Жануар физол



Pdf көрінісі
бет435/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

20-ТАРАУ.  

 

ЖОҒАРЫ ДƏРЕЖЕЛІ ЖҮЙКЕЛІК ҚЫЗМЕТ 

 

20.1. Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметтің негізгі  

түсініктері мен принциптері 

 

Жануарлар  мен  адамның  үлкен  ми  сыңарлары  қыртысының  əрекетін 



жоғары  дəрежелі  жүйкелік  қызмет  (ЖДЖҚ)  деп  атайды.  Жоғары  дəрежелі 

жүйкелік  қызмет  организмнің  сыртқы  ортаның  құбылмалы  жағдайларына 

бейімделуін,  демек  оның  сыртқы  ортамен  күрделі  қарым-қатынасын 

қамтамасыз етеді. 



Жоғары  дəрежелі  жүйкелік  қызмет  жануарлардың  мінез-қылығының 

нейрофизиологиялық  негізі  болып  табылады.  Оның  құрылымдық  негізі 

болып  үлкен  ми  жарты  шарлары  қыртысы,  алдыңғы  мидың  қыртыс  асты 

ядролары  мен  аралық  ми  құрылымдары  саналады.  Функциялық  тұрғыдан 

жоғары  дəрежелі  жүйкелік  қызмет  жануарлардың  сыртқы  орта 

жағдайларына  мүлтіксіз  бейімделуін  қамтамасыз  ететін  табиғи  туа 

қалыптасқан  (инстинкт)  жəне  жүре  пайда  болған  механизмдердің 

жиынтығы болып табылады. 



Мінез  деп  жануардың  өзінің  табиғи  мұқтаждығы  мен  қоршаған  орта 

жағдайларына  бейімделуін  қамтамасыз  ететін  күрделі  əрекетін  айтады. 

Мінез  тек  белгілі  қимыл-əрекеттермен  ғана  бейнеленбейді.  Ол  жануарға 

сыртқы  орта  мен  өз  организмінің  ішкі  күйін  сезінуді,  əр  түрлі  əсерлерге 

тиімді  жауап  беруді  қамтамасыз  ететін  барлық  процестердің  жиынтығы. 

Бұл  процестердің  көпшілігі  сыртқа  білінбей,  жүйке  жүйесінің  өзінде  ғана 

жүреді,  белсенді  қимыл-əрекетпен  жалғаспайды.  Ал  кейбір  жағдайда 

керісінше,  жануарда  мықты  белсенділік  байқалады.  Осымен  байланысты 

күні  бүгінге  дейін мінездік  əрекеттердің  түрлері  (классификациясы)  толық 

анықталмаған. 

Біраз 

зерттеушілер 



мінезді 

қоректік, 

жыныстық, 

қорғаныстық, ата-енелік деп бөледі. Күнделікті тіршілікте мінездің аталған 

түрлері бір-бірімен ұштасып, бірінен-бірі туындап жатады. 



 

584


Жоғары дəрежелі жүйкелік қызмет шартсыз жəне шартты рефлекстердің 

ара  қатынасына  негізделген,  сондықтан  жануарлар  дүниесінің  даму 

жолында  өзгеріп,  күрделеніп  отырған.  Омыртқасыздар  мен  төменгі 

сатыдағы  омыртқалы  жануарлардың  мінезінде  табиғи,  туа  қалыптасқан 

əрекеттер  жүре  пайда  болған  əрекеттерден  басым  болады.  Жануарлар 

эволюциясына байланысты жүре қалыптасқан əрекеттердің үлесі артады да, 

ол  жоғары дəрежелі  жүйкелік  қызметтің  басым  түріне айналады. Сонымен 

қатар шартты рефлекстер күрделеніп, байып, толықтырылып, жетіле түседі 

де,  олар  организмнің  сыртқы  орта  жағдайларына  бейімделуін  қамтамасыз 

ететін реттеуші фактор болып шығады. 

Сонымен, ЖДЖҚ - орталық жүйке жүйесінің, атап айтқанда үлкен ми 

жарты  шарларының  шартты  рефлекторлық  əрекеті.  Ол  тұтас  организм 

мен тіршілік ортасының ара байланысының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз 

етеді.  Орталық  жүйке  жүйесінің  төменгі  бөлімдерінің  əрекеті  нəтижесінде 

организмнің  жеке  мүшелері  мен  органдарының  əрекетіндегі  үйлесімдік 

қалыптасады. 

Жоғары  дəрежелі  жүйкелік  қызмет  жайлы  ілімнің  негізін  орыстың  ұлы 

ғалымы  И.П.Павлов  салған.  Ол  үлкен  ми  жарты  шарының  шартты 

рефлекторлық əрекетінің негізінде үш принцип жататынын негіздеді. 

Олардың  алғашқысы  -  құрылымдық  принцип.  Бұл  принцип  бойынша 

үлкен  ми  жарты  шарларының  кез  келген  физиологиялық  əрекеті  оның 

белгілі  бір  құрылымымен  байланысты.  Шартты  рефлекторлық  байланыс 

мидың байырғы, бірақ іске қосылмай келген материялық субстратының іске 

қосылуынан  туындайды.  Жаңа  уақытша  байланыстың  қалыптасуы 

нəтижесінде  аталған  материялық  субстраттың  физиологиялық  қасиеттері 

өзгеріп,  ол  ми  қыртысындағы  анализаторлар  орталығы  мен  эффекторларға 

импульс жіберетін орталықтар арасындағы өткізгіш жолға айналады. 

Жоғары  дəрежелі  жүйкелік  қызметтің  екінші  принципі  -  себептілік 

(детерминизм)  принципі.  Бұл  принцип  бойынша  үлкен  ми  жарты 

шарларының  əрекеті  белгілі  бір  сыртқы  не  ішкі  əсердің  салдарынан 

туындайды.  «Басталу  көзі«  жоқ  шартты  рефлекторлық  реакция  болмайды. 

Сыртқы  əсердің  ерекшеліктері  жоғары  дəрежелі  жүйке  қызметінің  сипатын 

анықтайды, соған себепкер болады. 

Жоғары  дəрежелі  жүйке  қызметінің  үшінші  принципі  -  талдау  (анализ) 



жəне  жинақтау  (синтез)  деп  аталады.  Организмге  қалыпты  жағдайда  бір 

мезгілде  бірнеше  тітіркендіргіш  əсер  етеді.  Ми  қыртысында  осы 

тітіркендіргіштер  жіктеліп,  олардың  негізгі  элементтері,  құрамдары 

анықталады.  Осындай  талдаудың  нəтижесінде  заттардың  қасиеттері:  түсі, 

пішіні,  иісі,  температурасы  т.с.с.  анықталады.  Талдаудан  кейін  жинақтау 

процесі  жүреді  де,  тітіркендіргіштің  жеке  элементтері  топтастырылып, 

жинақталады. Заттың  жеке  қасиеттері  сол  заттың  тұтас бейнесіне,  нақтылы 



 

585


түйсікке  айналады.  Мысалы,  тамақтың  иісі,  түсі,  дəмі,  бейнесі  ми 

қыртысында талданады да, белгілі бір астың түйсігі пайда болады. 

Талдау  жəне  жинақтау  процестерін  мидың  əр  түрлі  құрылымдары 

атқарады.  Талдау  процесін  аксондары  қысқа  жəне  өз  торшасы  тұсында  көп 

тарамдар түзетін жұлдызша нейрондар қамтамасыз етеді. Бұл нейрондарды 

сезімтал  нейрондар  деп  атайды.  Олар  ми  қыртысы  əрекетінің  материялық 

негізі  болып  табылады.  Сонымен  қатар  ми  қыртысында  аксондары  торша 

маңында тор құрамай вертикаль (тік) жəне горизонталь (жанама) бағыттарда 

жайылып,  аралық  жəне  жалғастырғыш  пирамидалық  нейрондармен 

жанасатын  жұлдызша  нейрондар  тобы  да  болады.  Бұл  нейрондар 

афференттік  импульстерді  аралық  жəне  жалғастырғыш      нейрондарға   

береді.      Осының  нəтижесінде      түрлі  əсерлерден    нақтылы  түйсік,  сезім 

туындайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет