680
Гиподинамия — қимылдың азаюы нəтижесінде организм функцияларының
нашарлауы
Гипоксемия — қанда оттегі мөлшерінің азаюы
Гипоксия — оттегі тапшылығы, организмде немесе жеке органдар мен
ұлпаларда оттегі мөлшерінің төмендеуі.
Гликемия — қандағы глюкоза (жүзім қанты) мөлшері
Гликолиз — глюкозаның сүт қышқылына дейін АТФ-те қуат жинақтай
ферменттік жолмен анаэробты (оттегінің қатынасуынсыз) ыдырауы.
Гликогенолиз — гликоген молекуласы полисахаридтік тізбегінің глюкоза
немесе глюкозаның фосфорлы эфирін түзе ыдырауы.
Глюконеогенез — глюкозаның көмірсуларға жатпайтын заттардан
биохимиялық жолмен түзілуі.
Гомеостаз — организмнің ішкі ортаның салыстырмалы
тұрақтылығын сақтайтын қасиеті.
Градиент — бір нəрсенің сандық өзгеруіндегі зандылық
Достарыңызбен бөлісу: