азыққа көшумен байланысты қалыптасады. Бұзауларда ол 5-6, ал қозы мен
сілекей бөлетін бездерге ауыз қуысындағы кейбір майда бездер - төменгі
180
жəне хеморецепторларын тітіркендірсе, сілекей бөлу күшейеді. Қалыпты
жағдайда сілекей бөлу орталығының тонусы мес қарынның керілуіне,
жынның механикалық əсеріне, ашу процесі кезінде бөлінген ұшпалы май
қышқылдарының (ҰМҚ) қарынның кілегей қабығындағы сезімтал жүйке
ұштарын тітіркендіруіне байланысты қалыптасады. Сілекей бөлу қарқыны
жынның қоюлығына (консистенциясына), қарынның толу деңгейіне, ондағы
ашу процесінің күшіне, сутектік көрсеткіш ауытқуларына байланысты
өзгеріп отырады. Қарыннан сілекей бөлу орталығына қозу толқындары
кезеген жүйкенің сезімтал талшықтары арқылы беріледі. Кезеген жүйкені
қиып тастағанда сілекей бөлу азаяды.
Шошқаларда сілекей тек азық қабылдаған кезде ғана бөлінеді. Тəулігіне
сақа шошқалар 15 л сілекей бөледі. Шошқа сілекейінде көмірсуларды
ыдырататын ферменттер көбірек болады.
Егер сілекейдің жалпы мөлшерін 100 пайыз деп алсақ, соның 55 пайызын
шықшыт безі, 4 пайызын алқым безі, 36 пайызын ауыз қуысының майда
бездері бөледі екен. Алқым безі мен ауыз қуысының майда бездері сілтілік
реакциялы сірнелі (серозалы) сілекейді тоқтаусыз бөле береді. Бұғақ безі
муцинге бай шырышты секрет, ал шықшыт безі аралас секрет бөледі. Соңғы
екі без тек азық қабылдаған кезде ғана іске қосылады. Бөлінген сілекей
мөлшері азықтың ылғалдығына байланысты өзгереді (Е.3.Ткачев). Мысалы,
мегежін құрғақ құрама азық жегенде 10-12 л (əр кг азыққа 1,5-2,0 л), ал сол
азықты дымқыл күйінде жегенде-3-4 л ғана (əр кг азыққа - 0,5-0,6 л) сілекей
бөледі.
Сүтпен қоректеніп жүрген торайларда сілекейді аралас бездер көбірек
бөледі, сондықтан олардың сілекейінің тұтқырлығы жоғары келеді. Бұл
сілекей сүтпен араласа келіп қарында ірімтік түйірлердің пайда болуын
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: