1.3. Жануарлар физиологиясының маңызы
Жануарлар физиологиясы - үй хайуанаттарының тіршілік əрекеттері мен
олардың реттелу механизмдерін зерттейтін дербес физиологияның маңызды
салаларының бірі. Физиология пəндері қатарында бұл қолданбалы сала
болса, мал өсіру мен мал дəрігерлік кəсіптері үшін іргелі ғылым болып
табылады.
Жануарлар физиологиясының негізгі мақсаты - үй хайуанаттарының
тіршілік əрекеттерін зерттеп, олардың өнімділігін, өнімінің сапасын адамның
мұқтажына, талабына сəйкес арттыру. Демек, физиология - мал
шаруашылығының биологиялық негізі.
Физиология ғылымының жетістіктері мал дəрігерлік жəне мал өсіру
жұмыстарында кеңінен пайдаланылады. Əр түрлі аурулар салдарынан
организм функцияларындағы ауытқуларды тек қана физиологиялық
процестердің қалыпты параметрлерін жете білгенде ғана байқауға болады.
Демек, физиология патологиялық ауытқуларды, дертті күйді анықтауға
мүмкіндік береді.
Физиологиялық мағлұматтар негізінде малдың қоректік заттар мен
энергияға деген мұқтаждығы анықталып, нормативтер белгіленеді; төл өсіру
19
мен малды күтіп-бағудың ғылыми негіздері ұсынылады; мал өсірудің тиімді
жолдары анықталып (қолдан ұрықтандыру, шарананы көшіру т.б.),
практикада əр түрлі техниканы қолдануға жол ашылады (мысалы, сауу
қондырғылары); малды үйрету, машықтандыру негіздері анықталады;
малдың жұқпайтын ауруларының себептері айқындалып, малдың өсуін
жеделдететін түрлі биологиялық белсенді заттар – дəрмендəрілер
(витаминдер), гормондар, ұлпалық қуаттандырғыш заттар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |