56-сурет. Өкпедегі газ алмасу принципі
Оттегінің үлес қысымының айырмасы с.б. 1 мм болғанның өзінде сиыр
қанына минутына 100-200 мл оттегі өтеді. Демек, үлес қысымның 60 мм
деңгейіндегі айырмасы тек қана тыныштық жағдайында ғана емес, ауыр
жұмыс атқарғанда да организмді оттегімен қамтамасыз етуге жетерлік
көрсеткіш.
Көмір қышқыл газының қан мен альвеоладағы үлес қысымының айырмасы
айтарлықтай үлкен емес (46–40 = 6 мм). Бірақ көмір қышқыл газының өкпе
ұлпасының мембранасындағы (өкпе тосқауылындағы) ерігіштігі оттегімен
салыстырғанда 20 есе артық, сондықтан ол қаннан көп кедергісіз-ақ шығып
кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |