5.11. Қан қысымы жəне оған əсер ететін факторлар
Жүрек жұмысына байланысты қанның сығылу дəрежесінің артериялар
қабырғасына кернеу əсерін артериялық қысым деп атайды. Қан
тамырларында ол оң мағыналы, себебі қан тамырларындағы қан мөлшері
тамырлардың жалпы сиымдылығынан артығырақ болады. Қан қысымы
тамырлар қабырғасының керілуге қарсы бағытталған серпімділігінің, қан
ағынына көрсететін шеткі кедергісінің, қанның тұтырлығының əсерлерінен
пайда болады. Қанның қысымы паскаль бірлігімен өлшенеді (1 кПа с.б. 7,5
мм, ал с.б. 1 мм 0,133 кПа тең).
Достарыңызбен бөлісу: |