аталатын құрал арқылы жазады. Ол үшін мүшені ішінде су немесе ауа бар
120
Жеке органдардың қанмен жабдықталу деңгейі капиллярлардың ашылып-
жабылуына байланысты өзгереді. А.Крог зерттеулері бойынша тыныштық
жағдайда бұлшық ет капиллярларының көпшілігі жабылып қалады да, оның
сиымдылығы жалпы мүмкіндігінің тек 0,02 пайызына
ғана тең болады. Осы
ғалым бақа етінің 1 мм
2
аумағында орналасқан 400 капиллярдың жұмыс
кезінде 325-і, ал тыныштық жағдайда тек қана 10-20-сы ашық болатынын
байқаған; теңіз тышқанының бұлшық етінің 1 мм
2
-дегі
4000 капиллярлардан
жұмыс кезінде 2500, ал тыныштықта - 30-270-і ғана ашық болған.
Тыныштықтағы бақа етінің капиллярларының арасы 200-800 мкм болса,
жұмыс кезінде ол 30-50 мкм дейін кемиді, демек əр капиллярдың қамтитын
ауданы 100-400 мкм-ден 15-25 мкм дейін азаяды. Айта кетер жайт,
тыныштық жағдайында капилллярлар əрекетке белгілі бір ретпен қосылып
отырады: ашық капиллярлар бірінен соң бірі жабылып, іске басқа
капиллярлар тартылады. Осының арқасында ұлпаларға қоректік заттар
қажетті ғана мөлшерде жеткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: