1 2 3
Тынысты рефлектік жолмен реттеуге қабырғааралық еттер мен көкеттің
механорецепторлары да қатысады. Бұл еттердің сезімтал жүйкелерін
тітіркендіргенде тыныс алу орталығының қызметі тежеліп, дем шығару
орталығы қозады. Тыныс ырғағы ауырсыну түйсігінің, салқындықтың,
жылылықтың əсерінен де өзгеріп отырады. Тыныс орталығының тонусын
сақтауда мұрын қуысынан үштармақ жүйке арқылы келетін қозу
толқындарының да маңызы зор.
Тыныс орталығының негізгі гуморальды реттеушісі - көмір қышқыл газы.
Қан құрамында СО
2
көбейсе, орталықтың қызметі күшейіп, тыныс тереңдеп,
жиілейді. Керісінше СО
2
азайса - тыныс сирейді, кей жағдайда аз уақытқа
тоқтап та қалады (апноэ).
Тынысты реттеуде қанның газдық құрамының маңызын Л. Фредерик
айқас қан айналым жасаған тəжірибесімен дəлелдеген. Бұл тəжрибеде
арнаулы операция арқылы екі иттің күре тамырлары мен ойыс веналарын
айқастырылып жалғастырылады. Оның нəтижесінде бірінші иттің денесінен
қан екінші иттің басына, ал екінші иттің денесінен – бірінші иттің басына
баратын болады (64-сурет). Егер бірінші иттің кеңірдегін қысып, оны
тұншықтырса (асфиксия), екінші иттің тынысы жиілейді, ол ентіге бастайды
(диспноэ). Оның себебі, тұншықтырудың əсерінен бірінші иттің қанында СО
2
көбейіп (гиперкапния), оттегі азаяды (гипоксемия). Осындай құрамды қан
екінші иттің тыныс орталығына əсер етеді де, оның тынысы жиілейді,
өкпенің желдетілуі күшейеді. Демек, екінші иттің қанында оттегі көбейіп,
көмір
қышқыл
газы
азаяды.
Бұл
қан
бірінші
иттің
басын
қоректендіретіндіктен, оның тыныс орталығының қозғыштығы төмендеп,
тыныс сирейді, немесе тоқтайды (апноэ). Сонымен оттегінің жетіспеуі жəне
көмір қышқыл газының қанда жиналуы тыныс орталығын қоздыратын
63-ñóðåт.
Достарыңызбен бөлісу: |