Жануар физол


 Қан қозғалымының (гемодинамика) заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет73/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

5.9. Қан қозғалымының (гемодинамика) заңдылықтары 

Қан  қозғалымы  (гемодинамика)  деп  тамырлармен  қанның  ағуының 

себептерін,  заңдылықтарын  жəне  тетігін  зерттейтін  ілімді  айтады.    Қан 

қозғалысының  заңдылықтары  бойынша  тамырдан  өтетін  қанның  мөлшері 

мен  жылдамдығы  тамырдың  басы  мен соңындағы қысым айырмасына  жəне 

гидродинамикалық кедергі деңгейіне байланысты өзгереді. Қысым айырмасы 

(градиенті) қанның жылжуына ықпал етсе, гидродинамикалық кедергі – оған 

бөгет  болады.  Ал  гидродинамикалық  кедергі  қан  тамырлары  арнасының 

мөлшеріне, қанның тұтқырлығына жəне ағу сипатына қарай өзгеріп отырады. 

Демек,  денеде  қанның  қозғалысын  қамтамасыз  ететін  негізгі  фактор  -  қан 

тамырларындағы қысым айырмасы. Қарынша еттері жиырылғанда қолқа мен 

өкпе артерия- сына қан күшпен қуылады, ал тамырлар бойымен артериялар 

мен веналардағы қысым айырмасына байланысты жылжиды.  

Тамырларда  қысым  жүрек  жұмысына  байланысты  пайда  болады.  Ол 

жүректің  қанға  берген  потенциалдық  энергиясының  бейнесі.  Тамыр 

жүректен алшақтап, тарамданған сайын ондағы қысым төмендей түседі. Оған 

себеп,  потенциалдық  энергияның  белгілі  бір  мөлшері  қанның  жылжу 

жылдамдығын қалыптастыруға, ал қалған бөлігі ішкі (қан торшаларының бір-



 

99

бірімен)  жəне  сыртқы  (қанның  тамыр  қабырғасымен)  үйкеліс  күшін  жеңуге 



жұмсалады.  Егер  сол  қарынша  мен  оң  жүрекшені  жалғастыратын  қан 

тамырларының  диаметрі  осы  жолдың  ұзына  бойына  бірдей  болса,  қан 

қысымы  бірте-бірте  төмендеген  болар  еді.  Оны  пейзометрмен  тəжірибе 

жасап  көрсетуге  болады  (28-сурет).  Диаметрі  өзгермейтін  құбырға  тік 

түтікшелерді  тізбектей  жалғастырса,  қысым  көзінен  алшақтаған  сайын 

олардағы  қысым  деңгейі  біртіндеп  төмендейтінін  байқаймыз  (сұйық 

деңгейіне көңіл аударыңыз). Ал осы аспаптағы тік түтікшелерді диаметрі əр 

түрлі  құбырлармен  жалғастырғанда,  тізбектегі  құбыр  тарылған  жерлерде 

қысымның  күрт  төмендемейтінін  байқауға  болады.  Қан  айналым  жүйесінде 

кедергі  артериолалар  мен  капиллярларда  өте  жоғары,  сондықтан  тамырдың 

бұл  бөлімдерінде  қысым  көбірек  төмендейді.  Қан  тамырлары  жүйесіндегі 

жалпы  қысымды  100  пайыз  деп  есептесек,  оның  шамамен  20  пайызы 

артериялар,  10  пайызы  -  веналар,  ал  қалған  70  пайызы  артериолалар  мен 

капиллярлар бөлімінің үлесіне тиеді. 



28-сурет. Əр түрлі  

диаметрлі түтікшелермен аққан  

сұйық   қысымының өзгеруі: 

А – түтіктің ұшы 

тарылғанда  қысымның 

 күрт төмендеуі;  

Б – түтік диаметріне  

байланысты қысымның 

 өзгеруі; а, в, с, d, е – түтіктің  

əр бөлігіндегі қысым деңгейі    





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет