Антральдық бөлім — сағада орналасқан, қарынның кардиалық сфинктерге
жалғасатын бөлігі.
Ас қорыту — азық құрамындағы күрделі қоректік заттарды қарапайым
қосылыстарға
айналдыратын
механикалық,
физика-химиялық
жəне
биологиялық процестердің жиынтығы.
Атрофия — органдардың семуі.
Ацидоз — организмнің қышқыл-сілтілік теңдестігінің қышқылдық жаққа
ығысуы.
Басытқы (ингибитор) — белгілі бір биохимиялық немесе физиологиялық
процесті басатын, бəсеңдететін зат.
Гематокрит — қан түйіршіктері мен плазмасының көлемдік ара қатынасы.
Гематология — физиологияның қан жүйесінің құрамы мен қызметін
зерттейтін бөлімі.
Гематоэнцефалдық тосқауыл — қан мен орталық жүйке жүйесі
құрылымдарының арасындағы зат алмасуды реттейтін морфо-физиологиялық
механизм.
Гемодинамика
—
қан
тамырларымен
қанның
ағу
себептерін,
заңдылықтарын жəне механизмін зерттейтін ілім.
Гемолиз — эритроциттер қабығының жарылып, гемоглобиннің сыртқа
шығуы.
Достарыңызбен бөлісу: |