88
Жүрек еттерінің бір рет жиырылып, босаңсуын жəне жалпы тынымнан
өтуін
жүрек айналымы (циклі) дейді. Жүрек айналымы жүрекшелердің
жиырылуымен басталады. Айта кетер жайт, оң жүрекше сол жүрекшеден
0,01 сек, жүрекшелер қарыншалардан 0,1 сек бұрын жиырылады.
Жүрекшелер жиырылған кезде қуыс веналар мен өкпе венасының тесігі
қысыла жабылып, қан жармалы қақпақшалар арқылы қарыншаларға өтеді.
Бұл кезде қолқа мен өкпе артериясындағы қан қарыншаларға кері қайта
алмайды, себебі бұл тамырлардағы қысымның жоғары болуынан жарты
айшық қақпақшалар жабылып қалады.
Одан əрі жүрекшелер қабырғасының еттері босаңсып, қарыншалар
жиырылады. Жүрекшелер босаңсысымен олардың қуысына веналардан қан
құйыла бастайды. Ал қарынша еттерінің жиырылуының əсерінен олардың
қуыстарындағы қысым тез көтеріліп, қос жəне үш жармалы қақпақшалар
жазылады да, жүрекше мен қарыншаны қосатын тесік жабылады. Бұл кезде
айшық қақпақшалар да жабық күйінде тұрады. Одан əрі жүрек еттерінің
изометриялық жиырылуының (қысқармай ширығуы) арқасында қарыншалар
қуысындағы қысым артериялардағы қысымнан артып кетеді. Осы кезде
жарты айшық қақпақшалар ашылып, қарынша қабырғаларының еттері
ауксотониялық жиырылуға көшеді (ет талшықтарының ұзындығы қысқарып,
ширығады) де, қан артерияларға қуылады.
Жүректің бір толық айналымында төрт кезең байқалады. Олардың екеуі
систолалық, екеуі – диастолалық кезең (24- сурет).
Достарыңызбен бөлісу: