Жануар физол



Pdf көрінісі
бет485/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   481   482   483   484   485   486   487   488   ...   504
 

21.9. Қимыл талдағышы 

 

Жоғары  сатыда  дамыған  жануарлар  организмінің  жағдайы  жайлы 



ақпараттарды  дене  тұлғасында,  аяқтарда  орналасқан  соматосенсорлық 

рецепторлар  арқылы  алып  отырады.  Бұл  рецепторлар  тобын  жанасу, 

ауырсынту, температуралық рецепторлар мен пропирорецепторлар құрайды. 

Пропирорецепторлар  бұлшық  еттің  ұршық  тəрізді  бүйірлі  торшаларынан, 

сіңірдегі  Гольджи  органдарынан,  буын  қаптары  мен  байламдарының 

рецепторларынан тұрады. Осы пропирорецепторлар қызметінің нəтижесінде 



 

660


дененің жеке бөлімдерінің белсенді жəне баяу қозғалыстары сезіліп, қимыл-

əрекет үйлестіріледі (256-сурет). 

Сіңір рецепторлары жеке-жеке жіңішке сіңір талшықтарын орап жататын 

афференттік жүйке ұштары болып табылады. Буын рецепторлары жалаңаш 

немесе қапшықты жүйке ұштарынан құралады. Сіңір рецепторлары бұлшық 

еттердің  ширығу,  кернеу  деңгейін,  ал  буын  рецепторлары  -  буын  қабының 

керілу күшін сезінеді. 

Ең  күрделі  құрылым  бұлшық  еттің  ұршық  тəрізді  торшаларына  тəн 

болады.  Əрбір  ұршық  тəрізді  торша  бірнеше  интрафузальдық  талшықтан 

(латынша fusіs - бүйірлі, ұршық) тұрады. Олар жақсы маманданған, сыртынан 

қабықшамен  қапталған  жіңішке  ет  талшықтары  болып  табылады.  Бұл 

торшалар  қимыл-əрекетті  қамтамасыз  ететін  негізгі  (экстрафузальдық)  ет 



талшықтарына  қатарласа  орналасып,  олардың  дəнекер  ұлпалы  қабығына 

бекиді. 


Ұршықтың  ортаңғы,  жиырылмайтын,  сезімтал  бөлігінде  жүйке  ұштары 

ядро  қабығына  оралып,  аннулоспиральдық  құрылым  (шумақ)  түзеді.  Оны 

негізгі  (бастапқы)  афференттік  жүйке  ұштары  деп  атайды.  Осы  «негізгі 

афференттіңң екі шетінде талшық ұшына қарай жүйке талшықтары шоғыр 

құра  аяқталады.  Бұл  шоғырды  «қосалқы  немесе  екінші  афферентң  деп 

атайды. Екінші құрылымның қозу табалдырығы жоғары, сондықтан олардың 

буындағы  динамикалық  өзгерістерге  сезімталдығы  төмендеу  болады  (205-



суретті қара). 

Интрафузальдық 

талшықтарды 

жұлынның 

майда 

гамма-

мотонейрондары,  ал  экстрафузальдық  талшықтарды  -  ірі  альфа-

мотонейрондары  жүйкелендіреді.  Интрафузальдық  талшықтар  өте  əлсіз 

жиырылады,  сондықтан  олар  бүкіл  бұлшық  ет  қызметіне  əсер  ете  алмайды. 

Гамма-мотонейрондардан келген импульстер интрафузальдық талшықтардың 

ортаңғы сезімтал аймағының ширығуын, ұршықтың керілуге сезімталдығын 

реттейді.  Гамма-мотонейрондар  белсенділігі  артқанда  альфа-мотонейрондар 

белсенділігі де өзгереді. 



256-ñóðåт

-ÿº 



åттåðiíäåãi 

ïðîïðèî 


ðåöåïтèâтiê ¼ç-ð- á-éë-íûñ: 

1  —  á¾êêiø  åт,  2  —  æ-ç¹ûø  åт,  3 

— æ½ëûí, 4 — -ð-ë-ñ æ¾éêå, 5 — 

åт  ðåöåïтîðë-ðû,  6  —  ñi»ið 

ðåöåïтîð 

ë-ðû 


(Ãîëüäæè 

äåíåøiêтåði),  7  —  -ôôåðåíттiê 

т

-ëøûºт-ð, 



 

— 



-ð-ëûº 

íåéðîíä-ð,  9  —  ºîç¹-ëтºûø  

æ¾éêå, 

 

11 



— 

æ½ëûííû» 

á-éë-íûñ æîëä-ðû. 



 

661


Проприорецепторлар  «ет  сезімінң  қамтамасыз  етеді.  Оларға  бейімделу 

құбылысы жат, сондықтан қимыл анализаторы дененің кеңістіктегі жағдайы, 

бұлшық  еттің  жиырылу  деңгейі  жайлы  импульстерді  толассыз  алып 

отырады. 

Проприорецепторлар  бұлшық  еттің  жиырылу  -  босаңсу  деңгейі,  сіңірдің 

тартылу  -  керілу  дəрежесі  жайлы  үздіксіз  əрі  дəл  хабарлайды.  Осының 

нəтижесінде  дене  кейпіндегі  болмашы  өзгерістердің  өзі  сезіліп,  қажетті 

реакция  туындайды.  Дененің  жеке  мүшелерінің  кеңістіктегі  күйі  жайлы 

сезімді  И.М.Сеченов  «көмескі  сезімң  деп  атаған.  Шындығында 

проприорецепторлардың  қозуы  нəтижесінде  тек  көмескі,  бұлыңғыр  түйсік 

туындайды.  Бірақ  осы  түйсіктің  өзі  тас  қараңғыда  кез  келген  кейіпті 

қабылдауға,  мақсатты  рефлекстер  атқаруға,  дененің  қажетті  бөлігін  -  құлақ, 

тұмсық т.б. дəл қасуға, т.с.с. əрекеттерге мүмкіндік береді. 

Бұлшық  ет  пен  ОЖЖ-ің  арасында  екі  жақты  байланыс  орныққан. 

Осының  нəтижесінде  əртүрлі  қимыл-əрекеттер  бір-бірімен  дер  кезінде 

үйлестіріліп  отырылады.  Қимыл  үйлесімі  ОЖЖ-ің  көптеген  бөліктерінің 

қатысуымен жүзеге асады. 

Соматосенсорлық  рецепторлардан  орталыққа  бағытталған  импульстер 

ОЖЖ-ің  кез  келген  бөлімінде  эфференттік  жолға  бұрылып  кетуі  мүмкін. 

Осымен  байланысты  атқарылатын  қимыл-əрекет  сипаты  осы  афференттік 

импульстер  қабылданып, өңделген құрылымның функционалдық маңызына 

сəйкес болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   481   482   483   484   485   486   487   488   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет