оттегі, 40 көлем пайыз көмір қышқыл газы, бір көлем пайыз азот болады.
144
Бұл реакциялардағы оттегінің гемоглобинмен қосылуы тотығу процесіне
жатпайды, себебі реакция кезінде темір атомы электрон жоғалтпайды, темір
екі валентті күйінде қалады. Сол себепті бұл процесс тотығу (оксидация)
емес, оттегімен қанығу (оксигенация) деп аталады.
Гемоглобиннің оттегімен қосылғыштық қасиеті түлік түріне, малдың
жасына, қан құрамындағы тұздардың, көмір қышқыл газының мөлшеріне,
рН деңгейіне байланысты. Қалыпты жағдайда 1 г гемоглобин 1,34 мл
оттегіні қосып алады. Қанның 100 мл-і сіңіретін оттегінің мөлшерін қанның
оттегілік сиымдылығы деп атайды. Егер қан құрамында 15,0 пайыз
гемоглобин болса, онда оның оттегілік сиымдылығы 15 х 1,34 + 0,3=20,4 мл,
немесе 20,4 көлем пайызға тең. Қан құрамында гемоглобин неғұрлым көп
болса, оның оттегілік сиымдылығы соғұрлым жоғары болады.
Қанның оттегімен қанығу дəрежесі оттегінің үлес қысымына (Ро
2
)
тəуелді. Мысалы, вена қанында Ро
2
с.б. 40 мм тең болса, оның оттегімен
қанығу дəрежесі 75 пайыз ғана. Оттегінің үлес қысымына байланысты
қанның оттегімен қанығуын бейнелейтін сызықты оксигемоглобиннің
диссоциациялану сызығы деп атайды. Бұл сызық S əрпі пішінді келеді (57-
сурет). Оттегінің үлес қысымы төмен болса, оксигемоглобин баяу жəне аз
мөлшерде түзіледі. Қысым с.б. 10 мм-ге жеткенде гемоглобиннің 55 пайызы,
ал 62 мм-ге жеткенде - 90 пайызы оксигемоглобинге айналады. Оттегінің
үлес қысымы с.б. 100 мм болғанда қандағы гемоглобиннің 96 пайызы
оксигемоглобинге айналады.
Достарыңызбен бөлісу: