Жануар физол



Pdf көрінісі
бет364/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Т

ðîïîíèí 


 

487


осындай принциппен көлденең өскіндер көрші орналасқан актин жіпшелерін 

тартып, жалпы серпінді күш туындайды (173-сурет). 

Бұлшық  ет  жиі  тітіркенсе  (20  Гц  жəне  одан  да  көп)  саркоплазмалық 

тордан босанып шыққан кальций иондары тітіркену аралығында кері қайтып 

үлгермейді  де,  оның  саркоплазмадағы  концентрациясы  жоғарылайды.  Бұл 

жағдай қарыса жиырылу туындауының себебі болып табылады. 



 

   


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

174-сурет. Миофибрилланың жиырылу механизмінің схемасы: 

А  –  босаңсыған,  Б  –  жиырылған  миофибрилла;  В  –  миозин  өсінділеріндегі 

өзгерістер  реттілігі:  а  –  актин,  б  –  миозин  жіпшелері;  в  –  көпірше;  1  – 

тыныштық  күй;  2  –  Са  иондарының  АДФ  жəне  АТФ  молекулаларымен 

əрексттесуі; 3 – өсіндінің тартылып, АТФ-тін АДФ-ке ыдырауы; 4 – АТФ-тің 

жаңа молекуласының қосылып, өсіндінің жазылуы, жаңа əрекетке дайындық 

күй. Нұсқамалар актин мен миозиннің жылжу бағатын көрсетеді. 

 

Бұлшық  еттің  жиырылу  механизмін  түсіндіруде  Америка  ғалымы  Дэвис 



ұсынған  модель  де  көңіл  аударарлық.  Бұл  модельге  сəйкес  бастапқы 

жағдайда  актин  мен  миозинді  байланыстыратын  көлденең  өсінділердің 

табаны мен оның АТФ молекуласы арқылы миозинмен байланысқан ұшында 

теріс зарядтар болады да, өскін созылыңқы жазық күйде қалады (174-сурет). 

Жүйке 

импульсінің 



əсерімен 

əрекет 


потенциалы 

пайда 


болып, 

миофибриллалар  түтікшелерінен  кальций  иондары  босанып  шығады. 

 



 

488


Кальций  иондары  көпірше  АТФ-ы  мен  актиннің  АДФ-ын  байланыстырып, 

АТФ-тың  соңғы  фосфаттық  тобының  теріс  зарядын  бейтараптайды.  Осы 

өзгерістер  нəтижесінде  өсінділер  тартылып,  актин  миозин  бойымен  біраз 

жерге  жылжиды.  Осының  нəтижесінде  АТФ-ы  бар  өскін  ұшы  АТФ-азаға 

жақындайды  да,  оның  əсерімен  АТФ  АДФ-ке  ыдырап,  өскін  мен  актин 

арасындағы  байланыс  үзіледі.  Одан  əрі  саркоплазмадағы  АТФ  əсерімен 

фосфорландыру процесі жүріп, өскін АДФ-ы фосфор қышқылын қосып алып, 

АТФ-ке  айналады  да,  көпірше  ұшында  теріс  заряд  пайда  болады.  Ол  өскін 

табанындағы теріс зарядтан тебіліп, өскін қайта жазылады да, жаңа байланыс 

пайда болады. 

Бұлшық ет кальций иондарының саркоплазмалық тор түтікшелеріне кері 

енуімен 


байланысты 

босаңсиды. 

Кальций 

иондары 


болмаса 

протофибриллалар  арасында  жаңа  байланыс  қалыптаспайды  да,  бұрынғы 

байланыстар миозин АТФ-азасы əсерімен тез үзіліп, ет босаңсиды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет