21.8. Тері талдағышы
Тері дененің сыртқы жабындысы болып табылады, сондықтан ол арқылы
организм қоршаған ортаның əртүрлі əсерлерін қабылдайды. Теріде
температураны,
жанасуды,
қысымды,
ауырсынтуды
қабылдайтын
рецепторлар болады. Осымен байланысты түрлі нəрселер денемен
жанасқанда сезім тудырады. Сезім деп түрлі заттардың терімен жанасуынан
туындайтын түйсіктер жиынтығын айтады.
Жылуды терідегі - Руффини денешіктері, суықтықты - Краузе
сауытшалары, жанасуды - Меркель торшалары мен Мейсснер денешіктері,
қысымды - Фаттер-Пачини денешіктері, ал ауырсынту əсерін -
эпидермистің сыртқы қабытында орналасқан жалаңаш жүйке ұштары
қабылдайды (255-сурет).
255-сурет.
Тері
рецепторлары:
1
–
Фатер-Пачини
денешіктері, 2 – Мейснер
денешіктері, 3 – түк
түбіндегі
жүйке
шумақтары, 4 – жалаңаш
жүйке ұштары, 5 – Меркель
денешіктері, 6 – Краузе
сауытшасы, 7 – Руффини
денешіктері.
Тері тітіркенісін түйсіну əртүрлі өткізгіш жол арқылы атқарылады.
Жанасу мен қысымды қабылдайтын сезімтал торшалар талшықтары
жұлынның дорсальдық бағандары бойымен еш жерде үзілместен сопақша
миға жетеді. Осы жерден екінші нейрон талшықтары импульстерді таламусқа
жеткізеді. Ауырсынту жəне температуралық əсерлерді қабылдайтын сезімтал
торшалар өсінділері тітіркеністі жұлынның дорсальдық мүйізіне жеткізеді.
Осы жерде орналасқан екінші нейрон өсінділері жұлын деңгейінде
айқасқаннан кейін импульстерді таламусқа бағыттайды. Таламустан тері
рецепторларынан келген импульстер үлкен ми жартышарлары қыртысының
қозғағыш аймақтарына жіберіледі.
658
Теріде рецепторлар біркелкі таралмаған. Мысалы, оның 1 шаршы см
ауданында 12–13 суық сезгіш, тек 1–2 жылу сезгіш нүкте болады. Тері
сезімталдығы температураға, терідегі қан айналым деңгейіне қарай өзгеріп
отырады.
Жанасу (тактильдік) сезімталдығын төрт түрлі рецепторлар - жүйке
өрімдері (шумақтары), Мейсснер денешігі (жанасқы денешік), Меркел
дискасы (сезімтал табақша) жəне Пачини денешігі, қамтамасыз етеді.
Жанасу əсерінен түк түбіріндегі жүйке өрімдері тітіркенеді. Түк
тітіркендіргіштің рецепторға əсерін күшейтетін тетік рөлін атқарады.
Жануарларда жанасуды сезінетін ұзын, серпімді, жуан түк талшықтары -
сезгіш мұртша (вибрисса) болады. Негізінен олар тұмсықта, өрмелегіш
жануарлардың бауырында көп өседі. Жылқы мен ірі қарада вибриссалар
тұмсық маңында едірейіп шыққан ұзын қылдар, ал мысық, ит жəне əртүрлі
жыртқыштарда оларды мұрт деп атайды.
Жанасқы (Мейсснер) денешіктер жалпақ торшалардан құралып,
қабықпен қапталған сопақша құрылым. Оның ішінде жүйке талшығы
көптеген шашақтар, тарамдар түзеді. Меркел дискасы (сезімтал табақша)
ерінде көп болады. Пачини денешіктері сопақша пішінді келеді. Олар
жанасқы денешіктерден ірілеу жəне оның қуысында жүйке талшықтарымен
қатар артериялар да орналасады. Бұл денешіктер бір затпен жанасқан
кездегі терінің болар-болмас өзгерістерінің өзін сезінеді.
Тактильдік рецепция механизмі өте күрделі. Механикалық əсер (қысым)
жалаңаш
жүйке
ұштары
мен
басқа
да
мехонорецепторларды
деформациялайды. Мұның салдарынан мембрана беткейі керіледі де, оның
натрий, калий, хлор т.б. иондарға өтімділігі артады. Осыдан иондық ток
пайда болып, əрекет потенциялы туындайды да, ол жүйке орталықтарына
беріледі.
Тактильдік тітіркендіргіштер жанасу немесе қысылу сезімін тек тері
беткейі деформацияланғанда ғана тудырады. Терінің əртүрлі бөлігінің
тактильдік сезімталдығы бірдей болмайды. Бұл тактильдік рецепторлардың
орналасу тығыздығына байланысты. Сезімталдық тілдің ұшында өте жоғары,
жотада - төмен, сезіну нүктелерінің арасы тиісінше 1,1 жəне 60–70 мм.
Терінің тактильдік сезімталдығы оны жылытқанда жоғарылап, суытқанда -
төмендеп отырады.
Тактильдік рецепторлар əсер күшіне өте шапшаң бейімделеді, сондықтан
қысымның өзі емес, оның мөлшеріндегі өзгерістер жақсы сезіледі. Түк
түбіндегі жүйке өрімдері мен Пачини денешіктерінің бейімделгіштігі өте
жоғары болады.
Температуралық
сезімталдық.
Сыртқы
ортадағы
температура
ауытқуларын екі түрлі терморецепторлар қабылдайды: суықты - Краузе
сауытшасы, ал жылылықты - Руффини денешіктері. Суықтықты
қабылдайтын рецепторлар терінің беткейіне жақынырақ, ал жылылықты
659
қабылдайтын рецепторлар - тереңірек орналасады. Жылылық немесе
салқындық сезімі терінің тітіркенген ауданының мөлшерімен байланысты.
Тітіркенген аумақ үлкейген сайын, температуралық түйсік күшейе түседі.
Ауырсыну сезімталдығы. Ауырсыну түйсігінің зор биологиялық жəне
клиникалық маңызы бар. Жануарлар ауырсыну түйсігін тудыратын
тітіркендіргіштен сақтанып, қорғаншақтау нəтижесінде өздерін əр түрлі
жарақаттан қорғайды. Ауырсынту əсерлеріне тері мен ауыздың, мұрынның,
көздің, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары өте сезімтал келеді.
Ауырсынту əсерін қабылдайтын жалаңаш жүйке ұштары терінің беткей
жəне терең қабаттарында, кейбір ішкі органдарда (сүйек қабығы, артерия
қабырғасы, үлпершек т.б.) орналасады. Ауырсыну түйсігі əртүрлі
факторлардың (температуралық, механикалық, химиялық, электрлік)
əсерінен туындайды. Бұл түйсік басқа рецепторларға əсер ететін
тітіркендіргіштердің күші шектен артып кеткен жағдайда да туындайды.
Мысалы, тым күшті дыбыс - құлақты, тым күшті жарық - көзді ауыртады.
Ауырсыну түйсігін организмнің өзінде ұлпалық зат алмасу нəтижесінде
пайда болған химиялық заттар (гистамин, ацетилхолин, серотонин, калий
иондары т.б.) да тудырады.
Ауырсынту импульстері А жəне С жүйке талшықтары арқылы
таралады. А тобындағы талшықтар ауырсынту əсерін шапшаң (20 м/с), ал С
тобындағы талшықтар - баяу таратады. Осымен байланысты ауырсыну
түйсігіне қосарланған сипат тəн болады. Алдымен ол аз ғана уақыт анық
шоғырланған түрде сезіледі де, соңынан созылыңқы, ауқымды сипат алып,
күшейе түседі.
Ішкі ағзалар ауырғанда ауырсыну сол зақымдалған мүшеден сезілмей,
дененің беткейіне, мысалы, терінің белгілі бір аумағына беріледі. Бұл
құбылысты сыртқа тепкен жалтарма ауырсыну деп атайды.
Ауырсыну түйсігінің қалыптасуында орталық жүйке жүйесінде жүретін
процестер маңызды рөл атқарады. Үлкен ми жарты шарлары қыртысы
ауырсынтуды түйсіну процесіне əсер етеді. Осымен байланысты ауырсынту
əсерін қабылдайтын рецепторларды ұзақ уақыт тітіркендіргенде бұл əсерге
бейімделу құбылысы байқалады да, ауырсыну түйсігі бəсеңдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |