151
Өкпе ұлпасынан тыныс орталығына рефлекстік əсер болатынын 1868
жылы Э.Геринг пен И.Брейер дəлелдеді. Кезеген жүйке өкпеде екі түрлі
механорецепторлар түзеді. Олардың бірі өкпе ұлпасы керілгенде, екінші – ол
солғанда тітіркенеді. Дем алу кезеңінде өкпедегі механорецепторлар қозу
толқынын кезеген жүйке талшықтары арқылы тыныс орталығындағы
экспирация лық нейрондарға бағыттайды да, инспираторлардың əрекеті
тоқтап, дем шығару кезеңі басталады. Ал дем шығарған кезде механорецеп-
торлардың екінші түрі тітіркеніп, қозу толқыны инспирациялық нейрондарға
бағытталады.
Дем
алдыратын
орталықтың
қозуына
байланысты
инспираторлар жиырылып, дем алынады. Сонымен, дем алу рефлекстік
жолмен дем шығаруды, ал дем шығару – дем алуды тудырады да, тыныс алу
процесі өздігінен реттеліп отырады. Демек, тыныс орталығының қызметі
қайтарымды рефлекс принципінде атқарылады (62-сурет).
62-сурет. Дем алу жəне дем шығару процестеріне жүйкенің əсері:
1-
пневмограмма; 2- альвеолалар саңлауының өзгерістері; 3- кезеген
жүйкенің орталыққа тепкіш талшығынан жазылған импульстер жиілігі; 4-
тыныс шығару орталығының
тыныс алу орталығына тежеуші əсері; 5- тыныс
алу орталығынан тыныс еттеріне импульстің жіберілуі
Өкпеге келетін кезеген жүйкелерді қиып тастаса тыныс алу процесі
тоқтамайды, бірақ тереңдеп, сирей түседі (63-сурет). Оның себебі тыныс
орталығына өкпенің механорецепторларынан қозу толқыны келмей қалады.
Мойынның екі жағында орналансқан симпатикалық жүйке талшықтарын
152
тітіркендіргенде тыныс жиілейді. Осыған байланысты түрлі эмоция,
қызбалану, шағылыстыру процесі тыныс ырғағын өзгертетін факторлар
болып табылады.
Тынысты рефлекстік жолмен реттеуде күре тамыр мен қолқаның
рефлекстік аймақтарындағы хеморецепторлардың да маңызы зор. Гейманс
деректеріне қарағанда, бұл аймақтардың хеморецепторлары көмір қышқыл
газының артық мөлшерінің əсерінен, немесе оттегінің үлес қысымының
төмендеп кетуінің салдарынан қозса, тыныс жиілейді.
Достарыңызбен бөлісу: