Жануар физол


Жүрек  қызметінің  гуморальды  реттелуі



Pdf көрінісі
бет72/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Жүрек  қызметінің  гуморальды  реттелуі  қан  мен  лифа  құрамындағы 

түрлі  биологиялық  белсенді  заттардың  əсерімен  жүреді.  Венгр  ғалымы 

О.Леви  1922  ж.  қозу  процесі  кезінде  жүрек  жүйкелерінің  ұшында  ерекше 

химиялық  заттар  –  “медиаторлар”  түзілетінін  дəлелдеді.  Кезеген  жүйке 



 

98

ұштарында  ацетилхолин,  ал  симпатикалық  жүйке  ұштарында  -  симпатин 



(норадреналин)  бөлінеді.  Олар  қозу  толқынының  жүйке  талшықтарынан 

жүрек  еттеріне  өтуін  жеңілдетеді,  өздерін  бөлген  жүйкенің  əсерін 

қайталайды, шектеулі ғана белсенділік көрсетеді. Қанға сіңсе ацетилхолинді 

холинэстераза  ферменті,  ал  норадреналинді  -  аминоксидаза  ферменті 

ыдыратады.  Бұл  медиаторлар  жүрек  жұмысына  миокардтағы  иондар 

концентрациясын өзгерту арқылы əсер етеді. 

Жүрек жұмысына түрлі гормондар да əсер етеді. Бүйрек үсті безінің боз 

затының  гормоны  –  адреналин,  жүрек  етінің  жиырылу  күшін  арттырып, 

жүрек  жұмысының  ырғағын  жиілетеді,  жүректің  тамырларын  кеңітіп,  оның 

қоректенуін жақсартады. 

Қалқанша  без  гормоны  -  тироксин,  жүректің  симпатикалық  жүйке 

əсеріне  сезімталдығын  арттырып,  оның  қозғыштығын  жоғарылатады, 

жұмысын  жиілетеді.  Глюкагон  мен  кортикостероидтар  да  жүрек  еттерінің 

жиырылуын күшейтеді. 

Жүрек қызметін реттеуде кальций, натрий, калий иондарының да маңызы 

зор.  Калий  иондарының  артық  мөлшері  Кейт-Фляк  түйінінің  пейсмекер 

торшаларының  қозғыштығын  басып,  жүрек

 

жұмысын  тоқтатады.  Кальций 



иондары  жүректің  қозғыштығын  арттырып,  миокардтың  өткізгіштігін 

жоғарылатады,  жүрек  жұмысын  күшейтеді.  Бұл  иондар  қозу  толқынының 

таралуын  қамтамасыз  етеді.  Жүрек  жұмысына  оттегінің  жетіспеуі,  Н

+

  жəне 



НСО

3



 иондарының көбеюі жағымсыз əсер етеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет