азық жентегі өңеш шанағына өтеді де (77-сурет), одан əрі өңеш бойымен
181
Өңештің мойын бөлігіне азық жентегі өте баяу өтеді. Оған өңештің
бойлама жəне ішкі сақина қабатты еттерінің толқынды жиырылуы себеп
болады. Өңеш еттерінің жиырылу күшіне қарай жұтылған азық жентегі
пішінсізденіп (деформацияланып), оның кеуде бөлігіне қарай баяу жылжиды.
Қарынға өтер алдында жұтылған азық бөлігі келесі үлеспен (порциямен)
қосылғанға дейін аздап аялдайды. Одан əрі өңештің бірыңғай салалы
еттерінің күшті жиырылуының салдарынан онда жинақталған азық
жентегінің бір бөлігі қарынға сығылып түседі де, ал қалған бөлігі өңештің
кеуде бөлігіне қарай кері ығысады. Азықтың келесі порциясы жұтылғанда
жоғарыда айтылған жағдайлар тағы қайталанады. Жұтылған азық үлесінің
өңештің кеуде бөлігінде аялдауы қарынның тоқтығына байланысты
болғанымен, ол аш қарын жағдайында да байқалады.
Жұтылатын азық үлесінің мөлшері əр түрлі болады. Кіші порциялар
өңеште көбірек аялдайды да, үлкендері тезірек өтеді. Орта есеппен жұтылған
азық порциясы өңештен сиырда - 11,7, жылқыда - 8-12, шошқада - 2,5-3, итте
4-7 секунд ішінде өтеді. Жұтылатын жентектің саны малдың тəбетіне
байланысты. Орташа тəбетті жағдайда жылқы 1,5 минутта 10-14 жентек
жұтса, тəбеті жақсы кезде салмағы 20-100 грамм шамасындағы 30 жентекке
дейін жұта алады.
Жұтылған сұйық өңеш еттерінің көмегінсіз-ақ оның кеуде бөлігіне келіп
түседі. Одан əрі сұйық өңештің бірыңғай салалы еттерінің жиырылуы
арқылы жылжиды. Тек аз мөлшерде жəне жекелеп жұтылған сұйық қарынға
өтпес бұрын өңештің кеуде бөлігінде аз ғана аялдайды, ал сұйықты көп
мөлшерде ішкен жағдайда ол қарынға үздіксіз сорғалап құйылады. Жұтылған
сұйық өңештен 1,5-3 секунд ішінде өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: