587
астам өрістерді анықтауға болады (226-сурет).
Өріс деп ми қыртысының
нақтылы қызметтің атқарылуын қамтамасыз ететін бөлігін атайды.
Ми қыртысының жеке бөліктерінің құрылымы бірдей емес. Осымен
байланысты үлкен ми жарты шарларында нақтылы қызметтерді реттейтін
орталықтардың шоғырлану процесі орын алған деген ұғым пайда болған.
Филогенездік даму процесінің нəтижесінде шындығында жүйке
орталықтарының мамандану деңгейі арта түскен. Мысалы, құстардың нашар
дамыған ми қыртысында функциялар орталығы қатал шектеліп,
шоғырланбаған. Тұяқты жануарлар мен жыртқыштарда бұл құбылыс анық
байқала бастайды жəне сақа, ересек жануарларда жас төлдермен
салыстырғанда ол айқынырақ сезіледі.
Нақтылы қызметтерді реттейтін орталықтардың ми қыртысында
шоғырлануы жайлы ілім өте күрделі жолмен дамыған. XІX ғасырдың
басында француз физиологы Флуранс құстарға жүргізген тəжірибелері
негізінде ми қыртысының түрлі аймақтары атқаратын қызметі тұрғысынан
ерекшеленбейді деген тұжырым жасаған. Бірақ ол құстардың ми
қыртысының жалғыз ғана қабаттан тұратынын ескермей, фактілерге қате
баға берген.
Сəл кейінірек австрия физиологы Ф.Галль ми қыртысы қызметіне
қатал шоғырлану принциптері тəн деген пікір айтқан. 1870 жылы неміс
дəрігерлері Г.Фритч пен Э.Гитциг ми қыртысының алдыңғы орталық
аймағында əр түрлі қаңқа еттерінің жиырылуын басқаратын қозғағыш
орталықтың болатынын анықтаған. Орыс физиологтары В.Я.Данилевский,
Н.А. Миславский, В.М.Бехтеров ми қыртысының əртүрлі аймақтарын
тітіркендіргенде жүректің, тыныс алу жүйесінің, ішкі ағзалар қызметінің
өзгеретінін байқаған. Аталған тəжірибелер ми қыртысының белгілі
аймақтарында
организмнің
нақтылы
қызметін
реттейтін
жүйке
орталықтарының шоғырланатыны жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік
берген. Сонымен XX ғасырдың басында адам мен жануарлардың ми
қыртысында орталықтардың шоғырланланатыны жайлы пікір
қалыптасып, ғылымда қарама-қарсы екі түрлі көзқарас пайда болды.
226-ñóðåт.
Ìè æ-ðтû
ø-ðë-ðûíä-¹û
¼ðiñтåð ìåí á¼ëiêтåð áåéíåñi.
588
Олардың бірі ми қыртысының жеке аймақтарында орталықтардың
шоғырлануын мойындаса, екіншісі оны жоққа шығарды. Бұл мəселеге
айқындықты И.П.Павлов зерттеулері енгізді. Ол экстирпация, тітіркендіру,
шартты рефлекстерді қалыптастыру сияқты тəсілдерді қолдана отырып, ми
қыртысының шүйде бөлігі алынып тасталған итте жарыққа реакция
сақталатынын байқаған. Бірақ итте нақтылы бейнелерге, күрделі сигналдарға,
заттың түсіне, пішініне т.б. шартты рефлекстер қалыптаспаған. Өз
тəжірибелері нəтижесінде И.П.Павлов ми қыртысында нақтылы қызметтерді
реттейтін орталықтардың шоғырлануының жылжымалы (динамикалық)
Достарыңызбен бөлісу: