Көк бауырдағы қан айналымы. Көк бауырда артериялар капиллярларға
тарамдалмайды, тамыр ұшы кеңейе келіп тұйықтала бітеді. Осы тұйық
“қапшықтың” қабырғасындағы тесіктер арқылы қан тікелей көкбауырдың
жұмсақ ұлпасына құйылады. Одан əрі қан тағы да қабырғасында тесіктері
бар вена синусына өтеді де, вена тамырларына қарай ағады. Құрылысының
осындай ерекшеліктерімен байланысты көк бауыр қанды губка тəрізді
сіңіріп, оның жалпы мөлшерінің 16 пайызын сыйдыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |