Жануар физол



Pdf көрінісі
бет88/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

хеморецепторлар, да болады. Олар тамыр сыртында, қолқа жəне күре тамыр 

түйіндерінде  орналасқан.  Күре  тамыр  түйіні  (glomus  саrоtіcum)  күре 

тамырдың ішкі жəне сыртқы артерияларға тармақталған жерінде орналасқан 

(47-сурет).  Түйінде  көптеген  тамыр  тораптары  болады,  сондықтан  қан 

құрамындағы  кейбір  заттар  капиллярлар  қабырғасынан  сүзіліп  шығып, 

түйін  ұлпасындағы  сезімтал  жүйке  ұштарын  тітіркендіреді.  Түйіндегі 

сезімтал  жүйке  ұштары  қанның  əрекетшіл  ортасының  ауытқуларына  өте 

сезімтал келеді. 

 



 

117


 

 

Қан құрамында оттегінің мөлшері жоғарылап, сутектік көрсеткіш сілтілік 



жаққа  ығысса,  рефлекс  түрінде  жүрек  жұмысы  баяулап,  қан  қысымы 

төмендейді.  Қанда  көмір  қышқыл  газының  мөлшері  жоғарылап,  сутектік 

көрсеткіш  қышқылдық  жақа  ығысса,  жүрек  жұмысы  жиілеп,  қан  қысымы 

жоғарылайды. 

Қолқа  түйініндегі  рецепторлардың  жұмысы  да  дəл  осы  принциппен 

атқарылады.  Демек,  барорецепторлардың  тітіркенуінен  басталатын 

рефлекстер  қан  қысымының  тұрақтылығын,  ал  хеморецепторлардан 

басталған  рефлекстер  -  қанның  газдық  құрамының  тұрақтылығын  сақтауға 

бағытталған. 

Қан  қысымы  рефлекс  түрінде  өкпе,  көкбауыр,  ішек  тамырларындағы 

сезімтал  жүйке  ұштары  тітіркенгенде  де  өзгереді.  Өкпе  тамырларында 

рефлекстік  аймақ  болатынын  алғаш  рет  А.  Тальянцев  (1883,  1892  ж) 

дəлелдеген.  Ол  арнаулы  тəжірибелерде  кезеген  жүйкенің  өкпеге  баратын 

тармағын  тітіркендіргенде  қолқада  қан  қысымы  төмендейтінін  байқаған. 

Кейінірек  (академик  ×ерниговский)  көкбауыр,  бүйрек,  бүйрек  үсті  безі, 

сүйек кемігі тамырларында хеморецепторлардың болатыны анықталды. Бұл 

хеморецепторлар тітіркенгенде қан қысымы жоғарылайды. 

 

46-ñóðåт.

Ãåéì-íñ 

т

¸æiðèáåñiíi» ñõåì-ñû: 



1-1- èттi» îºø-óë-í¹-í ê¾ðå 

т

-ìûð -éì-¹û (2) II — èттi» 



º-í 

-éí-ëûì 


æ¾éåñiìåí 

á-éë-íûñтûð-тûí 

т

¾тiêøåëåð; 



3-ñ-í 

-ðтåðèÿñûí- 

ºîéûëûï, 

ì-ðåé 


ê-ïñóë-ñûìåí 

(4) 


æ-ë¹-ñтûðûë¹-í  ê-íþëÿ;  5 

-  II  èттi»  º-í  ºûñûìûí 

áåéíåëåéтií  ñûçûº  (í½ñº-ì- 

—  º-í  ºûñûìûí  ê¼тåðåтií 

т

iтiðêåíäiðãiø 



¸ñåð 

åтêåí 


ìåçãië);  â  -  I  -  èттå  º-í 

ºûñûìûíû» 

т

¼ìåíäåãåíií 



áåéíåëåéтií ñûçûº 

 



 

118


 

 

Олардың  арқасында  қан  тамырлары  жүйке  орталықтарына  тек  тамырдағы 



қысым жайында ғана мағлұмат жіберіп қоймай, өз қабырғасының бірыңғай 

салалы  еттерінің  күйін  де  хабарлап  отырады.  Толым  рецепторлары 

магистральдық  тамырлармен  қанның  дұрыс  тарауында

 

маңызды  рөл 



атқарады.  Зерттеулерге  қарағанда  барорецепторлар  тамырдың  ет 

талшықтары  аз  жерлерінде,  ал  толым  рецепторлар  –  тамыр  қабығының 

ортаңғы қабатында орналасқан. 

Осындай  орталыққа  тепкіш  (афференттік)  бөлігі  жүрек  пен  қан 

тамырларынан  басталып,  орталықтан  тепкіш  (эфференттік)  бөлігі  сол 

органдарда аяқталатын доға арқылы атқарылатын рефлекстерді қан айналым 

жүйесінің  меншікті  рефлекстері  деп  атайды.  Бұл  рефлекстер  қан  айналым 

жүйесі органдары қызметінің өзара үйлесімін, олардың қызметінің өздігінен 

реттелуін, қан қысымының бір деңгейде сақталуын қамтамасыз етеді. 

Жүрек–тамыр  рефлекстері  дененің  кез  келген  бөлігінде  орналасқан 

сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргенде де байқалады. Мысалы, ауырсыну 

түйсігінің  əсерінен  қан  тамырлары  тарылып,  қан  қысымы  жоғарылайды. 

Салқын  ауа  да  қан  тамырын  тарылтып,  қысымды  көтереді.  Көру,  есту,  иіс 

анализаторларының  рецепторларына  тітіркендіргішпен  əсер  етсе,  тамырлар 

тарылып,  жүректің  соғуы  жиілейді.  Жылылықтың  əсерінен  терідегі  қан 

тамырлары  кеңейіп,  ішкі  органдар  тамырлары  тарылады.  Осындай  əр  түрлі 

рецепторлардың  тітіркенуінен  туындайтын  тамыр  реакцияларын  тамырдың 

ұштасқан рефлекстері деп атайды. Бұл рефлекстер қан айналым жүйесінің 

жұмысын  белгілі  бір  жағдайларға  бейімдеп,  органдардың  организмнің 

физиологиялық күйіне қарай қанмен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. 

Тері  мен  басқа  органдардың  тітіркенуінен  басталатын  жүрек  пен  тамыр 

рефлекстерінің  көпшілігі  аралық  мидың  түбір  асты  аймағындағы 

47-ñóðåт

.

 



ʾðå т-ìûð æ¸íå ºîëº- 

ðåôëåêñîãåíäiê -éì-ºт-ðû: 

1  -  ºîëº-;  2  —  ê¾ðå  т-ìûð;  3  — 

ê¾ðå  т-ìûð  ºîéí-óû;  4  -  Ãåðèíã 

æ¾éêåñi; 5 — ê¾ðå т-ìûð т¾éiíi; 7 - 

êåçåãåí æ¾éêå; 8 — тië-æ½тºûíø-º 

æ¾éêå;  9-  ê¾ðå  т-ìûðäû»  iøêi 

т

-ðì-¹û 



 

²-í 


т

-ìûðë-ðûíä- 

á-ðî— 

æ¸íå  õåìîðåöåïтîðë-ðìåí  º-т-ð 



т

-ìûð  º-áûð¹-ñûíû»  åттi  º-áû¹û 

т

îíóñû 


íû» 

¼çãåðiñтåðií 

º-áûëä-éтûí  æ¾éêå  ½øт-ðû  — 

тîëûì 

ðåöåïтîð 

ëаðû 

(âîëþìðåöåïтîðëаð)

 ä- áîë-äû.




 

119


(гипоталамус)  жүйке  орталықтарының  қатысуымен  атқарылады.  Əрине  бұл 

орталықтар əсері сопақша ми мен жұлын арқылы жүзеге асырылады. 

Орталыққа тепкіш жүйкелер арқылы рецепторлардан келетін импульстер 

бірден  жүрек  пен  тамыр  жұмысын  реттейтін  орталықтардың  эфференттік 

торшаларына  бағытталмайды.  Алдымен  олар  торлы  құрылымның 

(ретикулярлық  формацияның)  аралық  нейрондарына  жетеді  де,  олардың 

функционалдық  күйін  (қозғыштығын,  лабильділігін  т.б.),  онда  туындайтын 

импульстердің  күші  мен  жиілігін  өзгертеді.  Орталыққа  келген  импульстер 

легі  əлсіз  болса,  аралық  нейрондардың  лабильділігі  жоғарылайды,  ал 

күшейсе – керісінше, төмендейді. Бұл нейрондарға əсер тым күшейіп кетсе, 

парабиоздық  тежелу  туындап,  олар  эфференттік  торшаларға  импульс 

жіберуді  тоқтатады.  Демек,  жүйке  орталығының  функционалдық  күйімен, 

ондағы парабиоздық  процестің  сатысымен байланысты,  жүрек пен  тамырға 

импульс жіберетін нейрондардың қызметі, осыдан рефлекс сипаты, өзгереді.  

Организмнің  кез  келген  рефлекстік  реакциялары  (қимыл  əрекет, 

қоректену  т.с.с.)  жүрек  пен  қан  тамырлары  қызметіне  əсер  етеді.  Қан 

айналым жүйесінің қызметіне шартты рефлекстер оңай қалыптасады. Жарыс 

алдында  бəйгі  аттар  жүрегі  жұмысының  жиілеуі  қалыптасқан  шартты 

рефлекс  айғағы.  Демек,  жүрек  жұмысын  үлкен  ми  жарты  шарларында 

орналасқан орталықтар да реттейді. Үлкен ми сыңарлары қыртысында жүрек 

жұмысына  əсер  ететін  орталықтың  болатынын  орыс  физиологы 

В.Я.Данилевский  1874  жылы  тəжірибе  жүзінде  дəлелдеген,  ал  1886  жылы 

В.М.  Бехтерев  пен  Н.А.Миславский  мидың  бұл  бөлігінде  қан  қысымын 

реттейтін орталықтың да болатынын анықтаған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет