102
салалы ет талшықтары болмайды, сондықтан олар өздігінен жиырыла
алмайды.
Сиымдылық тамырларына қан айналым жүйесінің вена бөлімі жатады.
Олар бүкіл денедегі қанның 2/3 бөлігін сидыра алады. Қан айналым
жүйесіндегі жалпы кедергіні түзуде олардың үлесі аз. Кейбір веналар
анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты қойма (депо) рөлін атқарады
(мысалы, бауыр мен тері веналары).
Төте (шунттық) тамырларға капиллярларға жетпей артерия мен вена
тамырларын жалғастыратын анастомоздар жатады. Бұл тамырлар жұмысқа
қосылғанда капиллярлар арқылы өтетін қан мөлшері күрт төмендейді, не
мүлдем тоқтайды, веналар арнасында қысым жоғарылап, қанның венамен
жылжу жылдамдығы артады.
Денеде қанды таратуда, тамырлар жүйесіндегі қысымды қалыптастыруда
магистральдық жəне кедергілік тамырлар маңызды рөл атқарады (30-сурет).
Ал ұсақ артериялар, артериолалар, метартериолалар, капиллярлар,
венулалар, ұсақ веналар мен төте тамырлар микроайналымдық арна деп
аталады. Микроайналымдық арнаға лимфа капиллярларын да жатқызуға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: