543
аралық нейрондар арқылы байланысады. Осы аралық нейрондар əртүрлі
орталықтар қызметін үйлестірудің морфологиялық негізі болып табылады
да, орталық жүйке жүйесінің сыртқы əсерлерге біртұтас жауап реакциясын
қамтамасыз етеді.
Орталық жүйке жүйесінің үйлесімді əрекетінің тағы бір морфологиялық
негізгі - сезімтал нейрондар санының қозғағыш нейрондар санынан көп
болуы. Осының нəтижесінде əрбір эфференттік жол синапстық құрылымдар
арқылы көптеген сенсорлық нейрондармен байланысып, нейрондар
жиынтығының ортақ жолы болып шығады. Демек, организімнің əрбір
нақтылы əрекеті əртүрлі рецепторлардың тітіркенуі нəтижесінде іске қосыла
береді. Бірақ əркез ортақ шығар жолға импульстер тек бірлі-жарым сезімтал
нейрондардан ғана келіп түседі. Оның себебі дəл сол мезетте биологиялық
мəні төмен импульстерді тудыратын басқа нейрондар қызметі орталық
жүйке жүйесінде туындайтын тежелу процесінің нəтижесінде тиылады.
Сонымен, жүйке орталықтары қызметіндегі үйлесімдік орталық жүйке
жүйесінің құрылымдық ерекшеліктерінің негізінде қалыптасады.
Орталық жүйке жүйесі қызметін үйлестіруде жүйке орталықтарының
физиологиялық қасиеттерінің - қозу процесінің мысқалдап (біртіндеп)
күшеюінің жəне тежелу процесін тудыруға икемділігінің маңызы зор.
Аталған қасиеттердің арқасында орталық жүйке жүйесінде қозу мен тежелу
процестерінің арасында тиімді ара қатынас қалыптасып, əртүрлі əсерлерге
организм қайтаратын жауапта реттілік, жүйелілік пайда болады.
Орталық жүйке жүйесінде қозу мен тежелу процестері əрі ауқымдық, əрі
мерзімдік ара байланыста болады. Ауқымдық ара байланыс арқылы орталық
жүйке жүйесінің əртүрлі бөлімдерінің, түрлі жүйке орталықтарының
арасындағы үйлестік қалыптасады. Мерзімдік ара байланыс арқылы ОЖЖ-
нің нақтылы бір бөлімінің, белгілі бір орталығының қызметі өзгеріп
отырады.
Қозу жəне тежелу процестерінің арасындағы ауқымдық ара байланыс екі
түрде байқалады: иррадиация (жайылу) жəне индукция (əсерлестік).
Иррадация деп орталық жүйке жүйесінде сыртқы тітіркендіргіштің əсерінен
пайда болған реакцияның таралып, жайылуын айтады. Қозу процесі де,
тежелу процесі де əлсірей өше жайылады. Демек бастапқы реакция
ошағынан алыстаған сайын жүйке процесінің күші əлсірей түседі.
Индукция деп ОЖЖ-дегі əрекетті орталықтан тыс аймақтарда қарама-
қарсы сипатты процестің дамуын айтады. Мысалы, сыртқы тітіркендіргіш
əсерімен белгілі бір орталықта қозу ошағы пайда болса, ОЖЖ-нің іргелес,
тіпті алшақ аймақтарында тежелу процесі туындайды. Егер тежелу
ошағының əсерінен іргелес аймақтарда қозу ошағы пайда болса, онда бұл
құбылысты оң индукция деп атайды. Қозу ошағы іргелес аймақтарда тежелу
процесін тудырса, оны теріс индукция деп атайды.
544
Орталық жүйке жүйесі қызметін үйлестіруде аталған ауқымдық
құбылыстардың маңызы зор. Бірақ олардың əрқайсысы белгілі бір жағдайда
ғана байқалады. Мысалы, əрекетті жүйке орталықтарында қозу немесе
тежелу күші орташа деңгейде болса, онда орталық жүйке жүйесінде
индукция құбылысы байқалады. Ал қозу немесе тежелу процесі əлсіз болған
жағдайда иррадиация құбылысы орын алады.
Иррадиация процесі орталық жүйке жүйесінде күшті қозу немесе тежелу
ошағы пайда болған жағдайда да байқалады. Демек, иррадиация құбылысы
орталық жүйке жүйесіндегі жүйкелік процестердің туындауының,
таралуының негізгі түрі болып табылады.
Сонымен, орталық жүйке жүйесінде сыртқы тітіркендіргіштер əсерімен
пайда болған қозу жəне тежелу ошақтары иррадиация жəне индукция
заңдылықтарына сəйкес əсерлесіп отырады. Демек, кез келген үйлесімді
əрекет, нақтылы рефлекс орталық жүйке жүйесіндегі қозу жəне тежелу
процестерінің өзара ықпалы нəтижесінде қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: