21.7. Иіс талдағышы
Иіс анализаторы адам мен жануарларда алшақ хеморецепциямен
байланысты. Ол қоршаған ортадағы биологиялық маңызды химиялық
сигналдарды қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл ең ерте дамыған
талдағыштың бірі.
Иіс анализаторының жетілу деңгейіне қарай жануарлар макросматиктер
жəне микросматиктер болып бөлінеді. Макросматиктерге (иісшілдерге)
негізінен сүт қоректілер жатады. Иіс анализаторы китте, маймылда, адамда
нашар дамыған. Олар микросматиктер.
Иіс анализаторының шеткей бөлімі мұрын қуысында кеңсіріктің жоғарғы
жолында орналасқан иістік төсемік болып табылады. Омыртқалы
жануарларда иістік эпителийдің қалыңдығы 30-дан 200 мкм-ге дейін жетеді.
Ол рецепторлық, сүйеніш жəне негіздік торшалардан құралады (253-сурет).
Сүйеніш торшаларының апикальдық ұшы тармақтанып, айырланып жатады.
Ал негіздік торшалар еш уақытта эпителий қабатының бетіне шықпайды.
Иістік торшалар тікелей сезгіш торшалар қатарына жатады. Сүйеніш
торшалары иіс рецепторындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді.
Негіздік торшадан рецепторлық немесе сүйеніш торшалар өсіп отырады.
Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың иістік төсемігіндегі
шашақты рецепторлық торшалар иісті қабылдауды қамтамасыз етеді.
Бастапқы хеморецепция (химиялық əсерді қабылдау) осы шашақтар
мембранасында жүретін болу керек, себебі шашақтарды бұзғаннан кейін
хеморецепциялық қызмет жойылады. Шашақтар қайта жетілгеннен кейін
иіс сезу қабілеті қалпына келеді. Сонымен қатар иіске сезімтал торшалардың
микротарамды түрі де болады. Олардың апикальдық ұшында шашақтар
болмайды, бірақ торшаның беткейлік өсіндісі қолдың саусақтары сияқты
цитоплазмалық тарамдар түзеді. Осы құрылымды микротарамдар деп
атайды. Микротарамдар шашақтары қысқа келеді (3-5 мкм) жəне оларда
фибрилярлық аппарат (талшықтар) болмайды. Аталған иіс рецепторлары,
немесе иіс торшалары, қос өрісті торша болып табылады.
Құрлық
пен
су
омыртқалыларының
иістік
торшаларының
ультрақұрылымында
онша
көп
айырмашылық
жоқ.
Құрлықтағы
омыртқалыларда - қосмекенділерден бастап сүтқоректілерге дейін,
жоғарыда аталған рецепторлардың екі түрі де сақталған. Мұрынның иістік
төсемігінде тек шашақты рецепторлар орын тепсе, микротарамды
рецепторлар якобсон мүшесінде ғана сақталған.
253-сурет. Иіс талда¹ышы.
1- т¾ктер (шашаºтар), 2- б¼ртінді,
3- иістік ж¾йке
655
Иіс рецепторлары көптеген тітіркендіргішті қабылдай алады, бірақ
олардың бір затқа сезімталдығы өте күшті, екінші затқа - орташа болады.
Олардың əрекетін тежеп те тастайтын заттар кездеседі.
Қазіргі кезге дейін иістің түрлері толық жіктелмеген, сол себепті иісті
көбінесе иіс шығатын заттардың атымен атайды. Мысалы, жуа, раушан,
сірке иістері. X. Хеннинг иісті иіс шығаратын заттардың химиялық
құрылымына қарай жіктеген. Бірақ кейінірек əртүрлі құрылымды заттардың
бірдей иіс шығаратыны анықталған. Д.Эймур иісті жеті түрге бөлген. Олар
камфора, жұпар, гүл, жалбыз, эфир, өткір жəне шірік иістер. Оның
пікірінше камфора иісті заттардың молекуласы шар пішінді, жұпар иісті
заттар молекуласы - диск формалы, эфир иісті заттар молекуласы - таяқша
тəрізді келеді. Бірақ барлық иіс зат молекуласының пішініне сəйкес келе
бермей, молекулалардың электрлік зарядтарына да байланысты болады. Егер
молекула оң зарядты болса, заттың иісі өткір, ал теріс болса - шірік иісті
болады.
Иіс буылтығының пішіні домалақ немесе сопақша келеді. Əр
буылтықтың ішінде қуыс, немесе қарынша болады.
Иіс буылтығында топтасқан торшалар алты қабатта орналасады. Бірінші
- фиброзды қабат иіс нейрондары өсінділерінен құралады. Осы талшықтар
ұштары түрлі торшалар өсінділерімен синапс түзеді. Олардың арасында
бастысы митральды торшалар болып табылады. Бірінші реттік иіс
нейрондарының терминалдары мен иіс буылтығы торшаларының
дендриттері шумақ немесе гломерула деп аталатын екінші қабат құрайды.
Осы шумақта қозу процесі жинақталатын болу керек. Митральды торшалар
төртінші қабат түзеді де, оның бір жағында сыртқы - үшінші, ал екінші
жағында сыртқы - бесінші торлы қабаттар орналасады. Үшінші қабатта
көптеген синапстар мен шоғырлы торшалардың денесі орналасады. Бесінші
қабат та жүйке торшалары өсінділерінің ұйысқан жері болып табылады.
Алтыншы қабат дəнді торшалардың шоғырлануынан түзіледі.
3
656
Сүт қоректі жануарларда иіс буылтығынан басталған талшықтар
алдыңғы мидың бірнеше құрылымдарына бағытталады (иіс төмпешігіне,
алдыңғы иіс ядроларына, препириформды жəне преамигдалярлық қыртысқа,
бадамша кешенінің медиальдық жəне қыртыстық ядроларына). Мидың
аталған құрылымдары мен гиппокамп иістік сезімдерді басқа сипатты
афференттік импульстермен байланыстырып, мидың лимбикалық жүйесінің
бақылауында болатын күрделі мінез-қылықтың қалыптасуын қамтамасыз
етеді (254-сурет).
Иісті қабылдау механизмін негіздеу мақсатында екі түрлі теория
ұсынылған. Олар химиялық жəне физикалық теориялар. Химиялық теорияға
сəйкес иісті қабылдау механизмінің негізіне иісті заттар молекулаларының
құрылысы алынған. Физикалық теория иісті заттар молекуласының төменгі
жиілікті дірілінен туындайтын электромагниттік тербеліспен түсіндіреді.
Қазіргі кездегі иіс механизмін түсіндіретін теорияға сəйкес адекватты
тітіркендіргіштер молекуласы иіс торшаларының хеморецепциялық
мембранасымен əрекеттеседі. Иіс торшаларында арнаулы белоктардан
құралып, тітіркендіргіштер молекуласымен, атомымен, немесе иондармен
шапшаң əрекеттесетін белсенді рецептивтік орталық (бөлім) болады.
Хеморецепторлар беткейі кілегей қабықпен қапталады. Ол торшаның
рецептивтік беткейінің тітіркендіргіш молекуласы əсерін қабылдау
мүмкіндігін реттеп отырады.
Иісті қабылдау теориясына сəйкес процесс екі түрлі əрекеттестік
нəтижесінде атқарылады: иісті заттар молекуласының қабылдаушы
учаскемен түйісуінің салдарынан пайда болған зарядты өткізу жəне осы
зарядты қабылдайтын молекулалық кешендер түзу арқылы. Бұл
кешендердің құрамына қалайда рецепторлар белоктарының молекулалары
енеді. Олардың белсенді бөліктері электрондар доноры мен акцептор
254-ñóðåт
. Îðт-ëûº èiñ
æîëû:
1 — èiñ ðåöåïтîðë-ðû, 2
— èiñ æ¾éêåñi, 3 — èiñ
æó-øû¹û, 4 — ì-»ä-é
á¼ëiê, 5 — ìåäè-ëüäûº
èiñ
-éì-¹û,
6
—
т
-ë-ìóñ,
7
—
ãèïîт-ë-ìóñ,
8
—
ìèøûº,
9
—
т
îðëû
º½ðûëûì,
10
—
ãèïïîê-ìï, 11 — ñ-ì-é
á¼ëiê, 12 — ë-тåð-ëüäûº
èiñ -éì-¹û.
657
қызметін атқарады. Бұл теорияға сəйкес рецептивтік бөлікте иісті заттар
молекулалары бірнеше жерден əрекеттеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |