Жануар физол


Жүректегі  биоэлектрлік  құбылыс



Pdf көрінісі
бет61/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   504
Жүректегі  биоэлектрлік  құбылыс.  Жүрек  еттері  қозу  толқынымен  бір 

мезгілде  қамтылмайды.  Жүректің  бір  бөлігінде  қозу  пайда

 

болғанда,  басқа 



бөлігі 

тыныштық 

жағдайында 

болады. 


Электрлік 

физиология 

заңдылықтарына 

сəйкес 


кез-келген 

ұлпаның 


қозған 

торшалары 

мембранасының  сыртқы  бетінде  теріс  (–)  заряд  пайда  болады  да, 

тыныштықтағы торшаларда оң заряд (+) сақталады. Демек, органның қозған 

жəне  қозбаған  бөлімдерінің  арасында  потенциалдар  айырмасы  туындайды. 

Осы  учаскелерді тізбектеп қоссақ, биотоктың пайда болғанын байқаймыз. 

Біз 

жоғарыда 



жүрек 

еттеріндегі 

қозу 

толқынының 



таралу 

заңдылықтарымен  танысып  өттік.  Жүрекше  еттері  қозу  толқынымен 

қамтылған  кезде,  қарынша  еті  тыныштық  жағдайында  болатынын  айттық. 

Ал қозу толқыны қарыншаны қамтығанда, жүрекшеде тыныштық жайлайды. 

Осыдан жүректің жұмысы кезінде жүрек еттерінде əрекет потенциалы пайда 

болады. 


Жүректе  пайда  болған  əрекет  потенциалы  бүкіл  денеге  тарайды, 

сондықтан арнайы сезімтал аспаптарды пайдалана отырып осы потенциалдар 

толқынын  қисық  сызық  бейнесінде  жазып  алуға  болады.  Жүрек  еттеріндегі 

биоэлектрлік      құбылысты      зерттейтін  əдісті  электрокардиография

биотоктарды  зерттеуде  қолданылатын    аспапты-  электрокардиограф,  ал 

биотоктарды бейнелейтін қисық сызықты-электрокардиограмма деп атайды. 

Электрокардиограммада  5  кертпеш  байқалады  (20-сурет).  Р  -  кертпеші  оң 

жəне сол жүрекшелер қозған кездегі электрлік потенциалдардың алгебралық 

қосындыларын  бейнелейді.  QRSТ  кешені  қарыншалар  қозған  кездегі 

электрлік  өзгерістерді  бейнелейді  QRS  -  кертпештері  қарыншалардың 

қозуының  алғашқы,  ал  Т  -  кертпеші  соңғы  кезеңін  бейнелейді.  Р-  Q 

кертпештерінің  ара  қашықтығы  қозу  толқынының  өткізгіш  жолдар  арқылы 

жүрекшеден  қарыншаға  өту  жылдамдығын  көрсетеді.  Т-  Р  кертпештерінің 

ара қашықтығы жүрек жұмысындағы жалпы тыным уақытына сəйкес келеді.  

 

       P  R    T 

 

 



     

 

     



Q  S 


 

85

А 



    P        R 

 

 



 

Q                                                                                     Б 

            P    R     T 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет