18
бүйрек, бауыр т.б.), ұлпалардың (ет, жүйке) тіршілік ерекшеліктерін
зерттейді.
1.2. Физиология пəнінің басқа ғылымдарымен байланысы
Организмнің тіршілік əрекетін терең жəне жан-жақты ұғу үшін анатомия,
биохимия, биофизика, гистология, цитология пəндерін толық меңгеру қажет.
Организмнің құрылысын білмей, оның функцияларын түсіну мүмкін емес.
Сонымен қатар физиологиялық процестерді зерттеу үшін химия мен физика
заңдылықтарын білудің маңызы зор. Мысалы, организмнің тіршілік
əрекеттерін түсіндіру үшін физикалық жəне химиялық ұғымдар мен əдістер
(спектрофотометрия, радиоактивті изотоп, электр өлшеуіш аспаптары,
рентгенография, т.с.с.) кеңінен қолданылады. Соңғы жылдарда физиология
пəні үшін түрлі механизмдердегі басқару мен байланыстардың жалпы
принциптері туралы ғылым- кибернетиканың рөлі маңызды болып отыр.
Организмдегі əр түрлі процестердің арасындағы кейбір ішкі байланыстар мен
олардың өзара əсерлерін реттеудің жалпы принциптерін ашуда
математикалық модельдеу əдістері үлкен көмек беріп жүр.
Физиологиялық процестерді дұрыс ұғыну үшін эволюциялық ілім мен
эмбриологияны, жануарлар дүниесі дамуының жалпы заңдылықтарын игеру
қажет (1-схема). Осының арқасында физиологиялық зерттеулер тіршіліктің
ең қарапайым түрлерінен оның күрделірек түрлерге ауысуының жəне
организм қызметтерінің бірте-бірте күрделене дамуының себептерін ашады.
Достарыңызбен бөлісу: