылмалылығын құбылмалылық бірлігі деп аталған өлшеммен өлшейді. 



Құбылмалылық  (лабильділік)  бірлігі  деп  1  с  ішінде  тітіркендірулерге 

жауап  ретінде  ұлпада  пайда  болып  үлгеретін  тітіркеністің  ең  көп  шамасын 

айтады.  Жоғары  құбылмалылық  миелінді  тұлғалық  жүйкелерге,  ал  төменгі 

құбылмалылық  -  миелинсіз  вегетативтік  жүйкелерге  тəн.  Тұлғалық 




 

453


жүйкелерде  1  с  ішінде  500  тітіркеніс,  пайда  болып  үлгерсе,  вегетативтік 

жүйкеде  -  200  ғана  импульс  туындайды.  Қаңқа  еттерінің  құбылмалылығы 

бірыңғай  салалы  етпен  салыстырғанда  жоғары.  Мысалы,  қаңқа  еттерінде 

секундына 200 импульс туындай алатын болса, бірыңғай салалы еттерде бұл 

көрсеткіш  10  есе  кем.  Организмнің  өсіп-дамитын  кезеңдерінде 

құбылмалылық жоғарылайды, қартая келе - төмендейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет